shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!

Құрметті әріптестер, түлектер және университетіміздің бітіруші курс студенттері!
Сіздерді 27 ақпан күні сағат 11:00-де ректорат ғимаратында орналасқан Серік Пірәлиев атындағы конференция залында жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында өтетін Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жатқан түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
Сонымен қатар бұл іс-шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұрлан Амандық қатысып, жастарға мотивациялық тренинг өткізеді.
Бұл ашық тренинг, жылы жүздесу бітіруші курс студенттеріне керемет мүмкіндік болмақ.
Қызығушылық танытып қатысқысы келетіндерге есік ашық!