shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары

AP09259839 - Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын түзету және психологиялық профилін жасау жүйесін ұйымдастыру

Конкурс атауы: 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру

 

Жобаның жалпы қаржысы: 38 854 946 теңге.

Жоба жетекшіс: п.ғ.д., профессор Болеев Талант Қалдыбекұлы.

Идентификаторлар:

  • ORCID: 0000-0001-8350-6637
  • ResearcherID: AAS-7029- 2020

Тақырыптың өзектілігі: Суицид проблемасы әлемдік ауқымда жетекші орынға ие болғандықтан, кәмелетке толмағандардың өзіне-өзі қол жұмсауының алдын алу кешенді, жүйелі және пәнаралық көзқарас жағдайында мүмкін екені анық. Осыған байланысты ҚР-да бірқатар жобалар мен бағдарламалар іске асырылып жатсада, ҚР Бас прокуратурасының мәліметінше, жасөспірімдер суицидінің өсу қарқыны байқалады. Бұның себебі: мамандарда суицидке бейім жасөспірімдердің психологиялық бейінін құру дағдыларының, жасөспірімдердің өмір салтының, мотивациясының, құндылықтарының өзгерту дағдыларының болмауы. Сондықтан, осы мәселенің өзектілігі, жоғары әлеуметтік маңыздылығы жоба тақырыбын анықтауға мүмкіндік берді.Оның идеясы синергетикалық әсерді және тиімді нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін алдын алу-түзету жұмысын жүзеге асырылудағы өзара байланысты және өзара толықтыратын психологиялық-педагогикалық әсер тигізетін жүйені әзірлеу.

Тақырыптың мақсаты: диагностика мен түзетудің психологиялық әдістемелерін қолдану негізінде жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алудың ғылыми-әдіснамалық аппараты мен практикалық құралдарын әзірлеу.

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

  1. Түркістан облысының жасөспірімдері арасында суицидтің төмендеуі, өз-өзіне қол жұмсау мінез-құлықты жасөспірімдермен жұмыс процесіне қатысушыларды даярлау және біліктілігін арттыру процесінде мамандардың кәсіби құзыреттілігі көрсеткіштерінің өсуі.
  2. Мақалалар жариялау:
    • Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Russian Science Citation Index Web of Science базасында индекстелетін және (немесе) Scopus базасында CiteScore бойынша кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдағы 2 мақала;
    • 3 мақала рецензияланатын шетелдік журналдарда (РҒДИ);
    • Рецензияланатын отандық журналдарда (БҒСБК) 6 мақала.
  1. Жобаның нәтижелері ЖОО-ның оқу үдерісіне арнайы курстар бағдарламалары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар және т. б. түрінде енгізілетін болады.
  2. Ведомствоаралық ынтымақтастық, білім беру саласындағы атқарушы билік органдарының басшыларының, білім беру ұйымдары мен мүдделі органдардың басшыларының қатысуымен жасөспірімдердің суицидтік мінез- құлқының алдын алу жөніндегі шараларды ұйымдастыру алгоритмі жасалды.
  3. Жасөспірімдер арасында суицидтік қауіпті жағдайлардың алдын алу және бейіндеудің диагностикалық құралдары.
  4. «Профайлинг теориясы мен практикасы» монографиясы, суицидология бойынша оқулық, «Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқын психологиялық бейіндеу және түзету» оқулығы, «Саналы ата-аналықты қалыптастыру технологиялары» оқу-әдістемелік құралы.

Зерттеу тобының мүшелері:

 

Аты-жөні

Scopus Author ID

Researcher ID

ORCID

Ескерту

1

Болеев       Талант Калдыбекович

 

AAS-7029-  2020

0000-

0001-

8350-

6637

жоба жетекшісі

2

Торыбаева Жамиля Захановна

57212468553

57212468553

0000-

0002-

9923-

5293

жетекші ғылыми қызметкер

3

Бақтыбаева Кулизат Сагынгалиевна

 

 

 

аға      ғылыми қызметкер

4

Жаркинбаева Динара Сабитовна

 

 

 

ғылыми қызметкер

5

Матаева Алтыншаш Туменбаевна

 

 

 

ғылыми қызметкер

6

Аманбаева Айнур Махамбеталиевна

 

 

 

кіші    ғылыми қызметкер

7

Әбділәкәм Жанна Әбділәкімқызы

 

 

 

кіші    ғылыми қызметкер

8

Тойлыбаева Залина Сабыржановна

 

 

 

лаборант

9

Асанов   Акылбек Аманкайтович

 

 

 

бағдарламашы

 

 

2021 жылғы күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстардың тізімі

  1. Бақтыбаева К., Болеев Т., Жаркинбаева Д. Жасөспірімдердің жалғыздық сезімін зерттеу суицидтің алдың алу шараларының бірі.// Абай атыңдағы КазҰПУ.Хабаршы «Психология» сериясы.-2021.- №3 (68),Б.50-56. https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.09.
 
  1. Торыбаева Ж., Бақтыбаева К., Матаева А., The future teacher- psychologist training for the prevention of suicidal behavior in adolescents.// Абай атыңдағы КазҰПУ. Хабаршы «Психология» сериясы.-2021.- №3 (68).-Б.90-

100. https://doi.org/10.51889/2021-3.1728-7847.22.

  1. Болеев Т., Жаркинбаева Д., Бактыбаева К. Исследование депрессивного состояния как фактора суицидального поведения подростков //Журнал «Актуальные научные исследования в современном мире». ISSN: 2524-0986, Переяслав -2021.- №10(78), часть 4. 2021. С.93-103.

https://elibrary.ru/contents.asp?titleid=58411https://www.iscience.in.ua/arkhyv/2021.