- Құқықтық нормаларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, заңдылық пен тәртіпті, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қылмыстармен және басқа да құқық бұзушылықтармен күресуге, жазаны орындауға, құқықтық тәрбие беруге бағытталған құқық қорғау қызметі.
- Kәсіби қызмет объектісі құқық қорғау органдары, мемлекет билік пен сот, атқарушы және өкілетті органдары, мемлекет және мемлекеттік емес кәсіпорындар, адвокатура, банкілер, сақтандыру және аудиторлық компаниялар, білім беру ұйымдары бола алады.