Еділ Сабырұлы Оспан Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.
Біздің түлек - біздің мақтанышымыз!
Бүгін 20 қаңтар күні Үкімет қаулысымен Еділ Сабырұлы Оспан Оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Еділ Оспан 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетін, Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Ұлыбританиядағы Эксетер унивреситетін (University of Exeter) бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі бар.
Еңбек жолын 2004 жылы Алматы қаласындағы «Құқық және экономика» колледжінің оқытушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қазақ гуманитарлық-заң университетінің оқытушысы, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының жетекші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.
2007-2010 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі.
2010-2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының сарапшысы, инспекторы.
2019-2020 жылдары Қоғамдық саясат институты директорының орынбасары.
2020 жылы – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі.
2020 жылғы қарашадан 2021 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2021 жылғы ақпаннан 2023 жылғы ақпанға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.
2023 жылғы ақпан айынан бастап — Үкімет Аппаратының Әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.
Университетіміздің түлегі Еділ мырзаға сәттілік пен қызметте үлкен абырой тілейміз!
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 