Хабарландырулар

shape
shape

Клиника базасында озық аспаптық диагностика орталығы

  • Басты бет
  • Клиника базасында озық аспаптық диагностика орталығы

Клиника базасында озық аспаптық диагностика орталығы

Мақсаты: Заманауи жоғары дәлдіктегі аспаптық диагностика әдістерін (магнитті-резонанстық томография, фиброскан, т.б.) қолдану арқылы әртүрлі ауруларды ерте кезеңде анықтау, диагнозды нақтылау және емдеу тиімділігін бағалау.

Міндеттері:

  • Магнитті-резонанстық томография (МРТ) арқылы орталық жүйке жүйесі, тірек-қимыл аппараты, ішкі ағзалар мен жұмсақ тіндердің құрылымдық және функционалдық жағдайын зерттеу;
  • Фиброскан әдісімен бауыр тінінің серпімділігін, фиброз және стеатоз дәрежесін инвазивті емес жолмен анықтау;
  • Ауруларды ерте диагностикалау және асқынулардың алдын алу;
  • Диагностикалық зерттеулердің қауіпсіздігін, сапасын және стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету;
  • Алынған нәтижелерді клиникалық деректермен салыстыра отырып, дәл қорытынды ұсыну;
  • Емдеу тактикасын таңдауда клиницистерге ақпараттық қолдау көрсету;
  • Диагностикалық процестерге инновациялық технологияларды енгізу және жетілдіру;

Науқастарға жоғары сапалы, қолжетімді және дәл медициналық қызмет көрсету.