shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары

AP19676522 - «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOLBREF) KАZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру»

 

 

Жобаның жалпы қаржысы: 64 587 028.34 тг

 

Жоба жетекшісі: Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы

Идентификаторлар:

Тақырыптың өзектілігі: Еліміздің жоғары оқу орындарында (бұдан әрі ЖОО) білім алып жатқан «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлерінің салауатты өмір салтын (WHOQOL-BREF) KАZ негізінде қалыптастыру мәселесі қазіргі заман қажеттілігін түсінуге әкелді. Қазірге дейін елімізде салауатты өмір салтын ұстану деңгейін анықтаушы шкаланың болмауы, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында жүргізілген зерттеу жұмыстарының жеткіліксіздігі, аталмыш ұғым жайлы түсініктің аздығы, халықтың өмір сүру сапасы мен өмір сүру жасының төмендігі, ұсынылған жобаны жүзеге асыруға негіз болып отыр.

Технологияның дамуы мен индустрияландырудың өсуімен қатар, транспорт түрінің көбеюі, күнделікті өмірде қимыл-қозғалыстың азаюы, компьютерлер мен теледидарды пайдаланудың кең таралуы және технологиялық құралдарға бөлінген уақыттың артуы өмір сапасына оң әсер еткенімен, физикалық күш пен қозғалысқа кері әсерін тигізуде.

Бұл мәселе мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылға 21 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар  ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін тағы да қайталап айтамын», - деп халықтың денсаулығын жақсартып, салауатты өмір салтын ұстануда дене шынықтырудың маңыздылығын айтқан болатын.

Зерттеудің өзекті мәселелеріне байланысты методологиялық, психологиялық- педагогикалық, социологиялық әдебиеттер мен ресми құжаттарды талдау және зерттеу, байқау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, зерттеу нәтижелерін математикалық талдау арқылы өңдеу және қорытындылау жасалады.

 

Тақырыптың мақсаты: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір салты шкаласы туралы зерттеулерді сараптап, Қазақстанның спорт саласындағы ерекшеліктерін ескеріп, зерттеулер жүргізу. Жоба аясында сауалнамалар жүргізу. 6В01405

- «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлері арасында сынамалар алып, (WHOQOL-BREF) KАZ шкаласын еліміздің спорт саласына енгізу және салауатты өмір салты үлгісін (моделін) құру.

 

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Ғылыми жобаны іске асыру барысында ЖОО-ның 6В01405 - «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы білімгерлерінің денсаулық, әлеуметтік, психологиялық, физикалық жағдайы мен қоғамдық ортаға бейімділігі анықталып, ғылыми негізделген ұсынымдардың нәтижелігі артады. Алынған нәтижелерді пән оқытушылары мен жаттықтырушылар кәсіби деңгейде пайдаланады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы салауатты өмір салты шкаласы туралы халықаралық деңгейде зерттеулер жүргізу кезінде Франция, Канада, Малайзия, Бразилия, Голландия, Қытай, Италия, Түркия және басқа да елдерде жүргізілген зерттеулерді сараптап, салыстырмалы түрде ерекшеліктері анықталады.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК, Қазақ спорт және туризм академиясы

«Жаттықтырушылардың жоғары мектебімен» бірлестікте біліктілік курсы ұйымдастырылады. Түркия Республикасының Анкара қаласындағы «Гази университеті спорттағы қабілет, жылдамдық, жаттығу және зерттеу» (Gazi Üniversitesi Sporda Yetenek ve Performans Uygulama ve Araştırma Merkezi) орталығында анализдік талдау жұмыстары

және Беларусия Республикасы РЖМИ-да біліктілік жетілдіріледі, тәжірибе алмасады. Сонымен қатар, білімгерлердің салауатты өмір салтын ұстану деңгейін анықтау және арттыру үшін арнайы мобильді қосымша (салауатты өмір салты, бұдан әрі SosApp) дайындалады.

 

Зерттеу тобының мүшелері:

 

Аты-жөні

Scopus Author ID

Researc her ID

ORCID

Жобадағы қызметі

1

Ермаханов Бағлан

Өмірзақұлы, PhD, доцент міндетін атқарушы

572244

57417

HKM- 8113-

2023

0000-0003-

1203-2280

Жоба

жетекшісі

2

Данияров Талғат

Абубакирович, Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған

профессор

558657

41800

 

https://orcid.org/ 0000-0002-

9049-2410

Жетекші ғылыми қызметкер

3

Мухамеджанов Бахытжан Калжанович, Педагогика ғылымдарының докторы,

профессор

558347

48700

 

0000-0001-

6234-1335.

Аға ғылыми қызметкер

4

Омаров Бахытжан Султанович, PhD доктор, қауымдастырылған

профессор

558362

40800

 

https://orcid.org/ 0000-0003-

2174-0131.

Аға ғылыми қызметкер

5

Исаев МухтарСеитханулы, PhD доктор

574168

16100

 

https://orcid.org/ 0000-0001-

7107-3993

Аға ғылыми қызметкер

6

Исаев Абдінабі Исаұлы,

докторант.

572168

29055

 

0000-0002-

1850-6961

Аға ғылыми

қызметкер

7

Копжанов Галымжан Балықбаевич,

докторант

 

 

https://orcid.org/ 0000-0001-

5128-3184

Аға ғылыми қызметкер

8

Сиздиков Багдаулет Сапарбайевич, PhD, доцент

572105

60635

GZM- 0163-

2022

ORCID 0000-0001-

8115-5810

Аға ғылыми қызметкер

9

Аманов Ануарбек PhD

доктор

 

 

 

Аға ғылыми

қызметкер

10

Тұрғанәлі Қазыбек

магистрант

 

 

 

Аға ғылыми

қызметкер

 

 

2023/2024 жылғы күнтізбелік жоспарға сәйкес жарияланған жұмыстардың тізімі

1. Ермаханов Б., Данияров Т. «Жоғары оқу орны білімгерлері арасында салауатты өмір салты шкаласын (WHOQOL-BREF-KAZ) қолданысқа ендіру» // Абай Атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Хабаршысы «Педагогика ғылымдары» сериясына №3(79),2023. 235-246 бб. https://doi.org/10.51889/2959-5762.2023.79.3.020

  1. Б. Ермаханов, Б. Мухамеджанов, А. Исаев, Т. Данияров, М. Исаев / Жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыруды ((WHOQOL-BREF) kaz) көрсеткіштері негізінде талдау// «Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы»
 

РҚБ «ХАЛЫҚ» ЖҚ Хабаршысы // Volume 5. Number 405 (2023), 88-102 https://doi.org/10.32014/2023.2518-1467.578

  1. Ермаханов Б., Мухамеджанов Б., Омаров Б., Yaşam kalitesi ölçeği kisa formunun (WHOQOL-BREF-KAZ) kazak dilindeki geçerliliğİ // «Latın american international congress on social sciences and humanities -V» атты халықаралық конференция, September 1-3, 2023. Ankara, Türkiye. S. 98-102