Дүниежүзілік денсаулықсақтау күніне орай МЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМ-МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ атты марафон өтті.
Университетімізде Медицина факультеті Түлектер қауымдастығының ұйымдастыруымен жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау мақсатында 7 сәуір Дүниежүзілік денсаулықсақтау күніне орай МЕНІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫМ-МЕНІҢ ҚҰҚЫҒЫМ атты марафон өтті.
Марафонда дұрыс тамақтану, адамның қан қысымы мен глюкозасын анықтау, артық салмақтың зияны мен физикалық белсенділіктің маңыздылығы туралы, репродуктивті денсаулық және тағы да басқа тақырыптар жайлы кең көлемде ақпарат берілді.
Бұл іс-шараға Түркиядағы Кастамони университетінің оқытушысы, "Дүниежүзілік түрік жастарының бірлігі" қорының төрағасы, университетіміздің 2005 жылғы түлегі, доктор Ерсин Гүзел мен университетіміздің проректоры Асқар Әбдуәлі және Ахмет Ясауи университеті түлектер қауымдастығының атқарушы директоры-координатор Асанова Мәриям Тасболатқызы қонақ болып, студенттердің ұйымшылдығы мен білімділігіне ризашылықтарын білдірді.
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Түркістан телеарнасы түлектер туралы фильм түсірді.
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады! 