shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!

Құрметті студенттер, университет ұжымы, түркістандықтар және қала қонақтары!
Бүгіннен бастап төрт күн бойы Түркістан қаласында 
Қазақстанның халық әртісі, "Құрмет ордені", "Тарлан" сыйлықтарының иегері, Түркістан қаласының мәдениетін дамытуда сүбелі үлесін қосқан және қаламыздағы қазіргі Сейтметов театрының, университетіміздегі өнер факультетінің негізін қалаған өнер майталманы Райымбек Сейтметовтің 85 жылдық мерейтойына арналған RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі өтпек.
Аталмыш фестивальде еліміздің барлық өңірінен келетін театр, мәдениет орталықтарының әртістері өнер көрсетеді.
Келіңіздер, рухани азық алып демалып қайтыңыздар!
Түркістан қаласындағы Р.Сейтметов театрындағы әртістердің 100 %-ы университет түлектері.
Ұстазын ұлықтауда барын салып, жанын салып жатқан түлектерімізге сәттілік тілейміз!
Кіру тегін.