shape
shape

Хабарландырулар

Blog Image

ІІ-ші Түлектер форумы өтеді

 
Құрметті Ахмет Ясауи университетінің түлектері!
Сіздерді тәуелсіз еліміздің төл перзенті, тұстас құрдасы, түркі әлемінің білім ордасы атанған университетіміздің
туған күніне орай Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін «Терең тарихтан жарқын болашаққа!» атты
ІІ-ші Түлектер форумына ШАҚЫРАМЫЗ!!!
Форум аясында
-«Ясауи Эндаументі» қорының тұсаукесері болады;
- Форумға шетелдік, отандық түлектерімізбен қатар қорға үлес қосушы бизнес өкілдері мен серіктестіктер, меценаттар қатысады;
- Университеттің білім-ғылымына, мәдениетінің дамуына үлесін қосып жүрген түлектерге Ахмет Ясауи университетінің "ҮЗДІК ТҮЛЕГІ" номинациясы табыс етіледі;
- "Тұран төрінде немесе "Т" операциясы" атты түлектер туралы түсірілген фильм көрсетіледі.
-Форумға келген түлектердің студенттермен кездесуі өтеді.
-Медицина факультетінің түлегі, офтальмолог, жоғары санаттағы дәрігер М.Сейсенбаеваның "Dr.Maira" клиникасының салтанатты ашылуы болады.
Келіңіздер, университет мүддесі үшін құрылып отырған "Ясауи Эндаументі" қорына үлес қосып, университеттің дамуына бірге атсалысайық!
 
Естеріңізге сала кетейік, университетіміз 1991 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Түркістан Мемлекеттік университеті болып құрылып, 1992 жылы 31 қазан күні Анкара қаласында Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы Үкіметтері арасында «Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті етіп қайта құру туралы» келісімге қол қойылған болатын. Яғни 1992 жылы 31 қазанда университетімізге халықаралық статус берілді.
 
Байланыс тел.,
87054118474