Біз туралы
Қауымдастық тарихы
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түлектер қауымдастығы университетте қызмет етуші түлектердің бастамасымен ректор Темірбекова Жанар Амангелдіқызының қолдауының арқасында 22.06.2021 жылғы сенат мәжілісінің (№9 хаттама) шешімі негізінде құрылды.
Бүкіл түркі әлемінде жүрген түлектердің басын қосу арқылы университет имиджін көтеруді көздеген аталмыш қауымдастықтың болашаққа бағдары айқын.
Қауымдастықтың ұйымдастыруымен өткізілетін мәдени және іскерлік шаралар университет түлектерінің біртұтастығын сақтауға негіз болады деген сенім білдеріміз!
Қауымдастық мақсаты
Қауымдастық Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түлектерін біріктіру, арадағы ынтымақтастықты күшейту, олардың кәсіби сапасын және іс-тәжірибелік дағдыларын тұрақты жетілдіру үшін жағдай жасау, кәсіби мүдделерінің құқықтарын қорғауда материалдық, моральдық және құқықтық қолдау көрсету, университеттің стратегиялық дамуына көмектесу, университетте даярланған мамандарды жұмысқа орналастыруға, әлеуметтік, экономикалық, саяси және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыруға ықпал ету.
Қауымдастық міндеттері:
- Қауымдастық филиалдарын немесе өкілдіктерін ашу арқылы барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнату. Жыл сайын дәстүрлі түрде жалпыуниверситеттік «Түлектер күнін» атап өту (сәуір айының соңғы күні)
- Барлық буындағы түлектер арасындағы тұрақты байланыстарды орнатуға және қолдауға көмектесу;
- Заманауи білім алушының мәдени өсуіне мүмкіндік жасай отырып, олардың рухани және басқа да материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру;
- Ахмет Ясауи университеті түлектерін белсенді қоғамдық қызметке рухани бағдарлау және тарту мақсатымен олардың неғұрлым дарынды бөлігінің жеке қабілеттерін айқындау;
- Ахмет Ясауи университеті түлектері мәртебесінің абырой-беделін арттыруға көмектесу;
- Түлектердің кәсіби мүдделерін жүзеге асыруға ықпал ету, олардың жұмысқа орналасуына көмектесу;
- Түлектерге материалдық көмек көрсету, демеушілік қызметті ұйымдастыру, ғылымда жетістікке жеткен және мүмкіндігі шектеулі, әлеуметтік жағдайы төмен білім алушыларға қолдау көрсету үшін «Эндаумент-Яссы» қорын құру арқылы осы мақсаттарға қол жеткізу;
- Семинарлар, конференциялар, дәрістер, курстар және насихаттық іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- Білім беру бағдарламаларын сараптамадан өткізуге қатысу;\
- Білімгерлерді кәсіптік практикадан өткізуге қолдау көрсету;
- Университетке имидждік қолдау көрсету (телевизиялық бағдарламаларда және т.б. бұқаралық ақпарат құралдарында насихат жұмыстарын жүргізу);
"ЖАЗУШЫ МЕН ӘДЕБИ ДӘСТҮР» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ
30 қыркүйек Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің күніне орай ұлттық спорт түрі тоғызқұмалақ, асық атудан Түркістан облыстық Әділет басқармасы қызметкерлері мен студенттер арасында Жолдастық кездесу және Заң мен тәртіп: «Әділдік жолы-ад
Отбасы күніне орай "Жұптасқан жүректер-түлектер!" мәдени-рухани сазды кеш
"AQ JOL, YASAWI TÚLEGI – 2025" диплом табыстау рәсіміне шақырамыз!
ІІ-ші Түлектер форумы өтеді
Сауран ауданы әкімдігінде қызмет етіп жүрген түлектеріміздің "ЕЛГЕ ҚЫЗМЕТ-АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ" атты тәжірибелік семинарына шақырамыз!
RAIYMBEK FEST 1-Республикалық театр фестивалі шақырады!
Журналистиканың талантты түлектері әдеби кешке шаұырады!
Түркі дүниесінің ынтымақтастығы күні құтты болсын!
Еңбек адамдарын насихаттау, құрметтеу мақсатында "Менің жетістігім — менің нәтижем!" тақырыбы бойынша онлайн дәріс
Таңдау сенде, жас түлек!
Елге қызмет-абыройлы міндет!
Медицина қызметкерлерінің күні құтты болсын!
журналист, сатирик-жазушы Үміт Зұлхарованың "Келеке керек пе?" атты кітабының таныстырылымына шақырамыз! 