Жобаның атауы: AP08957343 Қытай-Үндістан қатынастары және Қазақстан: аймақтық көп жақты парадигманы қайта концептуалдау.
Жобаның жалпы қаржысы: 3 955 729 теңге 50 тиын.
Жоба жетекшісі: PhD Мұратбекова Альбина Мырзаханқызы.
Тақырыптың өзектілігі: Қытай мен Үндістан арасындағы қатынастардың сараптамалық көрінісін, олардың негізгі қарама- қайшылықтарын ескере отырып, Қазақстанның ұлттық мүдделері призмасын қалыптастыру қажеттілігіне байланысты туындайды.
Тақырыптың мақсаты: Ғылыми әдебиеттерді талдау және қолданыстағы құжаттарға сараптама жасау арқылы Қазақстанның Қытай мен Үндістан арасындағы қатынастарын тұжырымдау, сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы Қытай мен Үндістан қатынастары туралы қазақстандық академиялық және сарапшылар қауымдастығы арасындағы түсінікті анықтау. Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Зерттеу жұмысы нәтижесінде екі жарияланым жарыққа шығару жоспарланды. Зерттеу нәтижелері халықаралық рецензияланатын журналда жарыққа шығады.
Сондай-ақ зерттеу нәтижелері ҚР БжҒМ КОКСОН тізіміне енетін журналдарда жарияланады.
Жобаның нәтижелерімен бөлісу үшін 2021 жылдың маусым айында онлайн дөңгелек үстел өткізілді. Зерттеу нәтижелерін талқылау үшін жергілікті және шетелдік сарапшылардың қатысуымен онлайн-пікірталас өтті.
№ | Аты-жөні | Scopus Author ID | Researcher ID | ORCID | Ескерту |
1 | А.М. Мұратбекова | 57203436102 |
| 0000-0001- 5908-6564 | жоба жетекшісі |
2 | Ғ. Р.Рахымжан |
|
| 0000-0002- 3919-2017 | орындаушы |
3 | А.К. Ордабаев |
|
| 0000-0003- 1367-8227 | орындаушы |
4 | А.Ю.Балтабаева | 57211611191 |
| 0000-0003- 3479-1827 | Ассистент |
Күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстардың тізімі