Хабарландырулар

shape
shape

Магистратура

 

 

01.06 – 08.07.2025 ж

28.10 – 10.11.2025 ж

Кешенді тестілеуге тіркелу
20.07 – 10.08.2025 жКешенді тест (КТ) тапсыру

28.08.2025 ж

26.12.2025 ж – 10.01.2026 ж

Талапкерлерді оқуға қабылдау бұйрығын шығару

 

 

 

Магистратура бағдарламасы бойынша шетелдік азаматтарды қабылдау

Шетел азаматтарын магистратураға қабылдау ақылы негізде қабылдау комиссиясының тестілеу емтиханы нәтижесімен қабылданады. Тестілеу емтиханы қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен емтихан бағдарламасы негізінде жүзеге асырылады.

Шетел азаматтарын қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезеңнің басталуына 10 (он) күн қалғанға дейін жүзеге асырылады.

Магистратура бағдарламасына түсуші шетелдік азаматтар төменде көрсетілген құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырады:

1) университет басшысының атына еркін түрде өтінішті;

2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);

3) паспорт көшірмесі;

4) 3×4 сантиметр өлшемдегі алты фотосурет;

5) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама;

6) шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (бар болған жағдайда):

7) еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);

8) ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар

  • университет басшысының атына еркін түрде өтінішті;
  • жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа);
  • жеке басын куәландыратын құжат;
  • 3×4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;
  • № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген электрондық форматта 075/е нысаны бойынша Медициналық анықтама;
  • шетел тілі бойынша тест тапсырғаны туралы сертификат (ағылшын, француз, неміс) (бар болған жағдайда):

Ағылшын тілі: IELTS (АЙЛТС), шекті балл – кемінде 6.0;

IELTS INDICATOR (АЙТЛС Индикатор), шекті балл – кемінде 6,0;

(TOEFL ITP (ТОЙФЛ АйТиПи), шекті балл – кемінде 543;

TOEFL IBT (ТОЙФЛ АЙБИТИ), шекті балл – кемінде 60;

TOEFL PBT (шекті балл – кемінде 498;

Неміс тілі: Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган) (DSH, NiveauC1/С1 деңгейі), TestDaF-Prufung (тестдаф-прюфун) (NiveauC1/С1 деңгейі);

Француз тілі: Test de Franзais International™ -Тест де франсэ Интернасиональ (TFI (ТФИ) – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес), Diplome d’Etudes en Langue franзaise – Диплом дэтюд ан Ланг франсэз (DELF (ДЭЛФ), B2 деңгейі), Diplome Approfondi de Langue franзaise – Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз (DALF (ДАЛФ), C1 деңгейі), Test de connaissance du franзais – Тест де коннэссанс дю франсэ (TCF (ТСФ) – кемінде 50 балл);

  • еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек стажы бар адамдар үшін);
  • ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (бар болған жағдайда).

Қабылдау комиссиясымен  байланыс

Аты-жөні : Шектибаев Нурдаулет Атенович

Қызметі: Магистратура  бойынша құжаттарды қабылдауды ұйымдастыруға жауапты

Байланыс телефоны: +77079040486