Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

«ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӘНЕ ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МЕН БІЛІМ БЕРУ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

Университетімізде «Жасанды интеллект және қолданбалы зерттеулер: денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы жаңа мүмкіндіктер» атты семинар-тренинг басталды.

Айтулы іс-шараға оқытушы-профессорлар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен жас ғалымдар, сондай-ақ әкімшілік қызметкерлер қатысып жатыр.

Оқу ордамызда Академиялық үстемдік орталығын құру бойынша Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2024-2026 жж. арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында – «Оңтүстік Қазақстан өңірін тұрақты дамыту үшін инновациялық технологияларды әзірлеу және заманауи инфрақұрылым құру» жобасы жүзеге асырылуда. Осы орайда ұйымдастырылған семинар-тренинг денсаулық сақтау, биотехнология, экология, білім беру және басқа әлеуметтік ғылымдардағы зерттеу әдістер мен жасанды интеллект салаларындағы заманауи бағыттарды қамтиды. 

Басты мақсат – заманауи технологияларды тиімді қолдана отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру, оқытушылардың және қызметкерлердің цифрлық құзыреттерін арттыру. Сондай-ақ, салааралық инновацияны дамыту, денсаулық сақтау, биотехнология, экология, білім беру және басқа әлеуметтік ғылымдарда тәжірибе және білім алмасу үшін кәсіби алаң құру.

Жиын модераторы – Ғылым және стратегиялық даму вице-ректоры Айнаш Ошибаева болды. 

Іс-шараны ашып беру үшін сөз бастаған ректор өкілі м.а Нажи Генч:

«Жоғары оқу орындарында бүгінгідей іс-шаралар мен ғылыми жобалардың маңызы зор. Сондықтан, семинар-тренингті ұйымдастырған әріптестеріміз бен қатысушыларға алғыс білдіремін!

Қазіргі таңда «Жасанды интеллект» тақырыбы көптің қызу талқысына айналды. Әсіресе, жасанды интеллект адамзатты неге әкеледі?-деген сұрақ баршаны алаңдатады. Жасанды интеллект – ғылым адамдары үшін аса маңызды. Оны зерттеу алаңдары мен ғылыми жұмыстарында пайдаланады. Жасанды интеллектті дұрыс пайдалану, адамзаттың игілігіне жарату өз қолымызда. Осыны ұмытпағанымыз жөн»,-деді.

Ашылу салтанаты секциялық отырысқа ұласты. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетнің  Денсаулық ғылыми-зерттеу институтының директоры, PhD, профессор Наталья Глушкова Биомедицинадағы зерттеу дизайндарына шолу жасады.

Сонымен қатар, Эпидемиологиялық зерттеу дизайнын әзірлеу, Көлденең зерттеу дизайнын әзірлеу сынды маңызды тақырыптарды көтерді.

Семинарда: Биомедицина мен денсаулық сақтаудағы қолданбалы зерттеулер, Халықаралық индекстелетін журналдар үшін мақала жазу техникалары, Зерттеулерде және денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектіні қолдану, Білім беру мен әлеуметтік ғылымдарда жасанды интеллектіні қолдану бойынша 4-секция жұмыс істейді.

Айта кетейік, семинар-тренинг 17-сәуірге дейін жалғасады.