Шетелдік азаматтар үшін
Шетелдік азаматтарды ақылы негізде білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау күнтізбелік жыл ішінде білім беру ұйымының қабылдау комиссиялары өткізетін түсу емтиханы нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Резидентураға түсу емтиханы үшін ең жоғары балл – 100 балл.
Резидентураға түсу емтиханы үшін ең жоғары балл – 100 балл. Түсу емтиханының 100 балы интернатурада оқу кезеңі үшін GPA балының 40%-ы, тестілеу емтиханының 60%-ын құрайды.
Тестілеу емтиханы алдыңғы білім беру бағдарламасының көлемінде өткізіледі.
Тест ҚР МСЕ-2019 бойынша интернатураның үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес «Жалпы дәрігерлік практика» мамандығы бойынша оқу материалын қамтиды.
Тест сұрақтарының саны – 100. Тестілеуді тапсыру уақыты 150 минутты құрайды.
Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 10 (он) күн қалғанға дейін жүзеге асырылады.
7.14. Резидентура бағдарламасына түсуші шетелдік азаматтар төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырады:
1) университет басшысының атына еркін түрде өтінішті;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесі;
4) паспорт көшірмесі;
5) 3×4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;
6) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;
7) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда):
8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).
Талапкер күнтізбесі
| 03.07 – 25.07.2025 ж | Құжаттарды қабылдау |
| 08.08 – 16.08.2025ж | Түсу емтиханын қабылдау |
| 28.08.2025 ж | Талапкерлерді оқуға қабылдау бұйрығын шығару |
Қабылдау комиссиясымен байланыс
Аты-жөні: Көпбайқызы Меруерт
Қызметі: Резидентура бойынша құжаттарды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты
Байланыс телефоны: +77759066398
№ | БББ атауы | Ескерту |
«Жалпы дәрігерлік тәжірибе» бойынша бағдарламалық сұрақтар тізімі | ||
| 1 | R001 Кардиология ересектердің, балалардың | |
| 2 | R003 Аллергология ересектердің, балалардың | |
| 3 | R004 Гастроэнтерология ересектердің, балалардың | |
| 4 | R007 Пульмонология ересектердің, балалардың | |
| 5 | R008 Эндокринология ересектердің, балалардың | |
| 6 | R011 Жұқпалы аурулар ересектердің, балалардың | |
| 7 | R012 Дерматовенерология ересектердің, балалардың | |
| 8 | R013 Психиатрия ересектердің, балалардың | |
| 9 | R014 Радиология | |
| 10 | R017 Анестезиология және реаниматология ересектердің, балалардың | |
| 11 | R018 Кардиохирургия ересектердің, балалардың | |
| 12 | R019 Ангиохирургия ересектердің, балалардың | |
| 13 | R020 Нейрохирургия ересектердің, балалардың | |
| 14 | R021 Жақ сүйек-бет хирургиясы ересектердің, балалардың | |
| 15 | R023 Балалар хирургиясы | |
| 16 | R024 Онкология ересектердің | |
| 17 | R025 Травматология, ортопедиа ересектердің, балалардың | |
| 18 | R026 Урология ересектердің, балалардың | |
| 19 | R027 Офтальмология ересектердің, балалардың | |
| 20 | R028 Оториноларингология ересектердің, балалардың | |
| 21 | R030 Педиатрия | |
| 22 | R031 Неонатология | |
| 23 | R032 Акушерия және гинекология ересектердің, балалардың | |
| 24 | R036 Жалпы хирургия | |
| 25 | R037 Неврология ересектердің, балалардың | |
| 26 | R002 Ревматология ересектердің, балалардың | |
| 27 | R039 Терапия | |
| 28 | R040 Физикалық медицина және реабилитация ересектердің, балалардың | |
| 29 | R042 Клиникалық фармакология | |
| 30 | R043 Терапиялық стоматология | |
| 31 | R050 Патологиялық анатомия | |
| 32 | R022 Пластикалық хирургия ересектердің балдардың |
Қажетті құжаттар
Қажетті құжаттар тізімі:
1) университет басшысының атына еркін түрде өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа), бакалавр, интернатура 3 тілді қосымшамен;
3) медициналық білім беру бағдарламалары бойынша "дәрігер"(маман сертификаты) біліктілігінің бар екендігін көрсететін құжат;
4) интернатураны бітіргені туралы куәлік(түпнұсқа);
5) жеке басын куәландыратын құжат(удостоверение) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;
6) 3x4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;
7) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама(флюорография міндетті);
8) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
9) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда
10) қорытынды мемлекеттік аттестация нәтижесі.
Резидентураға түсушілердің жиынтық нәтижесі