Экология зертханасы
Мақсаты:
Экологиялық мониторинг, жасыл технологиялар және қолданбалы микробиология салаларындағы ғылыми-инженерлік шешімдер арқылы экологиялық тұрақты өндірісті дамытуға, өңірлердің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және қайта өңдеу өндірістерінің тиімділігі мен экологиялық қауіпсіздігін арттыруға бағытталған кешенді консалтингтік және инжинирингтік қызмет көрсету.
Міндеттері:
- Қоршаған ортаның (ауа, су, топырақ) жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізу және ластану деңгейін бағалау;
- Өндірістік және қайта өңдеу кәсіпорындарының экологиялық тәуекелдерін талдау және экологиялық аудит жүргізу;
- Қалдықтарды басқару, сұрыптау және қайта өңдеу үдерістеріне инженерлік және технологиялық қолдау көрсету;
- Жасыл технологиялар мен ресурсты үнемдеу шешімдерін әзірлеу және енгізу;
- Қолданбалы микробиология әдістерін пайдалана отырып, биоремедиация, биотазалау және биоконверсия технологияларын дамыту;
- Өндірістердің көміртек ізін бағалау және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу;
- Экологиялық стандарттар мен нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша консалтингтік қолдау көрсету;
- Өңірлік тұрақты даму жобаларына ғылыми-техникалық сараптама жүргізу;
- Инженерлік-жобалық құжаттамалар әзірлеу және технологиялық шешімдерді сүйемелдеу;
- Экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму саласында кадрларды даярлау және біліктілікті арттыру.