Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

ҚР Прокуратура күніне қарсы заң факультетінің студенттері мен түлектері аудиторияда бас қосты

Еліміздің барлық прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бүгін заң факультетінің студенттері мен прокурор түлектері кездесті.
6 желтоқсан Прокуратура күні қарсаңында "Мамандық таңдау жауапкершілік" тақырыбында студенттер прокурор түлектерімізбен тәжірибе алмасып, маман иесі атанғанда кездесетін қиындықтар мен адалдық алаңында қызмет ету жолдары түсіндіріліп, түлектеріміз студенттерге білуі тиіс ережелер бойынша кеңестерін берді.
Келелі кездесу соңында Мақтарал ауданының прокуроры, 2004 жылғы түлегіміз Нақыпбеков Амангелді Өмірзақұлы мен Жетісай ауданының прокуроры, 2006 жылғы түлегіміз Өтегенов Мырзахмет Сейдахметұлына Заң факультеті мен Түлектер қауымдастығының атынан кәсіби мерекелерімен құттықтай келе, студенттермен кездесуге уақыт бөліп келгендері үшін алғыстарын білдірілді.
Құрметті прокуратура саласында қызмет етуші университет түлектері, сіздерді Қазақстан Республикасының Прокуратурасы күнімен құттықтаймыз!
Заңдылықты қадағалау, адам құқықтарын қорғау жолындағы қажырлы еңбектеріңізге сәттілік тілейміз!