shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары

AP19680418 - Матуридилік сенім жүйесінің қазақ діни танымындағы орны

           

 

           Жобаның жалпы қаржысы: 50 902675,99 тг

 

Жоба жетекшісі: Нурматов Жахангир Ешбайевич

 

Идентификаторлар:

 

o       Researcher ID: AAP-7795- 2020

o       ORCID: https://orcid.org/0000-0001-5083-0748 

o       Scopus Author ID: 57202089414

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының ақида тұрғысынан діни танымы имам Матуридидің қалыптастырған Матуридилік сенім жүйесіне негізделеді. Әбу Мансур әл- Матуриди (853-944) Өзбекстанның Самарқанд қаласының Матурид ауылында туылған, Орта Азиядан шыққан ғалым. Ол өзінің өмір сұрген кезеңдегі проблемаларды шешуде өз көзқарастарын рационалды түрде тұжырымдап, Әбу Ханифаның көзқарасын дамытып жүйеге келтірді. Ол Самарқандта мутазила, керрамия, шиа батиния сияқты ағымдарға қарсы күресіп сүнниттік көзқарасты қорғаған кәламшы болып табылады. Оның көзқарастары алғашында Самарқандта қолдау тауып сүнниттік мазхаб болып Мауараннахр және Хорасан аймақтарында кең таралды. Қазіргі таңда Матуриди мазхабы әлем мұсылмандарының жартысынан көпшілігі ұстанатын сенімдік мазхаб болып табылады. Матуридилік ұстаным мен қазақтың дәстүрлі діни танымы сабақтасып келеді. Қазақтың діни танымының мазмұны Матуриди сенімі негізінде қалыптасты. Қазіргі таңда қазақ қоғамында толеранттылық, ақыл ой еркіндігі сияқты құныдылықтардың орнына иман мен амал тұтастығын, діни фанатизм мен құдайлық детерминизмді насихаттап халықты ойсыздыққа итермелеп жатқан діни танымы жат, діни тәжірибемізге үйлеспейтін діни ағымдар белең алып жатыр. Сондықтан да қазақ қоғамы үшін маңызы зор әрі қоғамдағы діни ахуалды реттеудің тетігі Матуриди мұрасына оралу маңызды болып табылады. Сонымен қатар Матуриди ілімі мен Абай, Шәкәрім, Мәшһур Жүсіп сияқты қазақ ойшылдарының діни және теологиялық көзқарастарының сабақтастығын зерттеп, ғылыми тұрғыдан тұжырымдау өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

 

Тақырыптың мақсаты: Бұл жобада Матуридилік сенім жүйесінің қазақ дүниетанымындағы орны зерттеледі. Қазақ даласынан шыққан ғалымдардың діни және теологиялық көзқарастарының қалыптасуына матуридиліктің ықпалы көрсетіледі.

 

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Зерттеу нәтижесінде Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу; сонымен қатар, ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (бір) мақала немесе шолу жарияланады. Сонымен қатар «Матуриди және Матуридилік» атты монография жарияланады. Сондай-ақ Әбу Муин ән-Нәсәфидің 4- томдық «Тәбсиратул Әдиллә» еңбегі қазақ тіліне аударылып басып шығарылады.

Зерттеу нәтижелері дінтану, исламтану және теология саласындағы ғылыми- теориялық зерттеулерде қолданыла алады. Сонымен қатар еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде, әртүрлі теологиялық мәселелердің шешімін табуда қолданылады. Сондай-ақ ғылыми нәтижелер діни экстремизм мен терроризмге қарсы мемлекеттік бағдарламаның қабылдауда, жастар саясатын дамытуда, дін саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда қолданылады.

 

Зерттеу тобының мүшелері:

Аты-жөні

Scopus

Author ID

Researche

r ID

ORCID

Жобадағы

қызметі

1.

Нурматов     Жахангир Ешбайевич

57202089414

AAP-7795-  2020

0000-0001-

5083-0748

Жоба жетекшісі, Бас ғылыми қызметкер

2.

Абдрасилов

Турганбай Курманбаевич

55876491300

W-9774- 2018

0000-0001-

5976-8258

Жетекші ғылыми қызметкер

3.

Мырзабеков Мұратбек

Мырзабекович

57193240012

HGB- 0373-2022

0000-0003-

0525-9831

Жетекші ғылыми қызметкер

4.

Муминова Зульфия

Полатовна

-

-

0000-0003-

1848-5272

Аға ғылыми

қызметкер

5.

Төлегенов Мұхит

Жылқайдарұлы

-

HGB-

1060-2022

0000-0002-

8325-3278

Аға ғылыми

қызметкер

6.

Сайфунов Бауыржан

Насырдинұлы

58186746600

-

0000-0001-

8707-7075

Аға ғылыми

қызметкер

7.

Темирханов

Батыржан Нұржанұлы

-

-

-

Кіші ғылыми

қызметкер

8.

Мауленкул Биболат

Жүнісқұлұлы

-

-

-

Кіші ғылыми

қызметкер

 

Жоба орындаушыларының жобалық зерттеу бойынша жариялаған мақалалар тізімі (2023ж). 

ҚР ҒЖБССҚК журналдардағы жарияланымдар: 

1. Abdrassilov T.K., Nurmatov Zh.Y., Abzhalov S.U., Hwang S.I. Principles of Abu Mansur Al-Maturidi on the Divine Nature // Bulletin of the L.N. Gumilyov ENU. Historical sciences. Philosophy. Religion Series. 2023. ‒ Vol. 144. ‒ №. 3. ‒ P. 153-166. https://doi.org/10.32523/2616-7255-2023-144-3-153-166

  

Конференциялардағы баяндамалар:

1. Зульфия Муминова. Абу-л-Муин Ан-Насафий ва унинг диний дунёқараши // Tokat 2nd International Conference on Scientific Researches September, 01-03, 2023 Tokat, TÜRKİYE. – 180-184 бб.

2. Zhakhangir Nurmatov, Batyrzhan Temirkhanov. Religious Issues Expressed in the Works of Kazakh Thinkers at the Beginning of the 20th Century // 1st International Congress of Social Sciences October 20-21, 2023/ Konya, Türkiye. – 163-168.

3. Zhakhangir Nurmatov., Muratbek Myrzabekov., İmam Maturidi’nin Tefsir Tarihindeki Yeri // “Islamic Civilization in Central Asia: Past and Present", IV International scientific practical conference. October 16 2023, Tashkent. – 160-164. 

4. Ж.Нурматов., Б.Мауленкул. Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі адамзатты сүю қағидасы // 9th International Asian Congress on Contemporary Sciences. November 1-3, 2023, Odlar Yurdu University, Azerbaijan. – 661-666.

5. М.Төлегенов. Қазақ ақын жыраулары шығармаларына имам Матуриди қағидалары // «1920-1950 жылдардағы Сталиндік репрессия зардаптары» атты Республикалық практикалық конференциясы. 01, 2023/ Түркістан. – 86-90 бб.

6. Б.Сайфунов. Ахмет Ясауи мектебінің өкілі ретінде Етжемес Ишан // «1920-1950 жылдардағы Сталиндік репрессия зардаптары» атты Республикалық практикалық конференциясы. 01, 2023/ Түркістан. – 115-131 бб.

7. Төлегенов М. Ж. Хаким әс-Самарқанди және ізгі адам мәселесі // International Euroasia Congress on Scientific Researches and Recent Trends XII: Proceedings Book, 29–30 November 2023, Ankara, Türkiye. – Ankara: euroasiasummit.org, 2023. – ISBN 978-625-367-512-7. – С. 1764–1766.

8. Төлегенов М. Ж., Саки Ж. Қазақ ақын-жырауларындағы тұжырымдардың Матуриди дәстүрімен сабақтастығы // INTERNATIONAL EUROASIA Congress on Scientific Researches and Recent Trends XII: Proceedings Book, 29–30 November 2023, Ankara, Türkiye. – Ankara: euroasiasummit.org, 2023. – ISBN 978-625-367-512-7. – С. 1768–1774.

 

Жоба орындаушыларының жобалық зерттеу бойынша жариялаған мақалалар тізімі (2024ж).

ҚР ҒЖБССҚК журналдардағы жарияланымдар:

1. M.Tolegenov, Zh.Nurmatov, T.Abdrassilov. The significance of Knowledge and Wisdom in Imam Maturidi's Work “Kitabut Tawheed” // Вестник КазНУ, Серия Религиоведение. № 1 Том 37 (2024). – 73-82 бб.  https://doi.org/10.26577//EJRS.2024.v37.i1.r8 

 

Конференциялардағы баяндамалар:

1. М.Төлегенов. Қожа Ахмет Ясауиға қатысты аңыз-әпсаналардың психологиялық сипаты және оларды оқу-тәрбие ісінде қолдану // «Ғасыр данасы – Қожа Ахмет Ясауи» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. – Түркістан, 2024. – 166-172 бб.

2. Batyrzhan Temirkhanov, Bibolat Maulenkul. Kazak Dinî Düşünürlerinin Inançlari ve Manevi Görüşleri Üzerine Bir Inceleme // 6. International Mediterranean Congress 13-15 August 2024, Rome - Italy. ss. 422-424.

3. Нурматов Ж.Е., Төлегенов М.Ж. Имам Матуриди және Ахмет Ясауи дүниетанымындағы діни толеранттылық дәстүрінің маңызы // Ислам дәстүрі мен мәдениетіндегі толеранттылық дискурсы: тарихи және заманауи контексттер: Халықаралық ғылыми конференция жинағы. – Алматы: ИФПР КН МНВО РК, 2024. – 145-153 бб.

4. Муминова З.П. Яссавийлик тариқати манбалари: «Ҳадийқату-л-Oрифийн» асарининг хусусиятлари // Adabiy ta’lim metodologiyasi: Xalqaro tajriba va ilmiy hamkorlik” mavzusidagi Professor Hamidulla Boltaboyev tavalludining 70 yilligiga bag‘ishlangan xalqaro ilmiy-nazariy anjuman materiallari. – Toshkent: MASHHUR PRESS, 2024. – 402-409 bb.

 

Ғылыми мақалалар: 

2. D.T. Kenzhetayev , Zh.Y. Nurmatov , M.M. Myrzabekov. The Features of Maturidi Doctrine and its Impact on Kazakh Culture // HIKMET. – 2024. – №2 (2). – P. 5–15. https://doi.org/10.47526/3007-8598-2024.2-05 

Оқу құралы: 

1. Нурматов Ж.Е., Төлегенов М.Ж. Имам Матуриди және қазақ ойшылдары: оқу құралы. – Алматы: Асыл ЖК, 2024. – 196 б.

 Аударма:

1. Əбу Муин əн-Нəсафи: Тəбсиратул Əдиллə. 1-том. Ауд. Ж.Е. Нурматов, М.М. Мырзабеков.   – Алматы: Асыл ЖК, 2024. – 224 б.

2. Əбу Муин əн-Нəсафи: Тəбсиратул Əдиллə. 2-том. Ауд. З.П. Муминова, Ж.Е. Нурматов. – Алматы: Асыл ЖК, 2024. – 266 б.

 

Жоба орындаушыларының жобалық зерттеу бойынша жариялаған мақалалар тізімі (2025ж).

Scopus журналдардағы жарияланымдар:

1. Kozha, Mukhtar; Muminova, Zulfiya. Tarihi Bir Gerçeklik: Cengiz Han Destanı ve Kazak Hanlarının Şeceresi // Türk Kültürü ve Hacı Bektaş Veli Araştırma Dergisi. – 2025. – No. 114 (Yaz–Haziran). – P. 293–306. (Скопус). https://doi.org/10.60163/tkhcbva.1416258

2. Nurmatov, Z., Abdrassilov, T., Tolegenov, M., Shauyenov, D. & Kozhan, A. Interreligious Dialogue and Cultural Pluralism: The Maturidi Platform of Religious Tolerance in Kazakhstan //  Pharos Journal of Theology. Volume 106 Issue 5, 2025. (Скопус). (Ескерту: мақала №106 (5) санына қабылданды және қараша айында шығады). 

3. Turganbay Abdrassilov, Zhakhangir Nurmatov, Mukhit Tolegenov, Didar Shauyenov, Muratbek Myrzabekov. Toward Interfaith Understanding: Dialog on Religious Tolerance Between Muslim and Christian Scholars // Journal of Cultural Analysis and Social Change. Volume 10 Issue 1, 2025. (Скопус). (Ескерту: мақала №10 (1) санына қабылданды және қараша айында шығады).  

ҚР ҒЖБССҚК журналдардағы жарияланымдар: 

1.  Tolegenov M., Nurmatov Zh., Abdrassilov T. The problem of husn (goodness) and qubh (evil) in maturidi’s thought and their reflection in the kazakh tradition // Jete – Jоurnal of Philosophy, Religious аnd Cultural Studies. – 2025. – Vol. 151. – No. 2. – Р. 75-95. https://doi.org/10.32523/3080-1281-2025-151-2-75-95 

2. Ж.Нурматов., С.Абжалов. Конфессиональная политика Казахстана и её роль в обеспечении религиозной стабильности // Islom tafakkuri (2-son) 2025 –Б. 99–103.

Ғылыми мақалалар: 

3. М.Ж.Толегенов, С.Б.Мухамедалы. Феномен этики и любви в философском учении Кьеркегора и Шакарима // HIKMET. – 2025. – №2 (4). – С. 72–83. https://doi.org/10.47526/3007-8598-2025.1-22

Конференциядағы баяндамалар: 

1. Төлегенов М. Ж. Қожа Ахмет Ясауи іліміне қатысты түркі халықтарындағы діни-рухани дәстүрлер мен рәсім-жоралғылар және олардың социо-психологиялық функциясы // Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер : халықаралық симпозиум материалдары (Түркістан қ., 15–16 мамыр, 2025 ж.). Т. 1. – Түркістан: «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, 2025. – 411–421-бб. 

2. Абдрасилов Т. К. Кеңестік дәуірде Орталық Азияда ислам дінінің сақталуында сопылықтың рөлі // Заман мен мәдениет диалогындағы Ясауи мұрасы: гуманистік бағыт-бағдар мен заманауи сын-қатерлер : халықаралық симпозиум материалдары (Түркістан қ., 15–16 мамыр, 2025 ж.). Т. 1. – Түркістан: «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы, 2025. – 13–21-бб. 

Монография:

1. Нурматов Ж.Е., Төлегенов М.Ж., Мырзабеков М.М., Абдрасилов Т.Қ. Имам Матуриди және матуридилік: ұжымдық монография. – Түркістан: «Асыл», 2025. – 101 б. (баспаға дайындалуда) 

Оқу құралы:

1. Нурматов Ж.Е. Кәлам тарихы: оқу құралы. – Түркістан: «Асыл», 2025. – 120 б. (баспаға дайындалуда)

Аударма:

1. Əбу Муин əн-Нəсафи: Тəбсиратул Əдиллə. 3-том. Ауд. Ж.Е. Нурматов, З.П. Муминова.   – Алматы: Асыл ЖК, 2025. – 182 б. (баспаға дайындалуда). 

1. Əбу Муин əн-Нəсафи: Тəбсиратул Əдиллə. 4-том. Ауд. Ж.Е. Нурматов, З.П. Муминова.   – Алматы: Асыл ЖК, 2025. – 177 б. (баспаға дайындалуда).