Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жыл толуына орай өткен конференцияға университетіміздің тұңғыш президенті, академик Мұрат Жұрынұлы қатысты
20 қараша күні университетімізде атаулы іс-шара өтті.
Ол Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 30 жыл толуына орай өткен конференция еді.
Түркістан облысы мәслихатының негізін қалаушы қоғам қайраткерлері мен облыс атынан сайланған парламент депутаттары қонақ болды.
Солардың бірі университетіміздің іргетасын қалаушы әрі тұңғыш президенті, академик Мұрат Жұрынұлы.
Экс ректорымыз ат басын Түркістанға бұрған сайын ерекше көңілмен, қуанышпен келіп-кетеді.
Өйткені ол кісінің мұнда іздері жатыр, жастарды қанаттандырған сөздері жатыр, төгілген маңдай тері мен еткен еңбегі жатыр.
Келген сайын өзі тәрбиелеген түлектерін іздейді. Кездеседі. Ақылын айтып, жоспарын сұрайды.
Университет түлектерін мақтап, олармен мақтанып отырады.
Бұл кездесуде де солай марқайып, қасындағы қадірлі қонақтарға түлектерінің жетістіктері пен университеттің қалай құрылғандығы туралы қиын да қызықты тарихын баяндап отырды.
Бұл жолғы сапары университетімізге дөп түскендіктен біздің де қуанышымызда шек болмады.
Студент кезімізде Мұрат Жұрынұлының мына сөздері құлағымызда сақталған-ды:
"Өзіңнен тумай ұл болмас, сатып алмай құл болмас" дейтін. Сендер жақсылап білім алыңдар. Өсіңдер, жетіліңдер. Тәжірибе алмасыңдар. Келешекте осы университеттің барлық басқару кілті сендердің қолдарыңда болуы керек.
Сонда ғана университеттің қисайған әрбір шегесіне дейін жандарың ашып, болашақ үшін қызмет ететін боласыңдар!"-дейтін.
Сол сөздерін кешегі кездесуде Мұрат ағаның есіне салып, "солай деуші едіңіз, міне 30 жылдан асқанда жемісін беріп жатыр.
Сырттағы ірі лауазымдағы түлектерді айтпағанда университет қабырғасында факультет деканы, департамент, басқарма басшысы, ректордың орынбасарлары болып қызмет етіп жатқандығын тілге тиек еттік.
Бұл әрине аздық етеді. Келешекте сіз армандаған күнге де жетеміз!"- деген тілегімізге қуанып, "ректор да осы университеттің түлегі болуы керек!" деп батасын беріп, жуырда ғана құрылған "Ясауи Эндаументі" қорына сәттілік тіледі.
Әрбір тұлғаның ізі бар университетіміз дамып, мәртебесі асқақтай берсін!
Естелегі көп ерекше тұлғаларымыз көп болсын!
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 