shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Жаңа вице-ректор тағайындалды

Оқу орнымыздың әкімшілік басқару құрамында өзгерістер болды. Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры лауазымына Төлегенов Еділ Мейірбекұлы тағайындалды.
????Бұған дейін университетіміздің әлеуметтік-мәдени бағытын Тұрғанбаев Асқар Әбдуалиұлы басқарған болатын. Білікті басшы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, кәсібилігі мен іскерлік қабілетін жоғары дәрежеде көрсете алды.
????Ендігі кезекте оқу ордамыздың әлеуметтік-мәдени дамуына Төлегенов Еділ Мейірбекұлы жетекшілік етеді.
????Еділ Мейірбекұлы  Ахмет Ясауи университетінің түлегі. Өзі білім алған қарашаңырақ оқу ордасында 20 жылдан астам уақыттан бері қызмет етіп келеді.
????Еңбек жолын оқытушы қызметінен бастап, декан орынбасары, факультет деканы, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, ректор кеңесшісі лауазымдарында қызмет етті.
????Еділ Төлегеновтің жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен білімі жаңа қызметінде жоғары жетістіктерге жетіп, саланы алға жылжытуға ықпал етеріне сенеміз.