Жобаның жалпы қаржысы: 30 630 464.84 мың теңге Жоба жетекшісі – Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич, PhD, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры..png)
Идентификаторлар:
Тақырыптың өзектілігі: Жаратылыстану, техника және инженерия ғылымдары бойынша жаңа білімді табысты меңгеру үшін бүгінгі күні құбылыстар мен заңдарды жай ғана ағылшын тілінде сипаттауды білу жеткіліксіз. Әртүрлі шет тіліндегі деректердің үлкен көлемімен жұмыс істей отырып, заманауи озық технологияларды меңгеру керек. Ғылым мен техниканың заманауи жетістіктері жағдайында болашақ физика мұғалімдерін ағылшын тілінде даярлау үдерісін дамытудың бір жолы – STEAM білім беру. STEAM білім беру негізінде жоғары оқу орны мен мектеп түлектерінің жаратылыстану пәндерін оқытуда алған дағдыларын одан әрі өндірісте қолдануға және еңбек нарығы мен бизнесте сәтті пайдалана алуға, ағылшын тілін меңгерген әлемнің жетекші оқу орындарының түлектерімен бәсекеге түсуге қабілетті тұлға даярлау.
Тақырыптың мақсаты: STEАM білім беру арқылы болашақ физика мұғалімдерінің ағылшын тіліндегі даярлығын жетілдіре отырып, жоғары техникалық, инженерлік салалар үшін бәсекеге қабілетті кадрлар дайындаудың тиімділігін жетілдіру. Білім берудегі STEАM тәсіліне көзқарасты кеңейту арқылы түлектердің жаңа білімге қарай қозғалысының өзіндік моделін әзірлеу.
Шетелдік рецензияланатын ғылыми журналдарда мақалалар жариялау:
Зерттеу нәтижесінде Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала жарияланады;
Шетелдік және (немесе) қазақстандық баспалар кітаптарында монографияларды, кітаптарды және (немесе) кітаптардағы тарауларды жариялау:
Ағылшын және қазақ тілінде практикалық дағдыларды дамытуға арналған «STEM education: putting knowledge into practice» атты бір оқу құралы, сонымен бірге авторлық бірлестікте екі монография жарық көреді.
шетелдік (еуропалық, америкалық, жапондық) патенттік бюролардан, қазақстандық немесе еуразиялық патенттік бюродан патенттер алу;
STEAM білім беру негізінде жасалынған цифрлық өнімдер бойынша еуропалық патенттік бюролардан кемінде екі патент алынады.
ғылыми-техникалық, конструкторлық құжаттаманы әзірлеу;
Жобаны орындау барысындағы түрлі есептер, зерттеу нәтижелері бойынша монографиялар, мақалалар, техникалық есептер, ғылыми-педагогикалық эксперименттердің нәтижелері бойынша хаттамалар әзірленеді.
STEAM кабинеттеріне арналған өнімдердің құрамы мен құрылымын сипаттайтын, оларды жасау үшін қажетті мәліметтерден тұратын графикалық құжаттар дайындалады.
Жоба нәтижесі еліміздің көптеген оқу орындарын STEAM – кабинеттермен жабдықтауға, оқу үдерісіне цифрлық білім беру ресурстарын енгізуге және сол арқылы қашықтықтан білім беруді жетілдіріп, еліміздің экономикалық әлеуетін дамытуға ықпал жасайды. Зерттеу нәтижесінде алынған білім беру ресурстары коммерцияландыруға
енгізілетін болады. Жобаны орындау мерзімі аралығында үш жалпы орта мектептердің
«сату және сатып алу» бөлімдерімен келісілген түрде STEAM-кабинеттер құрылатын болады.
Негіздемесі бар жоба нәтижелерінің әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, ғылыми-техникалық, мультипликативтік және (немесе) өзге де әсері.
Жоба нәтижелері ауыл мектептерінің материалдық – техникалық базаларын жақсартуға, білімгерлердің ағылшын тілін жеңіл меңгеруіне, инженерлік, техникалық салада бәсекеге қабілетті маман болып шығуына, сол арқылы еліміздегі ғылым мен білім саласының, өнеркәсіп саласының дамуына ықпал етеді. Бюджеттік инвестициялар арқылы STEAM – парктар мен кабинеттер құру, 3D-принтинг саласын дамыту, кәсіп және өндіріс орындарын білікті мамандармен қамтамасыз ету әрекеттері жүзеге асады.
Сапалық және сандық көрсеткіштеріне байланысты жобаның басқа да тікелей және жанама нәтижелері.
Инженерлік, техникалық салаларда білікті мамандардың тапшылығын азайту мақсатында сапалық білім беру үдерісін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Болашақ физика мұғалімдері мектеп қабырғасынан бастап түлектерді ғылыми-техникалық салада қызмет етуге қабілеттіліктерін арттыруға үлестерін қосады. Зерттеу нәтижелері халықаралық деңгейде жаңашылдығымен ерекшелінеді.
№ | Аты-жөні | Scopus Author ID | Researcher ID | ORCID | Жобадағы қызметі |
1 | Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич, PhD | 57195064454 | ADB-9983- 2022 | Жетекші ғылыми қызметкер | |
2 | Курбанбеков Бакытжан Алимханович, PhD | 57126269200 |
|
| Жоғары ғылыми қызметкер |
3 | Досымов Елмурат,PhD | 57216149913 |
|
| Аға ғылымиқызметкер |
4 | Берди Динара Кадирханкызы, PhD. |
|
|
| Ғылыми қызметкер |
5 | Усембаева Индира Бахытовна PhD | 55865638800 |
|
| Аға ғылымиқызметкер |
6 | Ризахожаева Гулнара, PhD. |
|
| Ғылыми қызметкер | |
7 | ПолатұлыСерік, Жоғары, докторант. |
|
|
| Кіші ғылымиқызметкер |
2023/2024 жылғы күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстардың тізімі
№4(80), 2022. 277-284. https://doi.org/10.51889/6602.2022.72.66.032 ;