Бітіруші түлектерге диплом табыстау іс-шарасы өтті
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде
түлектерге салтанатты түрде диплом табыстау рәсімі өтті.
Бұл іс-шарада жылдағы дәстүр бойынша халыққа қалтқысыз қызмет етіп жүрген айтулы түлектеріміз қадірлі қонақ болды.
30 жыл бұрын осы оқу орнынан дипломын алып, өмір жолына үлкен жауапкершілікпен қанаттанып ұшқан 1995 жылғы түлегіміз, Түркістан облыстық Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Қыстауов Болатбек мырза араға 30 жыл салып, университетіміздің отызыншы түлектеріне қуанышты сезіммен диплом табыстады.
Ал өткен жылы қоғамда үлкен резонанс тудырған Бишімбаевтің сотын алып шыққан судья, Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы, 1996 жылғы түлегіміз Көлбаева Айжан ханым да университеттен диплом алып кеткелі 29 жылдан кейін үлкен сағынышпен арнайы қонақ болып, бітірушілерге жүрекжарды тілегін арнады.
Сонымен қатар, 2004 жылы актерлік өнер мамандығын бітіріп кеткен түркиялық түлегіміз Айдемир Гүлтекин де араға 21 жыл салып айтулы іс-шараға қатысып, өзінің Alma-materіне деген қуанышы мен ерекше сезімдерін мақтанышпен жеткізді. Айдемир Стамбул қаласындағы AcademUS Art and Education және Kam-Us баспаларының құрылтайшысы әрі көркемдік жетекшісі болып қызмет атқарады.
Мерекелік кеш университеттің бас ғимаратының алдында өтті.
Салтанатты рәсімді университет ректоры Жанар Темірбекқызы мен ректор өкілі Наджи Генч мырза түлектерге деген тілектерімен ашып, диплом табыстады.
— "Бұл күн сіздердің өмірлеріңіздегі жаңа белес. Бүгін сіздерге табысталған диплом – тек білім куәлігі ғана емес, сонымен қатар еліміздің болашағына қосар үлестеріңіздің бастауы.
Ал, 30 жыл бұрын осындай күннің куәсі болған түлектердің отыз жылдан кейін бізбен бірге болуы – үлкен мәртебе", – деп түлектерімізді мақтанышпен атап өтті ректор Жанар Амангелдіқызы Темірбекова.
Бұл кеш университет пен түлектердің арасындағы алтын көпірдің берік екенін көрсетері анық.
Құрметті жас түлек, қайда жүрсеңіздер де, қандай қызметте болсаңыздар да сіздер білім алған қасиетті жердің, киелі топырақтың иесі Түркістанға, Ясауи бабамыздың атына, өздеріңізге білім берген ұстаздарыңызға сөз келтірмейтіндей абыройлы, адал, таза болыңыздар деп тілейміз!
Біз сіздердің әрбір жетістіктеріңіз үшін қуанып, кемшіліктеріңіз болып қалса мұңаятын бірден бір қолдаушы-қорғаушыларыңыздан екендігімізді ұмытпағайсыздар.
Сәттілік серік болсын,
ақ жол!
Университеттің Түлектер қауымдастығымен қашанда бірге болатындарыңызға сенім білдіреміз!
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 