shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2024-2026 жылдарға арналған Жас ғалымдардың гранттық қаржыландыру жобалары

AP22786507 - «Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) геосаяси тұрақсыздық дәуріндегі жаңа теңгерімдік ұйым ретінде»

 

Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі. 

 

Жоба жетекшісі – Арай Ильясова-Шенфельд.

 

Идентификаторлар:

Жобаның зерттеу тобы

ТАӘ

Жоба бойынша лауазымы

Сәйкестендіргіштері (Scopus Author ID, Researcher ID, ORCID, егер бар болса) және тиісті бейіндерге сілтемелері

1

Арай Ильясова-Шенфельд

Жоба жетекшісі, Ғылыми қызметкер 

Хирш индексі h=2

https://orcid.org/0000-0001-6294-3969 Scopus Author ID: 57894563300

2

Арынов Жәнібек

Жетекші ғылыми қызметкер

Хирш индексі h=3

Researcher ID: ADX-7099-2022

https://orcid.org/0000-0003-4136-062X

Scopus Author ID57223692646

3

Салгараев Нұрсұлтан

Ғылыми қызметкер 

 

4

Мейірбек Әсел

Жоба орындаушысы 

 

5

Досболов Абзал

Жоба орындаушысы

Scopus Author ID: 58854545600

Researcher ID: HKW-6990-2023

https://orcid.org/0000-0002-8168-2431

 

Жобаның аңдатпасы

Зерттеу жұмысы Түркі мемлекеттерінің ұйымын (ТМҰ) қазіргі геосаяси тұрақсыздық жағдайында жаңа теңгерімдік ұйым ретінде қарастыруға бағытталған. ТМҰ-ның институционалдық және функционалдық құрылымын, сондай-ақ оның мүше мемлекеттердің сыртқы саясатындағы рөлін талдау арқылы ұйымның аймақтық және жаһандық маңыздылығын анықтау көзделеді.

Зерттеудің өзектілігі әлемдегі геосаяси шиеленістердің артуы, жаһандық күштердің қайта топтасуы және аймақтық ұйымдардың стратегиялық рөлінің күшеюімен айқындалады. Осындай жағдайда түркі мемлекеттерін біріктіретін ТМҰ өзара саяси, экономикалық, мәдени және білім беру ынтымақтастығын нығайту арқылы Орталық Еуразиядағы тұрақтылық пен теңгерімділікті сақтауға ықпал ететін маңызды акторға айналуда.

Зерттеу жұмысының мақсаты – ТМҰ-ның мүше мемлекеттердің сыртқы саяси дискурстарындағы орны мен маңызын анықтау, ұйымның институционалдық қызметін сипаттау және ТМҰ шеңберіндегі салалық әріптестіктің даму деңгейін, әсіресе транспорт пен білім беру саласындағы ынтымақтастықты жан-жақты талдау.

Мақсаты:

Бұл зерттеу жобасының негізгі міндеттері: мүше мемлекеттердің саяси дискурсындағы Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мәнін сараптау, аймақтық ұйым ретіндегі ТМҰ-ның институционалдық функционалын зерттеу және ТМҰ аясындағы мүше мемлекеттердің, атап айтқанда, көлік және білім беру салаларындағы өзара іс-қимылын талдау.

 

Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

 

Жылы

Зерттеу бойынша алынған нәтижелері.

Жарияланымдар (оларға сілтемелері бар) мен патенттер; әлеуетті пайдаланушыларға арналған ақпарат

202жыл

-ТМҰ туралы ғылыми әдебиеттерге жүйелі шолу жүргізу, зерттеу тақырыбына қатысты ағылшын, түрік, қазақ және орыс тілдеріндегі дереккөздерді іріктеу;

-Мүше мемлекеттер (Қазақстан, Түркия, Әзербайжан) сыртқы саясатындағы --ТМҰ-ның орнын анықтау және салыстырмалы талдау жүргізу;

-Бірінші ғылыми мақаланың кіріспе, әдеби шолу және әдістемелік бөлімдерін дайындау.

2025 жыл

Жобаның бірінші кезеңіне қажетті ақпараттарды жинау үшін шет мемлекеттерге іс-сапар.

Жұмыстың орындалуы:

- Жобаның алғашқы кезеңінде ТМҰ-ның мүше мемлекеттердегі саяси маңыздылығын зерттеу жоспарланған еді. Атап айтсақ, Әзірбайжан, Қазақстан және Түркия елдерінің сыртқы саясатындағы ТМҰ-ның маңыздылығы сарапталды. Алғашқы мақаланың Кіріспе бөлімінде не үшін осы үш мемлекет таңдалып алынғандығы негізделді. Сонымен қатар, не себепті ТМҰ-ның осы елдердің сыртқы саясатындағы маңыздылығын зерттеу қажет екендігі түсіндірілді. Негізгі аргумент – қазіргі таңда осы мемлекеттер ТМҰ-ны алға итеруші мемлекеттер. Қаншалықты ТМҰ-ның осы елдердің сыртқы саясатында маңызды екендігін түсіну, және де, қаншалықты осы елдердің арасында ТМҰ-ның қазірі мен болашағы туралы көзқарастардың сәйкес келетіндігін түсіну – ұйымның алдағы уақыттағы тиімді қызмет атқаруына себебін тигізетін болады. 

- Онымен қоса, ТМҰ-ға қатысты ғылыми әдебиетке жүйелі шолу жасалынды. Соның ішінде, ағылшын тілінде, қазақ тілінде, түрік тілінде және орыс тілінде жарияланған әдебиет іріктеліп алынып, әдебиеттік шолу бөлімі жазылды.

- Алғашқы мақаланың методологиясы жазылды. Қойылған мақсатқа шету үшін сапалық әдістер қолданылатындығы түсіндірілді. Соның ішінде, ТМҰ-ға қатысты ресми құжаттар мен ресми мәлімдемелер сарапталады. Оған қоса, үш елдегі дипломаттардан, ресми тұлғалардан және осы саладағы сарапшалардан интервью алынатындығы түсіндірілді.

- Қажетті ақпаратты жинау үшін, ресми веб-сайттар мен ашық ресурстардан ТМҰ-ға қатысты ресми құжаттар мен ресми мәлімдемелер жиналды. Бұл жиналған мағлұматтар 2010-2024 жылдар аралығын қамтыды.   

- Алғашқы деректерді (интервью) жинау үшін Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті зерттеулер бойынша жоба құжаттары этикалық комиссияда қарастырып, 27 қыркүйекте мақұлдау шешімін алды. 28 қыркүйек – 6 қазан аралығында жоба мүшесі Әзірбайжанның Баку қаласы мен Түркияның Анкара қаласына іс-сапармен барып, қажетті интервьюлерді өткізіп келді. Атап айтқанда, екі елдің ресми өкілдерінен, сыртқы істер министрлігіндегі дипломаттардан, және сыртқы саясат бойынша сарапшылардан интервью алынды. Барлығы - 19 интервью алынды. Қазіргі таңда, қазақстандық өкілдерден интервью алыну барсында. Аталған тапсырма жұмыс кестесінде көрсетілген мерзімде аяқталатын болады.

Жобаның бірінші кезеңінің аралық нәтижелерін халықаралық конференцияда таныстыру және бірінші мақалаға жиналған мәліметтерді сараптау. 

Жұмыстың орындалуы:

- Алдын ала зерттеу нәтижелерін тарату жяне басқа ғалымдардан пікірін алу (feedback) мақсатында, 25-27 шілде Сингапурда өткен World Conference on Education and Training 2024 атты конференцияда жоба жетекшісі спикер ретінде қатысқан. Жасалған баяндаманың аты: «The Role of Kazakhstan in the Higher Education Common Space: the EHEA and the Organization of Turkic States».

- Жобаның мақсаты мен аралық қорытындыларын таныстыру үшін, жоба жекетшісі мен жоба мүшесі 29 шілде мен 7 тамыз аралығында Ыстамбұлдағы Ибн Халдун Университеті ұйымдастырған «Түркі әлемінің жаңа ғасыры» атты жазғы мектепке қатысты. Жазғы мектепке әлемнің 30-дан астам мемлекетінен 70 шақты қатысушы қатысты. Жазғы мектеп барсында жобаны таныстырып, осы саладағы әртүрлі зерттеушілерден қосымша пайдалы ақыл-кеңес алу мүмкіндігі туды. 

- Қазіргі таңда жоба мүшелері жоба шеңберінде жиналған мәліметтерді сараптау үстінде. Сараптамалық және қорытынды бөлімдері жазылу үстінде. Аталған тапсырма жұмыс кестесінде көрсетілген мерзімде уақытылы аяқталады деп күтілуде.

2026 жыл

Зерттеу жобасының қорытынды нәтижелерін жүйелеу және ғылыми синтез жасау;

ТМҰ-ның аймақтық тұрақтылық пен геосаяси тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі рөлін ғылыми тұрғыдан негіздеу;

ТМҰ шеңберіндегі саяси, әлеуметтік және экономикалық ынтымақтастықтың кешенді талдауын қамтитын қорытынды монография дайындау;

Екі халықаралық конференцияда жобаның соңғы нәтижелерін таныстыру;

ТМҰ мен түркі мемлекеттерінің сыртқы саясат органдарына арналған ғылыми-талдамалық ұсыныстар пакетін әзірлеу.