shape
shape

Бағдарламалар

Ахмет Ясауи университеті / Ғылыми жұмыстар / 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы

BR10965310 - Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу

 

2021-2023 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобасы

Жобаның жалпы қаржысы: 145 800 000 теңге.

Жоба жетекшісінің аты-жөні: PhD Сыздықов Бақдәулет Сапарбайұлы.

Идентификаторлар:

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының алдында тұрған басым міндеттердің бірі қазақ халқының объективті тарихын құру болып табылады. Бағдарлама Қазақ хандығы қалаларының өзіндік ерекшелігін, даму және құлдырау кезеңдерін анықтауға және көрсетуге, оның экономикалық негізін - көшпенділіктің, мал шаруашылығы мен отырықшылықтың үйлесімін, дала мен қаланың өзара қарым-қатынасын негіздеуге мүмкіндік береді, Қазақстан тарихының ортағасырлық кезеңі туралы білімді байытады және толық, жүйелі ғылыми пайым береді. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында археологияның дәстүрлі әдістерімен қатар, пәнаралық зерттеулерде жүргізіледі, оның ішінде жаратылыстану, ақпараттық, мәдени антропологиялық зерттеулерде жүргізіледі. XV-XVIII ғғ. қолжазба деркетеріне ғылыми талдау жүргізіледі, қазба жұмыстарынан табылған нумизматикалық материалдар тартылады. Материалды мерзімдеу кезінде салыстырмалы-тарихи, жүйелі әдістер, жаратылыстану ғылымы әдістер (мысалы, абсолютті калибрленген күндерді алу кезіндегі радиокарбондық әдіс) қолданылатын болады. Палеоэкономиканы зерделеу кезінде палеозоология және палеоботаника әдістері қолданылатын болады. Бағдарламада масс-спектрометрия әдісін қолдана отырып, қазба жұмыстарынан табылған органикалық үлгілерді мерзімін анықтауға ерекше назар аударылады.

Бағдарламаны жүзеге асыру кезінде Сығанақ қалашығында кешенді зерттеулер жүргізіледі, қаланың құрылысы мен функционалдық ерекшеліктері анықталады, көне тұрғындардың этникалық құрамы айқындалады, қаланың Қазақстан тарихындағы рөлі айқындалады, Ұлы Жібек жолындағы Қазақ хандығының қалалары арасындағы экономикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар туралы мәліметтер тереңдетілеп, зерттеу әдістері жетілдіріледі, заманауи технологиялар мен зерттеу әдістерін археологиялық материалдарды зерттеу, өңдеу және талдау жасау үшін қолданылады.

 

Тақырыптың мақсаты: Қазақ хандығының астанасы Сығанақ қалашығы туралы түсінікті кеңейту үшін кешенді археологиялық зерттеулер жүргізу. Қалашықтың материалдық және рухани мәдениетінің негізгі элементтерін қайта жаңғырту, Ұлы Жібек жолындағы Қазақ хандығының көрнекті қалалары арасындағы экононмикалық және әлеуметтік-мәдени байланыстар туралы мәліметтерді тереңдету. Тәуелсіздігіміз бен қуатты мемлекеттігіміздің тірегі ретінде ежелгі қала тарихын дәріптеу.

 

Күтілетін және қол жеткізілген нәтижелер: 1) тұрғын үй және қоғамдық кешендердің жоспары, қалашықтың құрылысы мен функцияналдық ерекшеліктері туралы жаңа деректер алу; 2)тұрғын үй кешендерінің, магистральдық көшелердің және махалля көшелер жүйелерінің планиграфиясы туралы жаңа деректер алынады, бұл Қазақ хандығының ежелгі қалалық орталықтарының функциялануы жайлы түсінігімізді айтарлықтай кеңейтеді; 3)Сығанақ халқының этникалық құрамы туралы жаңа деректер алынады; 4) Сығанақ қалашығының орта ғасырлар кезеңіндегі маңызы мен рөлі және оның мемлекетіміздің тарихи қалыптасуына қосқан үлесі туралы деректер алынатын болады; 5)Сығанақ қаласының Қазақ хандығының басқа қалаларымен мәдени және экономикалық өзара байланысы туралы жаңа деректер алынады, бұл Ұлы Жібек жолында орналасқан қалалардың өзара қарым-қатынасының нақты тарихын қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді; 6) заттарды зерттеу барысында жаңа және толық ақпарат алу, материалдарды мерзімдеу; 7) Қызылорда облысының облыстық музейінің экспозициялары жаңа бірегей артефактілермен толықтырылады; 8) Сығанақты тарихи-мәдени мұра объектісі ретінде сақтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу, ұсынымдар өңірдің туристік тартымдылығын арттыруға ықпал ететін болады, қалашықта туристердің келуіне арналған жаңа презентабельді объектілер құрылады; 9) Ортағасырлық Сығанақ тарихы бойынша тарихи жазба, нумизматикалық және өзге де дереккөздердің электрондық нұсқаларын әзірлеу және сандық деректер базасына енгізу арқылы ескерткіштің цифрлық деректер базасы құрылады.

 

Қол жеткізілген нәтижелер: Жобаны іске асыру кезінде барлық қолжетімді құжаттаманы жүйелеу, ғарыштық және дронмен түсірілген суреттер бойынша қалашықтың топографиясы зерттеліп сараптама жасалды; қалашықтың орталық бөлігінде құрылыстар, магистральдық көшесінің бойында тұрғын үйлер құрылысы зерттелді (қазбаның жалпы ауданы 1000 м3

); қала құрылысының ерекшеліктері мен функциялары туралы, тұрғын үй және қоғамдық кешендер бойынша жаңа деректер алынды; ашылған нысандарда уақытша консервация жұмыстары жүргізілуде; зерттеу жұмыстың барысы толық сипатталып жазылып; археологиялық жәдігерлердің бастапқы және статистикалық сұрыптау жүргізулуде; зертханалық зерттеулер жүргізу үшін сынамалар іріктеліп лабораторияға жіберілді.

Зерттеу тобының мүшелері:

 

Аты-жөні

Scopus Author

Researcher  ID

ORCID

Ескерту

1

Б. Сыздықов

57210560635

 

0000-0001-

8115-5810

 

2

Ж.М.Тулибае  ва

 

 

 

 

2

К.Жетібаев

55927576900

 

0000-0002-

1241-3676

 

3

М.Бахтыбаев

 

 

0000-0002-

9027-0295

 

4.

М.Гурсой

57208454280

 

0000-0003-

1042-5697

 

5

С.Мургабаев

56658749100

 

0000-0002-

4087-4592

 

6

Л.Малдыбек ова

56658736600

 

0000-0002-

7154-4350

 

7

Қ. Арынов

 

 

0000-0003-

1248-7525

 

8

А.Сералиев

 

 

 

 

9

М.Амантуро в

 

 

 

 

 

 

2021 жылдың күнтізбелік жоспарына сәйкес жарияланған жұмыстардың тізімі

  1. Syzdykov B. , Zhetibayev K. , Bakhtybayev M. Research of the system of protection of the medieval city of Syganak // Вестник КазНУ имени аль- Фараби. Серия историческая. Т.103. №4(2021).
  2. Сиздиков Б.С., Жетібаев К.М., Арынов Қ.С., Мургабаев С.С., Бахтыбаев М.М., Гурсой М., Амантуров М.Қ., Малдыбекова Л.Ж., Сералиев А.А. Сығанақ қалашығында 2021 жылы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының  нәтижелері  //  ҚР  Тәуелсіздігінің  30  жылдығына  орай

«Мәдени мұраны сақтау, зерттеу, насихаттау үрдісіндегі өткен белестер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. Шәуілдір, 2021.

  1. Сиздиков Б.С., Жетібаев К.М., Арынов Қ.С., Мургабаев С.С., Бахтыбаев М.М., Гурсой М., Амантуров М.Қ., Малдыбекова Л.Ж., Сералиев А.А. Ортағасырлық Сығанақ қаласының қорғаныс жүйесінің зерттелуі // ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Мәдени мұраны сақтау, зерттеу, насихаттау үрдісіндегі өткен белестер» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағы. Шәуілдір, 2021.

Жоба аясында 2022 жылдары жарияланған еңбектер тізімі

Scopus базасында индекстелетін журналдардағы жарияланымдар:

     1. Мургабаев С.С., Малдыбекова Л.Д., Бахтыбаев М.М., Жетибаев К.М., Гурсой М., Сиздиков Б.С. История орошения Сыганака // Поволжская Археология. №2 (40) 2022. С. 206-214. https://doi.org/10.24852/pa2022.2.40.206.214 

ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБССҚК ұсынған журналдардағы жарияланымдар:

    1. Жетібаев К.М., Сиздиков Б.С., Бахтыбаев М.М., Арынов Қ. Сығанақ қалашығында жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері // Отан тарихы ғылыми журналы, №1 (97) 2022. 209-219 бб. DOI 10.51943/1814-6961_2022_1_209.

    2. Сиздиков Б.С., Жетібаев К.М., Гурсой М., Мургабаев С.С. XVIII-XIХ ғасырлардағы тұрғын үй құрылымы (Ортағасырлық Сығанақ қаласы негізінде) // Отан тарихы ғылыми журналы, №2 (98) 2022. 217-228 бб. DOI 10.51943/1814-6961_2022_2_217.

    3. Бахтыбаев М.M., Арынов Қ.С., Мургабаев С.С. 2022 жылы ортағасырлық Сығанақ қаласының қорымында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері // Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлыттық университеті Хабаршысы «Тарих» сериясы, №3 (106) 2022. 122-137 бб.

https://doi.org/10.26577/JH.2022.v106.i3.013 

    4. Гурсой М., Амантуров М., Бахтыбаев M. Сығанақтың сәулеттік қыш қаптамалары //Абай Атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Хабаршысы «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, № 2(73), 2022. 316-328 бб. https://bulletinhistsocpolit.kaznpu.kz/index.php/ped/issue/view/51/62 

     5. Әбжет Б.С., Бахтыбаев М.М., Жетібаев К.М. Сығанаққа қатысты деректер мен аңызәңгімелер // Ясауи университетінің Хабаршысы ғылыми журналы. №3 (125), 2022. 48-58 бб. https://doi.org/10.47526/2022-3/2664-0686.04 

     6. Арынов Қ.С., Амантуров М., Малдыбекова Л.Ж. Ортағасырлық Сығанақтың шығыс қақпасы: құрылымы және ерекшеліктері // Отан тарихы ғылыми журналы, №3 (99) 2022. 225-235 бб. DOI 10.51943/1814-6961_2022_3_225.

Халықаралық конференция жинақтарындағы жарияланымдар:

     1. Сиздиков Б.С., Гурсой М., Мургабаев С.С., Бахтыбаев М.М., Арынов Қ.С., Малдыбекова Л.Ж. Ортағасырлық Сығанақ қаласының I–ІІ құрылыс қабаттарының абсолюттік хронологиясы // Академическая гуманитарная наука в XX – начале XXI в.: достижения, тренды и перспективы развития. Международная научно-практическая конференция, посвященная 100-летию Ордена Знак Почета Института истории, языка и литературы УФИЦ РАН (мақала қабылданды)

     2. Сиздиков С., Жетібаев К.М., Бахтыбаев М.М. Ортағасырлық Сығанақ қалаcында 2021‑2022 жылдары жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстарының нәтижелері // Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихи-мәдени орта Еуразия даласы археологиясы V халықаралық конгресінің материалдары (Түркістан қ., 11–14 қазан 2022 ж.). 5-том. 184-194 бб.

    3. Мургабаев С.С., Бахтыбаев М.М., Малдыбекова Л.Ж. 2022 жылы Көккесенеде жүргізілген зерттеулердің нәтижелері // Еуразиялық далалық өркениет: адам және тарихимәдени орта Еуразия даласы археологиясы V халықаралық конгресінің материалдары (Түркістан қ., 11–14 қазан 2022 ж.). 5-том. 216-222 бб.