Көмекші стратегиялар талқыланған стратегиялық сессиялардың екінші легі басталды
01-10 ақпан күндері университетімізде қосымша стратегиялық бағыттарды талқылауға арналған стратегиялық сессиялар ұйымдастырылды. Іс-шараға Әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры Тулегенов Е.М., Тұрақты даму ҒЗО директоры Гаипов Т.Э., Жастар саясаты департаментінің директоры Болат Ж.Б., Жастар орталығының басшысы Әскербекова А.С., кадр бөлімі басшысы Сыздыкова Ж.С., кәсіби бағдар және маркетинг бөлімінің басшысы Қалықұл А.Ж., шаруашылық департаментінің бас маманы Адырбеков С.М қатысты.
Сессияның негізгі мақсаты – көмекші стратегияларды құру арқылы университеттің қазіргі даму бағдарламасын толықтыратын жаңа бағыттарды анықтау және алдағы кезеңге арналған басымдықтарды белгілеу. Атап айтканда:
- Адам ресурстарын тиімді басқару
- Инфрақұрылымды дамыту
- Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру стратегиясы
- Кәсіби бағдар маркетингтік стратегиясы
- Студенттік көшбасшылық әлеуетін дамыту стратегиясы.
Талқылау барысында қатысушылар ішкі және сыртқы факторларды ескере отырып, бірқатар маңызды ұсыныстарды ортаға салды. Атап айтқанда, тиімділікті арттыру, цифрлық шешімдерді енгізу, сондай-ақ команданың кәсіби әлеуетін дамыту мәселелері көтерілді.
Сессия қорытындысы бойынша қосымша стратегиялардың бірнеше перспективалы бағыты айқындалып, оларды іске асыру үшін нақты бастамалар ұсынылды. Алдағы уақытта қабылданған шешімдер негізінде іс-шаралар жоспары әзірленіп, олардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізіледі.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ISO 9001:2015 бойынша сыртқы аудит өтеді: тұрақты даму мен халықаралық сенім жолындағы сенімді қадам