Хабарландырулар

shape
shape

Жаңалықтар

Blog Image

Батыс Қазақстан облысының прокуроры қызметіне университетіміздің түлегі тағайындалды.

Университетіміздің түлегі, әділеттің аға кеңесшісі шенінің иегері Нұрбек Ұласбекұлы Батыс Қазақстан облысының прокуроры лауазымына тағайындалды.
1998-2002 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған Нұрбек Ұласбекұлы 1981 жылғы 4 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында дүниеге келген.
Аға әділет кеңесшісі сыныптық шені бар.
Еңбек жолын 2002 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
2003-2005 жылдары Қызылорда қаласы прокуратурасында сот қаулыларының заңдылығына қадағалау бөлімі прокурорының аға көмекшісі, Қызылорда қаласы прокурорының көмекшісі, мемлекеттік орган қызметінің заңдылығына қадағалау бойынша Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі болып қызмет атқарған.
2006-2007 жылдары Жамбыл облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот қаулыларының заңдылығына қадағалау басқармасының және тергеу мен анықтаудың заңдылығына қадағалау басқармасының прокуроры қызметін атқарған.
Біз түлектеріміздің жетістігімен мақтанамыз!
 
Нұрбектің жаңа қызметіне сәттілік тілей отырып, абырой биігінен түспеуіне тілектестігімізді білдіреміз!