shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2020-2022 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары

AP08856398 - ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы: қыпшақтық фактордың лингвистикалық аспектілері

Конкурс атауы: 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру

Жобаның жалпы қаржысы: 55 660 967 теңге.

Жоба жетекшісі: ф.ғ.к., доцент Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы.

Идентификаторлар:

o       Scopus Author ID: 56127999200 

o       ORCID: 0000-0002-1950-8686

Тақырыптың өзектілігі: Түркітілдес халықтардың тарихи, мәдени және лингвистикалық мұраларының аса маңыздылығы лингвистикалық түркологияның жалпытеориялық мәселелерін салыстырмалы зерттеулердің осы кезге дейінгі жетістіктері аясында қайта қарап, түркі халықтарының тарихы мен мәдениетіне, түркі тілдерінің әрқайсысының тарихы мен тіліне қатысты қалыптасқан еуроцентристік көзқарастардан арылуды қажет етеді. ХХІ ғасырдағы түркітану ғылымының алдында тұрған осы айрықша міндет шеңберіне Жобада көзделетін қыпшақ текті түркілерінің әрқайсысының жеке дербес этнос ретінде қалыптасқанға дейінгі және онан кейінгі ауызекі сөйлеу тілдерінің; көне қыпшақ жазба жәдігерліктер тілдерінің; сондай-ақ ұлттық сипаттағы жаңа дәуір жазба әдеби тілдерінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылысын, сөз қазынасын

«тарих:тіл:мәдениет» ортақтығында зерттеудің біртұтас жүйесін қалыптастыру да енеді. Нәтижесінде ғылыми зерттеудің жаңа жүйесіне негізделген лингвистикалық қыпшақтанудың теориялық-концептуалдық тұғыры қаланып, қыпшақ салыстырмалы лексикологиясының пәндік негізі айқындалады. Бұл Жобаның теориялық тұрғыдағы жаңашылдығын көрсетеді.

Түркітану саласында ғасырға жуық уақыт үзіліп қалған түркі тілдері аралық көптілді сөздіктер түзу тәжірибесіндегі дәстүр жалғастығын жаңғыртып, қазіргі түркі тілдерінің сөз байлығын, әр тарихи кезеңдеріндегі күй-қалпын заманауи лексикографиялық көздерде фиксациялау - ХХІ ғасырдағы түркітану ғылымының алдында тұрған келелі міндеттердің бірі. Осы орайда Жоба шеңберінде құрастырылатын үштілді «Қазақша - қарақалпақша - башқұртша сөздіктің» (көлемі - 40,5 б.т.) аналогі кездеспейді. Қорыта айтқанда, ХХІғ. түркітану ғылымы алдында тұрған міндеттермен Жобада көзделетін мақсат-міндеттердің тікелей байланысы Жобаның жаңашылдығын және бәсекеге қабілеттілігін танытады. Қыпшақ факторының лингвистикалық аспектісін ХХІғ. түркі әлемі интеграциясының тетігі ретінде қарастыруға бағытталған Жобалар отандық және әлемдік ғылыми кеңістікте әзірге қолға алына қойған жоқ.

Тақырыптың мақсаты: ХХІ ғасырдағы түркі әлемі интеграциясының қыпшақтық факторын «тарих:тіл:мәдениет» тоғысында антропоөзектік парадигмада кешенді зерттеудің жаңа жүйесін қалыптастыру.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

Түркологиялық зерттеулердегі «Этнос тарихы және тіл тарихы» мәселесі зерделенді; қазіргі қыпшақ тілдеріндегі қыпшақтық фактордың белгілері анықталды; қазіргі қазақ, қарақалпақ, башқұрт тілдерінің тарихи негіздерінің түркі тілдерін классификациялау мәселесі мен байланысы айқындалды; ортағасыр түркі жазба мұраларының зерттелу тарихын зерделеп, заманауи проблемалары айқындалды.

Зерттеу нәтижелері негізінде қазіргі таңда Scopus базасындағы ғылыми журналда 1 мақала, шетелдік ғылыми басылымда 1 мақала, ҚР БҒМ БҒССҚК тізбесіндегі журналдарда 5 мақала жарық көрді. Қазақстан Республикасында шығарылатын ғылыми басылымдарда 2 мақала жарияланды. Жұмыс нәтижелері бойынша шетелдерде өткен халықаралық конференцияларды 4 баяндама, Қазақстан Республикасында өткен халықаралық конференцияларда 7 баяндама, республикалық конференцияда 2 баяндама жасалып, олар конференция материалдарының жинақтарында жарық көрді. Алдағы зерттеулерге байланысты жоспарланып отырған жарияланымдар бар.

Сонымен қатар, күнтізбелік жоспарға сәйкес 2021 жылдың 8-қазанда Түркістан қаласында «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» атты халықаралық on-line конференция ұйымдастырылып өткізіліп, оның материалдары жарық

көрді. Конференцияға Башқұртстан, Чувашстан, Азербайжан, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Түркия, Қазақстан ғалымдары қатысып, Көне кезеңдерден бастап қазіргі жекелеген қыпшақ тілдерінің проблемалары: Прақыпшақтардың этнолингвомәдени тарихының түйінді мәселелері, түркі өркениетінің әлемдік өресіндегі қыпшақ факторы, Қыпшақ және оғыз әлемінің тілдік жағдайы, бүгінгі қыпшақ тілдерінің лексикографиясы, көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің лексика-грамматикалық сабақтастығы мәселелері көтеріліп, жан- жақты талқыланды.

«Қазақ-қарақалпақ-башқұрт       тілдерінің       сөздігін»       құрастыру      жұмыстары жүргізілуде. Қыпшақ тілдері материалдары негізінде көптілді сөздіктер құрастыру тәжірибесіне          тарихи-лингвистикалық          сараптама           жасалынып,          қыпшақ лексикографиясындағы дәстүр жалғастығы жаңғыртылады. Соған сай қыпшақ тілдері аралық деңгейдегі үштілді «Қазақша - қарақалпақша - башқұртша сөздік» (көлемі 40,5 б.т.) құрастырылып, кітап және электронды сөздік түрінде оқырман назарына ұсынылады. Сөздікте қазақ тілінің ұлттық сипатын танытатын 25 000 бассөз және бассөздің лексика-грамматикалық, мағыналық-мазмұндық, тіркесімдік, қолданымдық әлеуетін ашып көрсететін 120 000-дай тілдік бірлік (жеке сөздің синонимдік қатары, сөз тіркестері,

фразеологизмдер, мақал-мәтелдер т.б.) қамтылады.

 

Зерттеу тобының мүшелері:

 

Аты-жөні

Scopus  Author ID

Researcher  ID

ORCID

Ескерту

1

Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы

56127999200

 

0000-0002-1950-

8686

 

2

Сағидолда Гүлғайша

57192314864

 

0000-0002-4811-

9743

 

3

Сарекенова Қарлығаш Құрманғалиқызы

57192306014

X-3481-2018

0000-0003-1383-

2247

 

4

Ескеева   Мағрипа Қайнарбайқызы

ID:57192307825

 

0000-0002-7647-

817Х

 

5

Абдукамалова Эльмира

 

 

0000-0002-3534-

9080

 

6

Суинжанова Жанар

 

 

 

 

7

Байымбетова Раушан

57204365206

 

0000-0002-

7060-3427

 

8

Балтабаева Алена Юлдашевна

57211611191

AAC-1602- 2019

0000-0003-3479-

1827

 

9

Қайратқызы Асем

 

 

0000-0002-2914-

7634

 

10

Шамуратова Айсанем

 

 

 

 

 

Күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстардың тізімі

  1. Жылқыбай Г.Қ., Абдукамалова Э. Септеулік шылаулардың армян жазулы ескерткіштердегі қолданысы // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршы–Вестник журналы. Филология ғылымдары сериясы  2020. 

№3 (73) http://sp.kaznpu.kz/docs/jurnal_file/file20201215055002.pdf

  1. Ескеева М.Қ. Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдеріндегі сын есім жұрнақтары // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2020. – №3 (117). – Б. 100–109. DOI prefix: 10.47526

3. Сагидолда Г., Жылқыбай Г.Қ. Түркі лексикографиясы: жетістіктері және алдағы міндеттері // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Хабаршы– Вестник журналы. Филология ғылымдары сериясы – 2020. – №3 (73). http://sp.kaznpu.kz/docs/jurnal_file/file20201215055002.pdf

  1. Түркі тілдерін зерттеу парадигмасы мен заманауи өзекті проблемалары // Glo.ballashuv davrida ozbek tilining mavqevi. Международная научно-теоретическая конференция. Нукусский государственный педагогический институт им. Ажиниязова. г. Нукус (Узбекстан). 20 октябрь 2020.
  2. Сарекенова Қ. Абай Құнанбайұлының мұрасындағы ғылым мен білімді игерудің мақсаты // Абай мұрасы: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағы.  Нұр-Сұлтан: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2020.  Б. 139-144.
  3. Сағидолда Г., Жылқыбай Г. Қазіргі түркі жазба тілдері лексикасының семантикалық табиғаты. // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2021. - №2., 56-66 б. DOI prefix: 10.47526
  4. Хисамитдинова Ф.Г., Жылқыбай Г. Народная терминология мифологизированных персонажей группы «мастера-профессионалы» в кыпчакских языках Урало-Поволжья (на материале башкирского языка). // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2021. - №2., 77-90 б. DOI prefix: 10.47526
  5. Sagidolda G. Türk ve Moğol Dillerinin Toponimik Sistemlerindeki Benzerlikler. // Bildiri özetleri «Uluslararasi Adbilim Sempozyumu». – Izmir (Turkiye), 2021, 22-24 april. – S. 16.
  6. Сагидолда Г., Кайраткызы А. Кипчакский фактор как один из механизмов интеграции тюркского мира. // Международная научная конференция «Актуальные проблемы исследования и преподавания тюркских языков и литератур». – Sumqayıt (Азербайджан), 20-21 мая 2021 г.
  7. Абдукамалова Э.С. Семантическая характеристика военной лексики тюркских языков. // Международная научная конференция «Актуальные проблемы исследования и преподавания тюркских языков и литератур». – Sumqayıt (Азербайджан), 20-21 мая 2021 г.
  8. Жылқыбай Г. М.Балақаев және тіл мәдениеті мәселелері. // «Балақаев оқулары VІІІ: Қазақ тіл білімінің аймақтық рухани қазынасы: рухани жаңғырудағы ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2021. – 9-11 бет.
  9. G. Sagidolda, Linguocultural Character Of Ethnographies Related To Burial Traditions (On The Example Of The Kazakh`S Language In Karakalpakstan) // Academicia. An International Multidisciplinary Research Journal. ISSN: 2249-7137 Vol. 11, Issue 8, August 2021 Impact Factor: SJIF 2021 = 7.492.- PP 197-201; DOI: 10.5958/2249-7137.2021.01799.7.

academicia-past-issue-2021/

13 Turysbek R.S., Baitanasova K.M., Myrzakhmetov A.A., Aimukhambet Z.A. The role of historical figures and legend motifs in the modern prose structure in expressing the idea of statehood. // Astra Salvensis. – 2021. Volume 2021. – PP. 383-393.

  1. Сағидолда Г., Таймуллина Қ. Қазақ және түрік тілдерінің түсіндірме сөздігіндегі дәйектеме материалдардың көрінісі. // ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы. – 2021. –

№3 (183). – Б.162-169.

  1. Сагидолда Г., Қайраткызы Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы лексикологиясы және қазіргі қыпшақ жазба тілдері лексикасының зерттелу барысы// ЕҰУ хабаршысы. Филология сериясы. – 2021. – №4. – Б. 8-22.
  2. Сагидолда Г., Жылқыбай Г. Түркі әлемі интеграциясының тілдік тетіктерін жетілдіру мәселесі: түркі лексикографиясы // IX Халықаралық түркология конгресі. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ. Түркология ғылыми-зерттеу институты. 20-22 Қазан, 2021.
  3. Сарекенова Қ. Түркі тілдеріне ортақ кейбір сөздердің дыбыстық ерекшеліктері //

«ХХІ  ғасырдағы  түркі  әлемінің  интеграциясы  және  қыпшақтық  фактор»  атты

халықаралық on-line конференция. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, 8 қазан 2021 жыл, Түркістан.

  1. Ескеева М. Түркі лексикографиясы және жалпытүркілік сана // «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» атты халықаралық on-line конференция. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, 8 қазан 2021 жыл, Түркістан.
  2. Жылқыбай Г., Сагидолда Г. «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» тақырыбындағы жобаның мақсат – міндеттері // «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» атты халықаралық on-line конференция. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, 8 қазан 2021 жыл, Түркістан.
  3. Абдукамалова Э.С. Қазақ, татар және чуваш тілдеріндегі сұрау, өздік, жалпылау есімдіктерінің лексика-морфологиялық сипаты // «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» атты халықаралық on-line конференция. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, 8 қазан 2021 жыл, Түркістан.
  4. Шамуратова А., Жылқыбай Г. М.Балақаев пен Т.Сайрамбаевтың ғылыми зерттеулеріндегі қазіргі қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисінің теориялық мәселелері //«ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» атты халықаралық on-line конференция. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, 8 қазан 2021 жыл, Түркістан.
  5. Суинжанова Ж. Сөзжасамның түркі тілдеріндегі зерттелуі //«ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» атты халықаралық on-line конференция. Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ, 8 қазан 2021 жыл, Түркістан.
  6. «ХХІ ғасырдағы түркі әлемінің интеграциясы және қыпшақтық фактор» атты Халықаралық on-line конференциясының материалдары (8 қазан 2021 жыл). - Шымкент,

«Әлем», 2021. - 449 бет.

 

Жоба аясында 2022 жылдары жарияланған еңбектер тізімі

 

 ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБССҚК ұсынған журналдардағы жарияланымдар: 

1. Жалмаханов Ш.Ш., Жылқыбай Г.Қ. Жалпы түркілік «бәд», «қоб» этимондарының этимологиялық этюдтері. // Ясауи университетінің хабаршысы, №2 (124), 2022. 7-23 бб. https://doi.org/10.47526/habarshy.v2i124

2. Раева А., Сагидолда Г. Арыстан, қабылан зоонимдерінің түркі тілдерінің этимологиялық сөздіктеріндегі тілдік интерпретациясы. // Ясауи университетінің хабаршысы, №2 (124), 2022. 48-57 бб. https://doi.org/10.47526/habarshy.v2i124

3. Раева А., Жылқыбай Г. «Тіл және мәдениет» контексінде түркі тілдерін үйретудің маңызы (қазақ және түрік тілдерінің оқулықтары бойынша). // Ясауи университетінің хабаршысы, №2 (124), 2022. 207-220 бб. https://doi.org/10.47526/habarshy.v2i124

4. Сағидолда Г., Жамбулова Қ.Қ. Түркі лексикографиясының теориялық-методологиялық негіздері //№ 2/2022 Еуразия гуманитарлық институты ХАБАРШЫСЫ. 28-37 бб. https://doi.org/10.55808/1999-4214.2022-2.03

5. Сағидолда, Г.А. Әбдімәулен «Әйел» концептісінің ұлттық-мәдени сипаты//Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Филология сериясы, №2(139)/2022 20-30 бб. 

6. Сағидолда Г.,Жылқыбай Г., Құттымұратова Ы. Тұрмыстық лексиканың этномәдени мазмұны (қазақ, қарақалпақ, қырғыз тілдері материалдары бойынша) // Ясауи университетінің хабаршысы. – 2022. – №3 (125). – Б. 20–36. https://doi.org/10.47526/2022- 3/2664-0686.02

Кітап: 

Қазақша-қарақалпақша-башқұртша сөздік: 45 мыңға жуық сөз / Жалпы редакциясын басқарған ф.ғ.д., проф. Г.Сагидолда (Қазақстан), ф.ғ.д., проф Ф.Г. Хисамитдинова (Башқұртстан), ғылым докторы (PhD Ы.А.Құттымұратова (Қарақалпақстан). ‒ Астана: Нұрнама, 2022. 2 Қазақша-қарақалпақша-башқұртша электронды сөздік: 45 мыңға жуық сөз. веб сайт сілтемесі: https://qqb-sozdik.kz 

Халықаралық конференция жинақтарындағы жарияланымдар: 

1. Сағидолда Г. Көптік категориясының арғыалтайлық көне реликт форманттарының қазіргі түркі тілдеріндегі сілемдері // Профессор М. Томановтың 90 жылдығына арналған «Түркітанудағы диахрондық парадигма» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2022. – 29-33-б. 

Шетелдік журналдардағы жарияланым: 

1. Gulmira Abdimaulen, Gulgaisha Sagidolda, Gulimzhan Zhylkybay, Gulshat Adilova, Akhmaral Serikbaeva. Representation of the Concepts “Man/Woman” In the Kazakh and English Proverbs. // International Journal of Social Science And Human Research ISSN(print): 2644-0679, ISSN(online): 2644-0695 Volume 05 Issue 05 May 2022 DOI: 10.47191/ijsshr/v5- i5-02, Impact factor- 5.871 Page No: 1553-1561.