Жобаның атауы: AP08957668 Түркістан облысының өнеркәсіп қалдықтарынан алынатын жылуизоляциялаушы материалдардың жаңа құрамы.
Жобаның жалпы қаржысы: 5 000 000 теңге.
Жоба жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аймбетова Индира Оразғалиқызы.
Тақырыптың өзектілігі: Құрылыс материалдарын алумен техногенді шикізатты өңдеудің әзірленген тәсілдері кейіннен ғылыми бағыт бойынша енгізумен пәндерді құрастыруда ғылыми-ақпараттық негіз болады.
Тақырыптың мақсаты: Түркістан облысының өнеркәсіп қалдықтарынан азаматтық құрылыс үшін беріктігі жоғары, жылу өткізбейтін қасиеттері бар экологиялық зиянсыз материалдың рецептурасын жасау болып табылады.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Отандық және халықаралық базаларда (Thomson Reuters, Scopus, WIPO, Chemical Abstracts) патенттік-ақпараттық зерттеулер жүргізілді, жылу оқшаулағыш материалдардың жаңа құрамы әзірленді, жергілікті табиғи материалдарды, өндірістік қалдықтарды және оларды кәдеге жарату өнімдерін пайдалану барысында жаңа құрылыс материалдарын алу әдістемесі әзірленді. Композициялық материалдарды алудың әзірленген тәсілдерінің ғылыми негіздері, техногендік шикізатты кәдеге жарату тәсілдері құрылыста, құрылыс материалдарын өндіруде, Қазақстанның ластанған аймақтарының экологиялық проблемаларын шешу және түрлі өнеркәсіп аумақтарының экологиялық-экономикалық жағдайын жақсарту жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуде қолданылады.
Әзірленген құрылыс материалдарының физикалық-химиялық, пайдалану және тауарлық қасиеттерін кешенді зерттеулер жүргізілді, жылу оқшаулағыш материалдардың жаңа құрамы жасалынды, жергілікті табиғи материалдарды, өндірістік қалдықтарды және оларды кәдеге жарату өнімдерін пайдалану барысында жаңа құрылыс материалдарын алу әдістемесі құрастырылды.
Зерттеу тобының мүшелері:
№ | Аты-жөні | Scopus AuthorID | Researc her ID | ORCID | Ескерту |
1 | И.О.Аймбетова | 56543509900 | V- 2979- 2019 | 0000-0002-9060- 0813 |
|
2 | Д.Берді | 56922103300 | - | 0000-0001-8441- 9412 |
|
3 | Р.Кудабаев | 57195780947 | - | 0000-0002-2258- 1729 |
|
4 | Е.Монтай | - | - | - |
|
1 Босиков И.И., Клюев Р.В., Аймбетова И.О.*, Махошева С.А. Устойчивое развитие горных территорий (Sustainable Development of Mountain Territories. https://www.scopus.com/sourceid/21100827893). – 2021. - №3. .
Патент
Қазақстан Республикасының өнертабыстық патентіне өтінім берілді. Аймбетова И.О.. Теплоизоляционный материал на основе отходов промышленности // Заявка на патент № 2021/0234.1 от 07.04.2021г.