Хабарландырулар

shape
shape

Клиникалық медицина саласындағы Big Data және жасанды интеллект (AI) зертханасы

  • Басты бет
  • Клиникалық медицина саласындағы Big Data және жасанды интеллект (AI) зертханасы

Клиникалық медицина саласындағы BigDataжәне жасанды интеллект (AI) зертханасы

Мақсаты:

Клиникалық деректердің үлкен көлемін (Big Data) талдау және жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы ауруларды ерте диагностикалау, клиникалық шешім қабылдау сапасын арттыру және медициналық көмекті жекелендіруді дамыту, сонымен қатар үлкен көлемдегі ғылыми деректер қорымен жұмыс жасап, статистикалық өңдеулер жүргізу үшін оңтайландыру.

Міндеттері:

  • Электрондық медициналық жазбалар, бейнелеу деректері, лабораториялық көрсеткіштер және геномдық ақпарат негізінде деректер қорын қалыптастыру және басқару;
  • Машиналық оқыту және терең оқыту алгоритмдерін қолдана отырып, ауруларды болжау және диагностикалық модельдер әзірлеу;
  • Клиникалық шешімді қолдау жүйелерін (Clinical Decision Support Systems) құру және жетілдіру;
  • Медициналық бейнелерді (МРТ, КТ, рентген, УДЗ) автоматтандырылған талдау әдістерін дамыту;
  • Аурулардың қауіп факторларын, ағымын және ем нәтижелерін модельдеу;
  • Персоналдандырылған медицина мен дәл медицина (precision medicine) қағидаттарын іске асыруға үлес қосу;
  • Медициналық деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ету;
  • Денсаулық сақтау саласына инновациялық цифрлық технологияларды енгізу;

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жас мамандарды Big Data мен AI технологиялары бойынша даярлау.