"ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" мемлекеттік қызметтегі түлектермен семинар өтті
ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ
Бүгін 27 ақпан күні университетімізде Түркістан облысы, Сауран ауданы әкімдігінде қызмет ететін түлектеріміздің қатысуымен «Елге қызмет – абыройлы міндет» атты тәжірибелік ашық семинар өтті.
Семинарға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Асқар Тұрғанбаев, Экономика, басқару және құқық факультетінің деканы мен оқытушы-профессорлар құрамы және 3, 4-курс студенттері қатысты.
Аталмыш іс-шараға университет түлектері Сауран ауданы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дауырхан Асылбек,
Жер қатынастары бөлімінің басшысы Асылбек Патсаев, Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жанар Жұмабековалар арнайы қонақ ретінде қатысты.
Қонақтар өздерінің университет қабырғасындағы жылы естеліктерін, студенттік шақтағы арман-мақсаттары мен еңбек жолдарын тарқата айтты.
Тәжірибелік семинарға қатысқан студенттерді болашақта мемлекеттік қызметте жұмыс істеу үшін керекті талаптармен таныстырды.
Тек ол ғана емес, мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен ұлтқа қызмет етудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар, бес минуты кем болашақ жас мамандарға мемлекеттік қызметке орналасуға, арнайы тәжірибеден өтуге арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен қолдау шараларымен таныстырды. Соның бірі «Жастар практикасы» бағдарламасы.
Бұл түлектерге мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға көмектесіп, мол мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама екенін айтты.
Сондай-ақ, жиында арнайы қонақ болған ҚР мемлекеттік қызмет істері агентінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Нұрлан Амандық мемлекеттік қызмет жайлы баяндама жасады.
Ол мемлекеттік қызметке қабылдаудың іріктеу кезеңдері, облыстағы мемлекеттік қызметтің бос орындар саны, жұмыспен қамтылған университет түлектерінің көрсеткіші және т.б. жастарға қажетті мәліметтерді ұсынды.
Бас қосу соңында студенттер өздерін қызықтырған сауалдарын ортаға салып, нақты жауаптар алды.
Білімгерлер өз тәжірибелері мен еңбек жолдарымен бөлісіп, мемлекеттік қызметтің маңызын жеткізген спикерлерге алғыстарын білдірді.
Қонақтар өздері білім алған қара шаңырақтағы ұстаздары мен кездесуді ұйымдастыруға атсалысқан Түлектер қауымдастығының атқарушы директоры Мәриям Асановаға ризашылықтарын білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.
Университетіміздің атынан да қонақтарға арнайы құрмет көрсетілді.
Біздің түлек-біздің мақтанышымыз!
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 