Кентау-Түркістан тас жолының 5-км жантүршігерлік жол апаты болды.
2025 жылдың 3 ақпанында Кентау-Түркістан тас жолының 5-км жантүршігерлік жол апаты болды. Апат салдарынан қаза болған 6 адамның ішінде біздің өрімдей жап-жас студенттеріміз Нұрай Қаратай мен Шұғыла Сейсенбек те бар екен.
Қыршынынан қиылған қарагөздеріміздің қазасы жанымызға батты.
Ахмет Ясауи түлектері атынан марқұмдардың отбасына қайғыра көңіл айтамыз.
Жылдамдықты арттырма!
Жол үстінде желіп жүрген бауырым,
Қаламасаң қасіреттің дауылын.
Екпініңді сәл бәсеңдет – сені үйде,
Күтіп отыр бала-шағаң, ауылың...
Озамын деп алдағыдан алқынба,
Саған үміт артқан «ел бар» артыңда.
«аман ердің аты шығар сабырлы» –
Деген сөз бар баяғыдан халқыңда.
Қарсы ұмтылма ажал деген пышаққа,
Сыймай кеткен адам аз ба құшаққа.
Жылдамдықты игере алмай жер түгіл,
Құлап жатыр аспандағы ұшақ та...
Көлік міндім, заулап желдей естім деп,
Қателессең артпа жұртқа еш міндет...
Екі сағат жолдан ерте келсең де,
Уақыттан озып көрген ешкім жоқ.
Аямайды темір-құрсау зат деген,
Соғыстан да көбейді өлім, әттеген!
Ата-бабаң қалған емес ешкімнен,
Талай ғасыр жүрседағы атпенен.
Сен сақтансаң, сақтайды ғой «көкте егең»,
Қыл көпірден ешкім аман өтпеген...
Өзгелердің өмірімен ойнама,
Қызық көріп ойнасаң да отпенен.
Желікті қой, аласұрма астам ғып,
Қадамыңды ойла, жаса бастан нық.
Түзу жолда жылдамдықты сақтамай,
Өзіңе өзің жасап жүрсің қастандық!
Кінәламас өз атына лайықты ұл,
Әрбір істің астарына байып қыл.
Біздер кейде өкіметке орынсыз,
Өкпелейміз салыпты деп айыппұл...
Қызық көрмей жап-жас болып тым әлі,
Талай тағдыр орта жолда сынады.
Қателікті жол ешқашан кешпейді,
Біз өзіміз, бәріне де кінәлі.
Әй, бауырым, тізгініңді тарт, тыңда!
Қалыңдатпа қайғысын жас, қарттың да!
Бақытты өмір сүргің келсе, өтінем,
Тәртіп сақта, жылдамдықты арттырма!
Өлең авторы
Асқар Дүйсенбі
1995 жылғы түлек
05.02.25
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 