Хабарландырулар

shape
shape

Педагогтік қайта даярлау курсы

Педагогтік қайта даярлау курстары жүргізілетін кадрлардың дайындық бағытының тізім

шифр

Дайындық бағыты қазақ тілінде

Жалпы академиялық кредит саны

Оқу кезеңі (аймен)

Оқу төлем ақысы

(теңге)

16B011Педагогика және психология606 ай350 000
26B012Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы606 ай350 000
36B013Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау606 ай350 000
46B014Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау606 ай350 000
56B015Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау606 ай350 000
66B016Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау606 ай350 000
76B017Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау606 ай350 000

Құжат қабылдау мерзімі:

01.07.2025-25.08.2025 жж.

Қажетті құжаттар

Курсқа түсуші адамдар ЖОО-ның қабылдау комиссиясына мынадай құжаттарды тапсырады:

      1) еркін нысанда ЖОО басшысының атына өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) білімі туралы құжаттың көшірмесі (Жоғары білім туралы құжат түп нұсқасын көрсете отырып);

      4) 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;

      5) 075 формасындағы медициналық анықтама(флюрографиямен бірге өткізіледі)

Байланыс

Қабылдау бөлімі: 3 ғимарат, 116 кабинет 

Тел:87054855196 Қарақат

Курс туралы мәлімет

«Педагогикалық қайта даярлау ережесін бекіту туралы» ҚР БҒМ 17.03.2020 жылғы №110 бұйрығына сәйкес Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 2024-2025 оқу жылынан бастап педагогикалық емес кәсіптік білімі бар, алғаш рет тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіби қызметіне кірісетін тұлғаларға арналған педагогтік қайта даярлау курстарын іске асыруды бастайды.

Аталған курстарды ұйымдастырудың мақсаты қазіргі заманғы педагогикалық, коммуникативтік, цифрлық құзыреттіліктерге, инклюзивті білім беру дағдыларына ие тұлғаларды, жоғарыда аталған тұлғаларды педагогтік қайта даярлау арқылы өңірде және республика бойынша педагог кадрлардың жетіспеушілігі проблемасын шешу болып табылады.

Университетте педагогтік қайта даярлаудың білім беру бағдарламасы әзірленді және енгізілді. 

Бұл педагогикалық білім берудің тізбектелген үлгісі әртүрлі қазақстандық жоғары оқу орындарының ынтымақтастығымен және халықаралық консультанттарды тарта отырып әзірленген, педагогтарды даярлауға арналған ұлттық білім беру бағдарламасы болып табылады.

Педагогикалық білім берудегі тізбектелген бағдарлама – белгілі бір пән бойынша ғылыми дәрежесі бар, бірақ білім беру мекемелерінде (мектептер, колледждер, лицейлер) өз пәні бойынша мұғалім біліктілігін алғысы келетін болашақ мұғалімдерді даярлауға арналған бағдарлама. 

Бағдарламаның жалпы құрылымы:

Модуль атауы және негізгі пәндер 

кредит

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚОЛДАУ 

17

Білім берудегі психология және өзара әрекеттесу мен коммуникация тұжырымдамалары4
Білім беру туралы ғылым және оқытудың негізгі теориялары3
Балалардың жас ерекшелік және физиологиялық даму ерекшеліктері3
Инклюзивті білім беру ортасы3
Оқытуды жоспарлау және оқытуды дербестендіру4

ОҚЫТУ ЖӘНЕ ҮЙРЕТУ ҮШІН БАҒАЛАУ

9

Оқыту әдістері мен технологиялары5
Бағалау және дамыту4

МҰҒАЛІМ - РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ ПРАКТИКА ИЕСІ

9

Педагогикалық зерттеулер4
Зерттеулер, даму және инновация5

МҰҒАЛІМ – ОҚУ ФАСИЛИТАТОРЫ (ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА)

25

Мұғалім кәсібіне кіріспе

4

Мұғалім оқытудың фасилитаторы және оқу ортасын әзірлеуші

21

Жалпы академиялық кредит саны

60