Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2023-2025 жылдарға арналған неғұрлым перспективалы коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті. Жоба жетекшісі: Исаев Мухтар Сеитханулы, тарих ғылымдарының PhD докторы..png)
Идентификаторлар:
Жобаның зерттеу тобы
№ | Аты-жөні | Жоба бойынша лауазымы | Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері |
1 | Исаев Мухтар Сеитханулы | Жоба жетекшісі | Хирш индексі: 1 Researcher ID: AAL-3908-2020 ORCID: 0000-0001-7107-3993 Scopus Author ID: 57416816100 |
2 | Данияров Талғат Абубакирович | Жетекші ғылыми қызметкер | Хирша индексі: 4 ORCID: 0000-0002-9049-2410 Scopus Author ID: 55865741800 |
3 | Ортаев Бақтияр Тұрсынбаевич | Ғылыми қызметкер | Хирш индексы: 1 ORCID: 0000-0001-6598-9305 Scopus Author ID: 57445402500. |
4 | Жумадуллаева Айгүл Аязбаевна | Ғылыми қызметкер | Хирша индексі: 1 ORCID:0000-0002-5982-8983 Scopus Author ID: 57191093589 |
5 | Динашева Ләззат Сәрсенбекқызы | Ғылыми қызметкер | Хирш индексі: 2 ORCID: 0000-0003-0831-4162 Scopus Author ID: 57192089895 |
6 | Шадинова Гүлзира Абиласанқызы | Ғылыми қызметкер | ORCID: 0000-0002-0518-422Х |
7 | Апендиев Тимур Акимханович | Ғылыми қызметкер | Scopus Author ID: 57192888675 ORCID: 0000- 0002-4279-3921 |
8 | Сандыбаева Акмарал Даировна | Ғылыми қызметкер | Scopus Author ID: 57213165881 ORCID: 0000- 0002-4279-3921 |
9 | Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы | Ғылыми қызметкер | Scopus Author ID: 57224456417, ORCID: 0000- 0002-4279-3921 |
10 | Аманов Ануарбек Нурсейтович | Ғылыми қызметкер | Scopus Author ID: 57937848000 ORCID: 0000- 0002-4279-3921 |
11 | Базарбаев Қанат Қалдыбекұлы | Ғылыми қызметкер | Хирш индексі: 2 Scopus Author ID: 553300511006 |
Жобаның аңдатпасы
Қазіргі кезде қоғамды ақпараттандыру мен цифрландыру кез-келген салада, солардың ішінде білім беру саласында да ерекше мәнге ие. Осы орайда, Қазақстан тарихын кеңінен таныту бағытында біршама жұмыстар жасалды. Тарихи археологиялық жәдігерлер, ескерткіштер, карталар, архив құжаттары мен ғылыми материалдарды, тест сұрақтарын қамтитын көптеген электронды, цифрлық интернет базалары жұмыс істеп тұр. Дегенмен, оларды еліміздің ЖОО-да ақпараттық-цифрлық технологиялар көмегімен Қазақстан тарихын оқыту барысында пайдалану проблемалары бойынша арнайы зерттеулер жүргізілмеді. Зерттеулердің нәтижелерін талдау болашақ тарих мұғалімдеріне Қазақстан тарихын ақпараттық-цифрлық технологияларды пайдалану арқылы оқыту әдістемесі бойынша оқу әдістемелік кешен (ОӘК) қазіргі заман талаптарына толық жауап бермейтіндігін көрсетті.
Мақсаты:
Халықаралық білім беру бағдарламаларының жаңа талаптары мен ҚР білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын негізге ала отырып, болашақ тарих мұғалімдеріне «Қазақстан тарихы» пәнін ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы оқыту әдістемесін дамытудың инновациялық оқу моделін құру, ОӘК-ын зерттеу және әзірлеу.
Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:
Жылы | Зерттеу бойынша алынған нәтижелері. Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат |
2023 жыл | Дамыған елдердің жоғары білім беру мекемелеріндегі тарихты оқыту бойынша ең үздік инновацияларын синтездейтін әдістері мен материалдары зерттелді; Ақпараттық-цифрлық технологияларды пайдалану арқылы материалдарды жеңіл меңгертетін, танымдық дағдыларын қалыптастыратын, өткенді білу белсенділігін ынталандыратын, тәрбиелік ықпал ететін «Қазақстан тарихы» пәні оқыту әдістемесінің инновациялық моделі жасалды. Модельдің критерийлеріне, шарттарына, ерекшеліктеріне, жаңашыл элементтермен білім беруді қамтитың материалдарға, ұсыныстарға қол жеткізілді; Болашақ тарих мұғалімдеріне «Қазақстан тарихын» ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану арқылы оқыту әдістемесін дамыту бойынша материалдар қоры құрылды. Кемшіліктерді анықтау мақсатында ақпараттық және цифрлық технологияларды пайдалану сауаттылығы бойынша оқытушылар мен білім алушыларға сауалнама жүргізілді. Тарихты оқыту саласындағы оқытушылармен және жауапты тұлғалармен дөңгелек үстелдер, семинар, сұхбат немесе фокус-топтар ұйымдастырылды, сауалнама нәтижелері кешенді талданды. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда кемінде 1 (бір) мақала жарияланды. 1. Тарихты оқытуда ақпараттық-цифрлық технологиялар мен Іnternet желісін пайдалану мәселелері. М.С. Исаев, Т.А. Апендиев, Т.А. Данияров. ҚР ҰҒА хабаршысы (Әлеуметтік ғылымдар (экономика, педагогика). - 2023. - №5, - Б.146-160. Халықаралық конференция материалдары 1. «Қазақстан тарихын» ақпарттық-цифрлық технологияларды пайдалану арқылы оқытудың өзектілігі. М.С. Исаев, Т.А. Данияров. «Заманауи ғылым, білім және технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы. - 2023. - Б.144-150. 2. Жоғары оқу орындарында «Қазақстан тарихын» оқыту үдерісінің моделі. М.С.Исаев, Б.Т. Ортаев. «Заманауи ғылым, білім және технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы материалдарының жинағы, - 2023. - Б.278-285. |
2024 жыл | «6В01615–Гуманитарлық пәндер (тарих) мұғалімдерін даярлау білім беру бағдарламасы білім алушыларына арналған «Қазақстан тарихынан» ақпараттық және цифрлық жаңа білім беру технологиялары негізінде жасалған аудио, бейне, иллюстрациялық ауызша және жазбаша жаттығулары бар оқулық әзірленді. Оқулыққа Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің шешімі алынды. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда 2 мақала жарияланды. |
2025 жыл | 300 дана оқулық баспа/электронды форматта басылып шығарылды. ҚР-ның 3 ЖОО-да алдын-ала келісім негізінде эксперименттік зерттеу актілерін анықтау студенттердің білімін тестілеу, жоба қорғау түрінде өткізілді; Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін немесе Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымдарда 1 (бір) мақала, сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда кемінде 2 мақала жарияланды, авторлық куәлік алынды. Жыл соңына дейін құрылған оқулыққа техникалық шарт әзірленеді, технологияны коммерциализациялауға ҒжҒТҚН-ге даярланады, монография басып шығарылады. |