Хабарландырулар

shape
shape

Өсімдік физиологиясы, фитопатология және биотехнология зертханасы

  • Басты бет
  • Өсімдік физиологиясы, фитопатология және биотехнология зертханасы

Өсімдік физиологиясы, фитопатология және биотехнология зертханасы

Мақсаты:

Өсімдіктердің физиологиялық үдерістерін, ауруларының (фитопатология) даму механизмдерін және биотехнологиялық әдістерді кешенді зерттеу арқылы өсімдік өнімділігін арттыруға, ауруларға төзімді сорттарды дамытуға және ауыл шаруашылығы мен биомедицина салаларына инновациялық шешімдер енгізуге үлес қосу.

Міндеттері:

  • Өсімдіктердің өсуі, дамуы және физиологиялық күйін молекулалық, жасушалық және биохимиялық деңгейде зерттеу;
  • Өсімдік ауруларын тудыратын патогендердің (саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар) биологиясын және таралу заңдылықтарын анықтау;
  • Өсімдіктердің абиотикалық және биотикалық стресс факторларына төзімділік механизмдерін зерттеу;
  • Өсімдік жасушалары мен ұлпаларын in vitro жағдайында өсіру, микроклондық көбейту әдістерін әзірлеу;
  • Генетикалық және биотехнологиялық әдістерді қолдана отырып, жоғары өнімді және ауруға төзімді өсімдік формаларын алу;
  • Биологиялық белсенді қосылыстарды (фитогормондар, екіншілік метаболиттер) зерттеу және алу;
  • Ауыл шаруашылығы өндірісіне арналған биотехнологиялық өнімдер мен технологияларды әзірлеу;
  • Экологиялық қауіпсіз және тұрақты агротехнологияларды дамытуға ғылыми негіз қалыптастыру;

Ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру және кадрларды даярлау.