shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2023-2025 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру жобалары

AP19680610 - Түркістан облысының шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріндегі брендті басқару мәселелерін анықтау

 

Жобаның жалпы қаржысы: 47 950 425 (қырық жеті миллион тоғыз жүз елу мың төрт жүз жиырма бес) теңге

 

Жоба жетекшісі: Сыздықова Азиза Оралбайқызы

 

Идентификаторлар:

 

o       Researcher ID: AAQ-5459- 2020

o       ORCID: https://orcid.org/0000-0002-1377-0026 

o       Scopus Author ID: 57204741766 

 

Тақырыптың өзектілігі: ШОК-дарды ел экономикасының локомотиві және елдегі жұмыспен қамтудың маңызды бөлігін құрайтынын ескерсек, ШОК-дар үшін бренд болу өте маңызды. Бренд құндылығын жасау компанияның болашақ ұрпаққа берілуін айтарлықтай қолдайды, сондықтан ШОК-дар физикалық инвестицияларға ғана емес, сонымен қатар сенімді бренд коммуникация жоспары бар өз брендтеріне инвестиция салуы керек. Бұл жасалуы мүмкін нәрсе. Дегенмен, ШОК-дардың маркетингтік хабардарлығы әлі де жоқ.Сонымен қатар бұл бағыттағы әдебиет түсініксіз, шашыраңқы, салыстырмалы түрде аз. Бұл жобаның негізгі мақсатының бірі осы бағыттағы кемшілікті толтыру болып табылады.

 

Тақырыптың мақсаты: Бұл зерттеудің мақсаты Түркістан облысындағы шағын және орта кәсіпорындардың (ШОК) брендті басқарумәселелерін анықтау, секторларға қарай ШОК-дардың брендинг шеңберінде орындайтын жұмыс өлшемдерін айқындау, сонымен қатар цифрлік брендингтің маңызын талдау болып табылады.

 

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: Жобаның нәтижелері шетелдік және отандық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланады. ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын шетелдік және (немесе) отандық басылымда кемінде 2 (екі) мақала немесе шолу; Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие рецензияланатын ғылыми басылымда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу; Жобаның түпкілікті нәтижелері баспа басылымдарында монография түрінде жарияланады.

 

Зерттеу тобының мүшелері:

 

Аты-жөні

Scopus Author ID

Researcher ID

ORCID

Жобадағы қызметі

1

Сыздықова Азиза

PhD, қауымдастырылған профессор

57204741766

ResearcherID

-AAQ-5459- 2020

ORCID- 0000-0002-

1377-0026

Жетекші

2

Абубакирова Актолкин PhD, қауымдастырылған профессор

51863151800

ResearcherID

-AAQ-6885- 2020

ORCID- 0000-0002-

1803-5944

орындаушы

3

Азретбергенова Гулмира э.ғ.к., қауымдастырылған профессор

56016614400

 

ORCID- 0000-0002-

9070-7055

орындаушы

4

Балтабаева              Алена

Юлдашқызы,           ф.ғ.к., қауымдастырылған

профессор

57211611191

ResearcherID

-AAC-1602- 2019

ORCID- 0000-0003-

3479-1827

орындаушы

5

Жетибаев Жантуре PhD, қауымдастырылған

профессор м.а.

57217587481

 

 

орындаушы

6

Байдуллақызы Ақмарал,

магистрант

 

 

 

орындаушы

 

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

Күнтізбелік жоспар тармақтарының іс-шараларын нақты орындау

2023 жыл

1

Әлемдегі және Қазақстандағы ШОК контекстіндегі брендинг бойынша әдебиеттерге библиометриялық талдау жасалды. Атап айтқанда, теориялық шолу жасалынды: ШОК-дардағы брендинг мәселесін қарастырған Scopus және Web of Science базаларындағы 2018 – 2019 – 2020 – 2021 - 2022 жылдарындағы жарияланымдар салыстырылды, талданды. Жалпы Scopus халықаралық библиографиялық және реферативті базасында «branding» түйін сөзімен «Business, Management and Accounting» және «Economics, Econometrics and Finance» ғылым салаларында жалпы саны 4712 жарияланым шыққан. Оның ішінде 3 345 ғылыми мақала, 843 кітап бөлімі, 163 Конференцияда баяндама, 141 кітап және т.б.ғылыми жұмыстар. Ал жоба тақырыбына тікелей қатысты «branding in SMEs» түйін сөзімен 2018-2022 жылдар арасында 167 ғылыми мақала жарияланған. Ал Web of Science халықаралық библиографиялық және реферативті базасында «branding in SMEs» түйін сөзімен 2018-2022 жылдар арасында 325 мақала жарияланған. Ашық ресурстардан қол жеткізілген 100-ге жуық мақала талданды. Сонымен қатар отандық ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар мен шолулар жинақталды, нәтижелері салыстырылды. Теориялық талдау нәтижесінде 2 ғылыми мақала дайындалды. Түркістан облысындағы шағын және орта кәсіпорындар бойынша статистикалық мәліметтер жинақталды, талдау жасалды. 

Жұмыстардың негізінде ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда 1 ғылыми мақала жарияланды: 

Сыздықова А., Азретбергенова Г. Түркістан облысының экономикасында шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін бағалау //«Мемлекеттік аудит–Государственный аудит». – 2023. – Т. 61. – №. 4. – С. 158-169. DOI: https://doi.org/10.55871/2072-9847-2023-61-4-158-169  

 

Сонымен қатар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысының экономикалық сериясына “Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнде брендті позициялау стратегиясын қалыптастыру” атты мақала жіберілді. Аталмыш мақала 2024 жылы жарияланды. 

2

ШОК-дардағы брендинг бойынша әдебиеттерді пайдалана отырып, сауалнама сұрақтары құрастырылып дайындалды. Сауалнама жүргізуге дейін зерттеу құжаттары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің «Зерттеулер бойынша этикалық комиссиясы»-на ұсынылып, ресми рұқсат алынды (06.10.2023 ж. №1 хаттама).  Сауалнама жүргізетін негізгі басым объектілері болып Түркістан облысының Жетісай, Сайрам, Сарыағаш аудандары мен Түркістан қаласында орналасқан ШОК субъектілері болып анықталды және кәсіпорындарға Ілеспе хаттар жіберілді. Бұл процессте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мекемесімен ынтымақтастық жасалды.

Сауалнама сұрақтары үш негізгі бөлімнен тұрады және зерттеу жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылымдалды.

Бірінші бөлім – респонденттің жеке-демографиялық сипаттамаларына қатысты мәліметтерді қамтиды. Бұл бөлімде сауалнамаға қатысушылардың жынысы, жасы, білім деңгейі, қазіргі кәсіпорындағы еңбек өтілі, сондай-ақ атқаратын лауазымы туралы сұрақтар қойылады. Мұндай мәліметтер зерттеудің әлеуметтiк-демографиялық контекстін бағалауға және респонденттердің пікірлерін олардың кәсіби және әлеуметтік жағдайымен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Екінші бөлім – респондент жұмыс істейтін кәсіпорын туралы ақпарат жинауға бағытталған. Аталған бөлімде кәсіпорынның құрылған жылы, оның қызмет ететін нарығы (ішкі немесе сыртқы нарықтар), салалық бағыты (өндіріс, қызмет көрсету, сауда, т.б.), сондай-ақ кәсіпорынның өз секторында қызмет етіп келе жатқан уақыты мен жұмыс істейтін қызметкерлер саны сияқты маңызды мәліметтер жинақталады. Сонымен қатар, бұл бөлімде кәсіпорында тұтынушылармен қарым-қатынасты басқару бөлімі бар-жоғы, кәсіпорынның ресми интернет сайтының және әлеуметтік желілердегі парақшаларының бар-жоғы сияқты заманауи коммуникациялық құралдарды пайдалану деңгейіне қатысты сұрақтар да енгізілген. Бұл ақпараттар кәсіпорынның цифрлық инфрақұрылымын, нарықпен және клиенттермен байланыс деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Үшінші бөлім – кәсіпорындағы брендті басқару мәселелеріне қатысты мәліметтерді қамтиды. Бұл бөлімде сауалнамаға жауап беруші тұлғаның брендті басқаруға деген көзқарасын, оның бұл бағыттағы білімін, тәжірибесін және қатысу деңгейін бағалауға арналған сұрақтар ұсынылған. Сонымен қатар, бұл бөлімде кәсіпорынның қазіргі таңда бетпе-бет келіп отырған негізгі проблемалары, соның ішінде маркетингтік, ұйымдастырушылық, коммуникациялық және бәсекелестік сипаттағы мәселелерге қатысты сұрақтар қамтылған. Осы бөлімдегі сұрақтар зерттеу жұмысында ұсынылған негізгі гипотезаларды тексеру үшін базалық деректерді жинауға негіз болады.

Сауалнама электронды форматта әзірленіп, Google Forms платформасы арқылы жүзеге асырылды. Бұл тәсіл деректерді тиімді әрі жылдам жинауға, сондай-ақ алынған жауаптарды жүйелі түрде өңдеуге мүмкіндік береді. Электронды сауалнама форматы респонденттерге ыңғайлы болуын, олардың анонимділігін сақтауын және зерттеудің сенімділігін арттыруды қамтамасыз етеді.

2024 жыл

3

Күнтізбелік жоспарға сәйкес, зерттеу жұмысы аясында Түркістан облысының бірқатар аудандарына іссапарлар ұйымдастырылып, жоспарланған зерттеу шаралары сәтті жүзеге асырылды. Атап айтқанда, облыс аумағындағы шағын және орта кәсіпкерлік (ШОК) субъектілерінің ең көп шоғырланған аймақтары ретінде танылатын Жетісай, Сайрам және Сарыағаш аудандарына жоба орындаушылары іссапармен барып қайтты. Сонымен қатар, Түркістан қаласы мен өзге де аудандардағы респонденттермен байланыс орнатылып, сауалнама жүргізуге қажетті респонденттік база қалыптастырылды. Бұл процессте «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мекемесімен ынтымақтастық жасалды.

Жетісай, Сайрам және Сарыағаш аудандарына жасалған іссапарлар университет тарапынан ресми түрде бекітілген бұйрық негізінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, Университеттің 2024 жылғы 7 наурыздағы №2/78 бұйрығына сәйкес, 2024 жылдың 13-15 наурызы аралығында Сайрам ауданына, ал 2024 жылдың 25-29 наурыз аралығында Сарыағаш және Жетісай аудандарына жоба орындаушылары А. Сыздықова мен Г. Азретбергенова іссапарға жіберілді. Бұл іссапарлар барысында аймақтағы кәсіпкерлермен байланыс орнатылып, зерттеу үшін қажетті бастапқы мәліметтерді жинақтау жұмыстары жүргізілді.

Сауалнамалық зерттеу Түркістан облысы бойынша онлайн форматта жүргізілді. Бұл тәсіл респонденттердің кең ауқымын қамтуға, уақыт пен ресурстарды үнемдеуге, сондай-ақ алынған деректерді жедел әрі тиімді өңдеуге мүмкіндік берді. Онлайн сауалнама арқылы ШОК субъектілерінің өкілдері өз пікірлері мен тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік алды. 

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижесінде барлығы 1030 респонденттен сауалнама парақтары жинақталып, сараптауға жіберілді. Бұл көрсеткіш зерттеу жұмысының ауқымдылығын және алынған деректердің статистикалық маңыздылығын айғақтайды. Жиналған ақпараттар кәсіпорындардың ерекшеліктерін, аймақтық экономикалық ахуалды және кәсіпкерлердің брендті басқаруға қатысты көзқарастарын кешенді түрде талдауға мүмкіндік береді.

4

     Сауалнама парақтары жинақталды, нәтижелері шығарылды.  Респонденттерге онлайн форматта Google формада жүргізілген сауалнама нәтижесінде жалпы саны 1030 қатысушыдан сауалнама парақтары жинақталды. 

Сауалнаманың нәтижелерін шығару үшін Excel және EQS 6.2 бағдарламаларымен жұмыстар жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша ғылыми мақалалар жарияланды. 

2024 жылы жалпы алғанда ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымдарда 7 мақала жарияланды. 

Жарияланған мақалалар тізімі төменде көрсетілген. 

1. Сыздықова А., Азретбергенова Г. Шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерiнде брендті позициялау стратегиясын қалыптастыру //Economic Series of the Bulletin of the LN Gumilyov ENU. – 2024. – №. 2. – С. 27-44. DOI: https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-2-27-44 

2. Сыздықова А. Цифрлық брендингтің қалыптасуы мен дамуының алғышарттарын анықтау //Научный журнал «Вестник НАН РК». – 2024. – Т. 409. – №. 3. – С. 462-473. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.780 

3. Сыздықова А., Шағын және орта бизнесті қолдаудың шетелдік тәжірибесі //«Мемлекеттік аудит–Государственный аудит». – 2024. – Т. 64. – №.3. – С. 72-81. DOI: https://doi.org/10.55871/2072-9847-2024-64-3-72-81 

4.Сыздықова А., Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелеуді талдау//«Торайғыров университетінің Хабаршысы». – 2024.  – №.3. – С. 348-361. https://doi.org/10.48081/VWBU6257 

5. Сыздықова А., Жетибаев Ж. Шағын және орта кәсіпорындарда цифрландыру мен инновацияның маңызы//Economic Series of the Bulletin of the LN Gumilyov ENU. – 2024. – №.4. – С. 8-22. DOI:  https://doi.org/10.32523/2789-4320-2024-4-8-22

6. Сыздықова А., Азретбергенова Г. Бренд ұғымы және кәсіпорындарда брендингтің маңыздылығын талдау //«Торайғыров университетінің Хабаршысы». – 2024.  – №.4. – С. 367-378. https://doi.org/10.48081/VXRD8286

7. Сыздықова А. Использование социальных сетей с точки зрения корпоративного брендинга //Научный журнал «Вестник НАН РК». – 2024. – Т. 412. – №. 6. – С. 406-420. https://doi.org/10.32014/2024.2518-1467.877

Сонымен қатар жоба орындаушысы магистрант Байдуллақызы Ақмарал «Жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің заманауи мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде бухгалтерлік есеп және есептілік» тақырыбында 1 (бір) баяндама жасады және конференция материалында жарияланды. Конференция материалы ISSN/ISBN 978-9965-32-590-8 номерімен тіркелген.

5

Жоба аясында жоспарланған іс-шараларға сәйкес, жоба орындаушысы Г. Азретбергенова 2024 жылдың 04–11 қазан аралығында Түркия Республикасының Анкара қаласына ғылыми іссапарға жіберілді. Іссапар Университеттің 2024 жылғы 19 қыркүйектегі №2/450 бұйрығына сәйкес ресми түрде бекітіліп, ғылыми-зерттеу жұмысының халықаралық компонентін жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл іссапар зерттеу тақырыбының шетелдік тәжірибемен толықтырылуын, нақтырақ айтқанда, Түркиядағы ШОК субъектілерінің брендинг контекстіндегі даму үрдістерін жан-жақты зерделеуді көздеді.

Іссапар барысында жоба орындаушысы 2024 жылдың 5-6 қазан күндері Анкара қаласында өткен “ATLAS 13th International Congress on Advanced Scientific Studies and Interdisciplinary Research” атты халықаралық ғылыми конференцияға белсене қатысып, өз ғылыми ізденістерінің нәтижелерімен шетелдік ғылыми қауымдастықты таныстырды. Конференция аясында «Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің қазіргі жағдайы мен мәселелері» атты ғылыми баяндама жасалып, қатысушылар тарапынан талқылауға ұсынылды. Бұл баяндама арқылы Қазақстандағы ШОК субъектілерінің дамуы мен олардың брендті басқару саласындағы өзекті проблемалары халықаралық тәжірибе тұрғысынан сараланып, пікір алмасуға негіз болды.

Сонымен қатар іссапар шеңберінде жоба орындаушысы Түркия Республикасының жетекші білім және ақпарат орталықтарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Түркия Ұлттық кітапханасында, Гази университетінің және Анкара Хаджы Байрам Вели университетінің ғылыми кітапханаларында ізденіс жұмыстары ұйымдастырылып, тақырыпқа қатысты заманауи әдебиеттер мен ғылыми мақалалар зерделенді. 

Сонымен қатар, жоба шеңберінде Түркияда жарияланатын ғылыми мақалалар мен зерттеулерге қолжетімді Dergipark Akademik платформасы арқылы ғылыми әдебиеттерді іздеу және талдау жұмыстары жүргізілді. Бұл платформа Түркияда рецензияланатын академиялық журналдардың кең ауқымын қамтитын маңызды ресурс болып табылады.

Іссапар барысында ерекше назар Түркиядағы брендинг саласындағы мемлекеттік қолдау тетіктеріне, соның ішінде Turquality атты ұлттық қолдау бағдарламасына аударылды. Аталған бағдарлама Түркиядағы компаниялардың халықаралық брендке айналуына қолдау көрсетіп, оларды жаһандық нарыққа шығару үшін түрлі қаржылық, институционалдық және инфрақұрылымдық көмек түрлерін ұсынады. Осы бағдарлама аясында көрсетілетін нақты қолдау түрлері мен олардың кәсіпорындардың брендинг стратегияларына ықпалы жан-жақты қарастырылды.

Сондай-ақ, Түркияда брендингті табысты жүзеге асырып жатқан бірнеше шағын және орта кәсіпорындардың тәжірибесі зерттелді. Атап айтқанда, Kahve Diyarı, Volkan İtfaiye және Shikka сияқты кәсіпорындардың брендті қалыптастыру, дамыту және басқару процестері талданып, олардың табысқа жету жолындағы нақты қадамдары мен стратегиялары қарастырылды. Бұл компаниялар Түркиядағы ШОК субъектілері үшін үлгі бола алатын табысты бренд кейстері ретінде бағаланып отыр.

Жалпы алғанда, аталған ғылыми іссапар зерттеу жұмысының теориялық және эмпирикалық базасын кеңейтіп, Қазақстандағы шағын және орта кәсіпорындар үшін шетелдік, соның ішінде түрік тәжірибесін үлгі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Жиналған материалдар зерттеу жұмысының сапасын арттыруға және отандық тәжірибені халықаралық стандарттармен салыстыру арқылы тиімді ұсыныстар әзірлеуге негіз болды.

2025 жыл

6

Зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша ғылыми қауымдастыққа арналған бірқатар мақалалар әзірленіп, беделді халықаралық ғылыми журналдарда жарияланды. Атап айтқанда, Scopus халықаралық ғылыми деректер базасында индекстелетін журналдарда екі (2) ғылыми мақала жарияланды

Жарияланған мақалалардың бірі “Economies” атты ғылыми журналда жарық көрді. Бұл журнал Economics, Econometrics and Finance бағытында жарияланатын беделді басылымдардың қатарына кіреді. Scopus базасындағы квартиль көрсеткіштері бойынша аталған журнал 80-процентилді құрайды, яғни бұл басылым экономика және қаржы саласындағы жоғары рейтингке ие халықаралық ғылыми журнал ретінде танылады. 

Екінші мақала “International Review of Management and Marketing” атты журналда жарияландыБұл журнал General Business, Management and Accounting бағытына кіреді және Scopus дерекқорында 8-процентильдік көрсеткішке ие

Жарияланған мақалалар тізімі төменде көрсетілген:

1. Syzdykova A., Azretbergenova G. Analysis of the Impact of SMEs’ Production Output on Kazakhstan’s Economic Growth Using the ARDL Method //Economies. – 2025. – Т. 13. – №. 2. – С. 38. DOI: https://doi.org/10.3390/economies13020038  

2. Syzdykova A., Azretbergenova G., Zhetibayev Z. Brand Valuation with Hirose Method: An Application in Kazakhstan //International Review of Management and Marketing. – 2025. – Т. 15. – №. 3. – С. 130. DOI:  https://doi.org/10.32479/irmm.17938   

       Сонымен қатар ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда 1 (бір) мақала жарияланды. Жарияланған мақала төменде көрсетілген. 

1. Сыздықова А. Кәсіпорынның бренд құнын бағалауда қолданылатын әдістерді салыстыру //Научный журнал «Вестник НАН РК». – 2025. – Т. 415. – №. 3. – С. 577-590. 

DOI: https://doi.org/10.32014/2025.2518-1467.983 

 

Сондай-ақ, «Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде брендті басқару: Түркістан облысы мысалында» тақырыбындағы монография дайындалып, Университеттің Сенат мәжілісінде ашық дауыс беру нәтижесінде жариялауға ұсынылды (26 қыркүйек 2025 жыл №2 хаттама). Баспадан басып шығару жұмыстары университеттің тауарлар мен қызметтерді сатып алу ережелеріне сәйкес жүргізіліп жатыр. 

7

2025 жылдың 17 қазан күні «Бренд ұғымы және Түркістан облысындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде брендті басқару» тақырыбындағы ғылыми семинар офлайн форматта ұйымдастырылады. Факультеттің іс шаралар жоспарында мақұлданып бекітілді. 

Ғылыми семинардың бағдарламасы мен шақырту хат дайындалып, Түркістан қаласындағы кәсіпкерлерге электронды пошта арқылы жіберілді.