![]() |
Жобаның жалпы қаржысы: 77 418983.16 теңге
Жоба жетекшісі: Салыбекова Нурдана Нуртаевна |
Идентификаторлар:
Тақырыптың өзектілігі: Бүкіл әлем Қазақстанды қызғалдақтардың отаны деп таныды. Нидерланды қызғалдақ гүлдерін өсіруде, өндіруде танымал көшбасшы болып табылады. Қазақстанда гүл өсіруде пайдалану үшін қызғалдақтың мәдени сорттарының баданалары Нидерландыдан, Түркиядан, Ресейден және басқа елдерден, бірақ негізгі бөлігін голландиялық өндірушілерден сатып алынады. Қазақстанда бұл дақыл бойынша жүйелі интродукциялық, селекциялық-тұқым өсіру жұмыстары жүргізілмеген. Қазақстан гүл өсірушілері Нидерланды жағдайлары үшін әзірленген, элементтері Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының субаридтік жағдайларына сәйкес келмейтін өсіру және көбейту технологияларын пайдаланады.
Қазақстанның гүл өсіруіндегі бар проблемаларды негізге ала отырып, жобаның мақсаты: өндіріске перспективалы, жерсіндірілген қызғалдақ түрлері мен сорттарын енгізу, селекция үшін бастапқы материал топтамасын жасау, оларды жеделдетіп көбейтудің тиімді әдістерін табу, Қазақстанның оңтүстіктігі және оңтүстік-шығысының ашық және жабық топырағында оны өсірудің бәсекеге қабілетті, ғылыми негізделген инновациялық технологиясын бейімдеу және практикалық енгізу арқылы Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту болды.
Тақырыптың мақсаты: өндіріске перспективалы, жерсіндірілген қызғалдақ түрлері мен сорттарын енгізу арқылы Қазақстанның гүл өсіру саласын дамыту, селекция үшін бастапқы материал топтамасын, оларды жеделдетіп көбейтудің тиімді әдістерін жасау, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының ашық және жабық топырағы жағдайында оны өсірудің бәсекеге қабілетті, ғылыми негізделген инновациялық технологиясын бейімдеу және іс жүзінде енгізу.
Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жабайы түрлер мен эксклюзивті қызғалдақ сорттарының өсуі мен дамуының биометриялық көрсеткіштері бойынша ауқымды материал алынды. Компьютерлік базаға қызғалдақтың 14 жабайы түрінің табиғи таралуының географиялық координаттары енгізілді, отырғызу материалдары жиналды. Іле-Алатау ұлттық паркінде (ҰТП) және Қаратау орманшылығында Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы жабайы қызғалдақ популяциясының морфо- биологиялық ерекшеліктерін зерттеу үшін эксперименттік учаскелер құрылды. Жабайы өсетін түрлер мен қызғалдақтың эксклюзивті сорттары туралы алдын-ала мәліметтер базасы құрылды.
Қызғалдақ өсіруге арналған арнайы жылыжай құрылды. Қызғалдақтың 40 сортының өсуіне, дамуына, гүлденуіне және көбею коэффициентіне әртүрлі субстраттардың әсері туралы алдын-ала мәліметтер алынды. Зерттелетін сорттар ПТР- талдау әдісімен ауру қоздырғыштарына зерттелді, зерттеудің молекулалық-генетикалық әдістерін қолдана отырып, Қазақстан мен Түркия қызғалдақтарының түрлері мен сорттарын генотиптеу жүргізілді.
Алматы облысының Іле-Алатау ұлттық саябағында және Түркістан облысының Қаратау орманшылығында жабайы өсетін қызғалдақ түрлерінің табиғи популяциясын неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу және толықтыру үшін 2 эксперименттік алаң құрылды.
№ | Аты-жөні | Scopus Author ID | Researcher ID | ORCID | Жобадағы қызметі |
1 | Салыбекова Нурдана Нуртаевна | 56659387800 | F-4413-2015 | 0000-0002-3750- 1023 | Жоба жетекшісі |
2 | Апушев Амангельды Каирбекович | 56181491100 | АХЕ-0620- 2022 | 0000-0001-7114- 0391 | Бас ғылыми қызметкер |
3 | Юсупов Бахадир Юлдашович | 58713666300 | ЭХИ-1937- 2022 | 0009-0004-5780- 4429 | Бас ғылыми қызметкер |
4 | Иващенко Анна Андреевна | 57223002116 | DTG-9030- 2022 | 0000-0002-2231- 6837 | Бас ғылыми қызметкер |
5 | Савченко Александр Сергеевич |
|
|
| Аға ғылыми қызметкер |
6 | Турметова Гульмира Жусуповна | 56017138000 | EBY-7903- 2022 | 0000-0001-7754- 3829 | Аға ғылыми қызметкер |
7 | Исаев ҒаниИсаұлы | 7006736391 | CXH-2439- 2022 | 0000-0001-5120- 8387 | Аға ғылыми қызметкер |
8 | Kahraman Gurcan | 35339319400 | AAN-9389- 2021 | 0000-0002-2120- 2563 | Аға ғылыми қызметкер |
9 | Сержанова Айкерим Ергалиевна |
| JZD-7070- 2024 | 0000-0002-8769- 509Х | Кіші ғылыми қызметкер |
10 | Оразбеков Темирхан Бимаханович |
|
|
| Кіші ғылыми қызметкер |
11 | Тойжигитова Баян Бойтаевна | 57200070541 | JZD-8614- 2024 | 0000-0002-6925- 6085 | Кіші ғылыми қызметкер |
12 | Мамадалиев Анвар Шухратұлы | 58714101600 |
| 0000-0002-7248- 6287 | Кіші ғылыми қызметкер |
13 | Кеншімбаева Нұрсұлу Кеңесбекқызы |
| HTO-4290- 2023 |
| Кіші ғылыми қызметкер |
2023/2024 жылғы күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстардың тізімі (болған жағдайда)
Scopus мәліметтер базасында индекстелген рецензияланған ғылыми басылымдардағы мақалалар
ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК ұсынған рецензияланатын отандық ғылыми басылымдардағы мақалалар
https://journal.kaznaru.edu.kz/index.php/research/article/view/433
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдағы мақала
https://cyberleninka.ru/article/n/problemy-introduktsii-dikorastuschih-tyulpanov-gornyh- dolin
Халықаралық конференциялардағы баяндамалар
Авторлық куәлік
Scopus мәліметтер базасында индекстелген рецензияланған ғылыми басылымдардағы мақалалар
CiteScore - 5.5. SJR - 0.74. Q1.
ҚР ҒЖБМ ҒЖБСҚК ұсынған рецензияланатын отандық ғылыми басылымдардағы мақалала
https://nauka.wkau.kz/index.php/gbj/issue/view/82/228
Нөлдік емес импакт-факторы бар рецензияланатын шетелдік ғылыми басылымдағы мақала
https://ecfs.msu.ru/images/documents/analytics/Ispolzovanie-i-ohrana-prirodnih- resursov- rossii/%D0%98%D0%B8%D0%9E%D0%9F%D0%A0%D0%B2%D0%A0%20%E2%8 4%961%202024.pdf
Халықаралық конференциялардағы баяндамалар
https://repo.kspi.kz/bitstream/handle/123456789/6950/%D0%9C%D0%90%D0%A2%D 0%95%D0%A0%D0%98%D0%90%D0%9B%D0%AB%20%D0%BA%D0%BE%D0% BD%D1%84%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BD%D1%86%D0%B8%D0%B8%20
%D0%91%D0%98%D0%9E-%D0%9E%D0%9E%D0%9F%D0%A2%202024_126-
Қазақстан Республикасының патентіне өтінім
1. Салыбекова Н.Н., Апушев А.К., Юсупов Б.Ю., Исаев Г.И., Сержанова А.Е., Турметова Г.Ж. «Состав торфяного субстрата для выращивания тюльпанов и способ выращивания тюльпанов на основе торфяного субстрата»//Заявка на патент
№2024/0069.1.