Түлектер қауымдастығының төрағасы мен Атқарушы директоры сайланды.
Түлектер қауымдастығының төрағасы мен Атқарушы директоры сайланды.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлектер қауымдастығы 2021-22 оқу жылында университетте қызмет етуші түлектердің бастамасымен ректор Темірбекова Жанар Амангелдіқызының қолдауының арқасында құрылған болатын.
Бүкіл түркі әлемінде жүрген түлектердің басын қосу арқылы университет имиджін көтеруді көздеген аталмыш қауымдастықтың болашаққа бағдары айқын.
Қауымдастық университет түлектерінің біртұтастығын сақтау үшін талай жоспарларды жүзеге асырмақ мақсатында өткен жұмада университетіміздің сенат залында оффлайн/онлайн форматта Түлектер қауымдастығының Жалпы жиналысы өтіп, маңызды шешімдерге қол жеткізді.
Жиналысқа еліміздегі жоғары лауазымды түлектеріміз бен Түркия Республикасынан бірқатар түлектер қатысты.
Түлектердің бас қосуына қонақ ретінде қатысқан университет ректоры Жанар Амангелдіқызы мен Женгиз Томар сөз сөйлеп, түлектердің жұмысына сәттілік тіледі.
Онлайн қатысып отырса да бірін-бірі сағынысып көріскен түлектердің жүрекжарды тілектері мен ұсыныстары көп болды.
Алтынбек Кенжалиев, Сәкен Ханділлаев түлектерімізбен қатар Фатма Сөнмез, Уфук Тузман, Эрсин Гүзел сынды түркиялық түлектеріміз де ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, жиналысқа атсалысып отырды.
Жалпы жиналыстың мақсаты Түлектер қауымдастығының төрағасын, қауымдастық Кеңес (басқарма) мүшелері мен Атқарушы директорын сайлау болатын.
Нәтижесінде, Түлектер қауымдастығының төрағасы болып құқықтану мамандығының 1995 жылғы түлегі, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Азимова Эльвира Абилхасимовна сайланды.
Одан кейін қауымдастықтың Кеңес (басқарма) мүшелері бекітілді. Жалпы жиналыстан соң Кеңес мүшелерінің онлайн байланысы арқылы Түлектер қауымдастығының Атқарушы директорын сайлау үшін Кеңес мүшелері ұсыныстарын дауысқа салды. Нәтижесінде, Атқарушы директор ретінде Асанова Мәриям Тасболатқызы бір ауыздан сайланды.
Қауымдастықтың төрағасы мен Атқарушы директорлары Азимова Эльвира ханым мен Асанова Мәриям ханымды құттықтай отырып, жұмыстарына сәттілік тілейміз!
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 