shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Ұстазға тағзым!

Ұстазға тағзым!
Кешегі балаң жастық шақтың бүгінгі есейген есті жігіті мен қыздары болып, мынадай ұлы мерекеде ұстаздарға тағзым етпеу мүмкін емес.
Уақыт қандай жылдам ед (і)!.....
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған балғын бала сияқты едік....
Бүгін міне, есейдік, мектептен сауат ашып білім алдық, қолында дипломы бар жоғары білімді, елге қызмет етер үлкен азаматқа айналдық.
Әрқайсысымыз әр жақта қызмет иесі болып өзімізді тұлға ретінде қалыптастыруға жан салып, елдің дамуына шама-шарқымызша үлес қосуға тырысып жүрген ел ағасы, ел анасы дейтіндей жасқа да келдік. Мұның барлығы ҰСТАЗДАР, сіздердің арқаларыңызда.
Ұстаз деген ұғым бар, мына дүниеде.
Ілмейтінді ілдіретін, білмейтінді білдіретін.
Санаға ақыл ұялататын, арманды алдан қиялататын.
Міне осындай ұғымы ұшар биікпен пара-пар ұстаздың бірінен біздер де тәлім алдық, өстік, жетілдік.
Білім ордасынан әлдеқашан алыстап кетсек те, ақ ордадан түлеп ұшқан әрбір түлектің білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым сағынышпен, құрметпен еске алып отырары хақ.
Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстаздарымызға қандай мақтау, қанша мадақ айтсақ та артықтық етпейді.
Аяулы Ұстаздар, сіздер аман болыныздар!
Ахмет Ясауи университетінің барша түлектері СІЗДЕРДІ
5 қазан ҰСТАЗДАР мерекесімен құттықтайды! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!