Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ISO 9001:2015 бойынша сыртқы аудит өтеді: тұрақты даму мен халықаралық сенім жолындағы сенімді қадам
2025 жылдың 13–16 мамыр аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 Халықаралық стандартына сәйкестігін растау бойынша сыртқы сертификаттау аудиті өтеді.
Аудитті Анкара қаласындағы Түрік стандарттар институты (TSE) — IQNet халықаралық желісі аясында аккредиттелген ресми ұйым өткізеді.
Аудиттің мақсаты — университеттің сапа менеджменті жүйесінің тиімділігі мен жетілгендігін бағалау, ISO 9001:2015 стандарты талаптарына сәйкестігін растау және тұрақты даму бағыттарындағы жетілдіру аймақтарын анықтау. Аудит аясында қолданыстағы сертификатты жаңарту және университеттің барлық негізгі құрылымдарының қызметі қарастырылады.
Аудиторлық топтың құрамы: мырза Решит Языджыоглу — TSE бас аудиторы, д-р Зюльфие Дағлы — TSE аудиторы
Төрт күн бойы аудит тобы ректорлық, факультеттер, колледж, ғылыми-зерттеу институты, әкімшілік және көмекші қызметтер, соның ішінде кітапхана, архив, техникалық және шаруашылық қызметтер, жабдықтау және қамтамасыз ету бөлімдерінің жұмысына талдау жүргізіп, сұхбаттар мен тексерулер өткізеді.
Аудит күндізгі форматта өтеді және стратегиялық жоспарлаудан бастап қызмет көрсету мен құжаттамалық қолдауға дейінгі негізгі үдерістерді қамтиды. Ерекше назар — сапа менеджменті, кері байланыс, тәуекелдерді басқару, ішкі аудит, ашықтық пен ішкі және сыртқы талаптарға сәйкестік механизмдеріне аударылады.
Бұл аудит — жай ғана тексеру емес. Бұл — халықаралық сарапшылармен ашық диалог, қол жеткізілген нәтижелерді тану және университеттің сапа қағидаттарын күнделікті академиялық, әкімшілік және ғылыми қызметке қалай енгізгенін көрсету мүмкіндігі.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті үшін бұл — стратегиялық маңызды кезең: университет ISO 9001:2015 стандарты бойынша қайта сертификаттаудан ғана емес, сонымен қатар сандық трансформацияны, сапаны жүйелі мониторингтеуді және ішкі басқарудың тиімділігін арттыруды көздейтін бағалау аясын кеңейтуге толық дайын екенін көрсетуде.
Университет ұжымға атқарған жүйелі дайындығы және сапа мәдениетін қалыптастырудағы қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді. Аудит — бұл жай инспекция ғана емес, бұл — болашақты бірге ой елегінен өткізу процесі. Барлық әріптестерді бұл үдеріске кәсібилікпен және ашықтықпен атсалысуға шақырамыз. Біз бірге Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін мықтырақ, ашық әрі халықаралық деңгейге жақын ете түсеміз.
Стратегиялық даму, рейтинг және сапа орталығы