shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2025-2027 жылдарға арналған Жас ғалымдардың гранттық қаржыландыру жобалар

AP27511211 - «Түркістандағы киелі жерлерге қатысты аңыз-әпсаналардың аксиологиялық сипатын айқындау және жастар тәрбиесінде қолдану механизмдері»

 

Жоба іске асырылатын конкурстың атауы: 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыруға арналған конкурсы. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

 

Жоба жетекшісі – Камалова Фэриде Болатқызы, PhD

Идентификаторлар:

 

Жобаның зерттеу тобы

Тегі, аты, әкесінің аты

Жоба бойынша лауазымы

Сәйкестендіргіштері 

(Хирш индексы, ORCID, Scopus Author ID)

1

Камалова Фэриде Болатқызы

Жоба жетекшісі

ORCID: 0000-0002-9660-0152 

Scopus Author ID: 57213592069

1

Төлегенов Мұхит Жылқайдарұлы

PhD., аға оқытушы

ЖетекшіҒылыми Қызметкер

Web of Science Researcher ID: HGB-1060-2022 

ORCID: 0000-0002-8325-3278

2

Шылмамбетов Саян Турысбекович PhD., аға оқытушы

Аға Ғылыми Қызметкер

ORCID: 0000-0002-5734-3149

3

Усаинова Акмоншак Нурлановна

Аға Ғылыми Қызметкер

Researcher ID Web of Science: LUY-3909-2024

ORCID: 0000-0002-2092-8733

4

Мирзараимова Мухайё Азатовна

Кіші Ғылыми Қызметкер

ORCID: 0009-0006-7627-3082

5

Кәрім Асылхан Әбдікалиұлы

Кіші Ғылыми Қызметкер

 

 

Мақсаты:

Түркістандағы киелі жерлерге қатысты аңыз-әпсаналарда кездесетін құндылықтарды жүйелі түрде талдап, олардың заманауи қоғамға тигізетін тәрбиелік әсерін анықтау. Сондай-ақ жастар тәрбиесіндегі ұлттық сананы қалыптастыру, рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру және патриотизм сезімін дамыту жолдарының механизмін айқындау.

 

Жобадан күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер:

 

Күнтізбелік жоспарға сәйкес іс-әрекеттер

Күнтізбелік жоспарға сәйкес есеп 

Күнтізбелік жоспар бөлімі: №1. Түркістан өңірінің ономастикалық кеңістігі бойынша агиографиялық деректерді жинау, сипаттамасын беру

Түркістан өңірінің ономастикалық кеңістігі бойынша Арыстан бап, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Қылует, Құмшық ата қылуеті, Гауһар ана, Үкәша ата, Ер Қоян ата, Жылаған ата, Ысқақ бап, Баба түкті Шашты Әзіз, Балықшы ата, Қазаншы ата, Қарабура әулие т.б. киелі орындарға қатысты агиографиялық деректер жинақталды. Жинақталған материалдар негізінде оларға дінтанулық, феноменологиялық, герменевтикалық, компаративистикалық талдаулар жасалып, ұсыныстар мен тұжырымдар әзірленді. 

Күнтізбелік жоспар бөлімі: №2. Сакралды нысандарға қатысты аңыз-әпсаналарды, хикаяларды жинақтау, жазба және ауызша қайнар-көздерден зерделеу

Түркістан облысындағы сакралды нысандарға негіз болған киелі тұлғалар мен әулиелердің өміріне, ілімі мен мұраларына қатысты деректер зерделенді. Атап айтқанда, Арыстан бап, Ибраһим ата, Қарашаш ана, Қожа Ахмет Ясауи, Имам Марғозы, Құсшы ата, Үкәша ата, Ер Қоян ата, Үйрек ата, Балықшы ата, Ибраһим Қауғани, Әлқожа ата, Жүсіп ата, Құрышхан ата, Бадр ата, Ұзын ата, Баба түкті Шашты Әзіз, Ысқақ бап, Шахан ата, Ғайып Ерен Қырық Шілтен, Асық ата әулие т.б. киелі тұлғалар жайлы мәліметтер мен аңыз-әпсаналар талданып, осы негізде ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымдағы журналға (ҚазҰУ Хабаршысы. Дінтану сериясы) 1 мақала әзірленіп, жарияланды:

1. F. Kamalova, M. Tolegenov, A. Ussainova, S. Shylmambetov. Typology of Legends Related to Sacred Objects in the Turkestan Region // Хабаршы. Дінтану сериясы. №3 (43) 2025. https://doi.org/10.26577//EJRS20254334.

Сонымен қатар 2025 жылдың 1-3 қазанында Қожа Ахмет Ясауи университетінің Түркология Ғылыми-Зерттеу институты ұйымдастырған ХІ Халықаралық Түркология Конгресінде «Түркі халықтарындағы Қожа Ахмет Ясауи мен оның шәкірттерімен байланысты аңыз-әпсаналардың социо-психологиялық функциясы» деген тақырыпта баяндама жасалды. Конгресс материалдары желтоқсан айында жарық көреді.   

Күнтізбелік жоспар бөлімі: №3. Сакралды нысандарға қатысты ақпараттық-анықтамалық далалық зерттеу жұмыстарын жүргізу 

Түркістан облысындағы сакралды нысандарға қатысты ақпараттық-анықтамалық далалық зерттеу жұмыстары жүргізіліп, Арыстан бап, Қожа Ахмет Ясауи кесене кешені, Шардарадағы Ұзын ата кесенесі, Созақтағы Ысқақ бап кесенесі т.б. киелі орындарға ғылыми-танымдық мақсаттағы зиярат жасалды. Зиярат барысында сол жердің тұрғындарынан әулиелерге қатысты аңыздар, деректер сұралып, хатқа түсірілді. 

Ғылыми жобаның аясында ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектері талданып, зерделенді. Олар: академик С.Қасқабасовтың үш томнан тұратын Таңдамалы жинағы, оның ішінде «Қазақтың халық прозасы», «Мифология. Фольклор. Әдебиет», «Фольклорная проза казахов» және төмендегідей еңбектер бар: 

1. Дүйсенбі А.К. Түркі аңыздары мен әпсаналары. – Астана: «Сарыарқа» баспасы, 2011. – 260 б. 

2. Ocak A.Y. Kültür Tarihi Kaynağı Olarak Menâkıbnâmeler (Metodolojik Bir Yaklaşım). – Ankara: Türk Tarih Kurumu Basımevi, 1992. – 130 s. 7

3. Армстронг К. Краткая история мифа. – Москва: Эксмо, 2011. – 160 с.

4. Керімбай С., Төлеген М., Нәби Ә., Тасболат А. Яссауи феномені. 4-басылым. – Алматы: «Отбасы хрестоматиясы», 2021. – 450 б.

5. Қожа Ахмет Ясауи есімімен байланысты аңыз, әпсана, хикаялар (құрастырып, алғы сөзін, түсініктерін жазған, баспаға дайындаған Б.Қорғанбеков). Алматы: Эффект, 2009.

6. Дастанов О. «Әулиелі» жерлер туралы шындық. Алматы: Қазақстан, 1967.

7. Сәрсен К. Қожа Ахмет туралы әпсаналар // Қазақстан – Zaman, 2002, 27 желтоқсан.

8. Лыкошин Н. Пол жизни в Туркестане. – Петроград, 1916. – 450 с. 

9. Қазыналы Оңтүстік / Құраст.: Қ.Т.Тәжиев. – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2011. Т. 22: 1-6 томдар.

 

Жарық көрген және баспаға ұсынылған материалдар:

ҒЖБССҚК ұсынған рецензияланатын отандық басылымда 1 мақала жарық көрді:

1. F. Kamalova, M. Tolegenov, A. Ussainova, S. Shylmambetov. Typology of Legends Related to Sacred Objects in the Turkestan Region // Хабаршы. Дінтану сериясы. №3 (43) 2025. https://doi.org/10.26577//EJRS20254334.

2. М.Төлегенов, Ф.Камалова. Түркі халықтарындағы Қожа Ахмет Ясауи мен оның шәкірттерімен байланысты аңыз-әпсаналардың социо-психологиялық функциясы / ХІ Халықаралық Түркология Конгресі, 1-3 қазан 2025.