Хабарландырулар

shape
shape

Бағдарлама нәтижелері

- зерттелетін салада мәліметтерді  жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті көрсетеді (ОН1).

- интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады (ОН2).

- кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады  (ОН3). 

- экономика, экология, құқық, гендерлік саясат, кәсіпкерлік және қаржылық сауаттылық ұғымдарын меңгеріп,  кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарды және мемлекеттік қызмет этикасын сақтайды  (ОН4).

- тиісті цифрлық технологияларды, құралдар мен теорияларды пайдаланып, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында болжау  мен басқару процесін біріктіруге қабілетті (ОН5);

-мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, нұсқаулардың, талдамалық есептердің жобаларын әзірлейді (ОН6);

-мемлекеттік басқару, кәсіпорынды басқару, жобаларды басқару, персональды басқару тиімділіктерін бағалайды (ОН7);

- мемлекеттік қызмет көрсету  сапасының тұрақты  тұрақты мониторингі нәтижелерін талдап, жақсарту ұсыныстарын әзірлейді (ОН8);

-мемлекеттік саясат пен реттеудің әдістері мен құралдарын пайдаланып, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қалалар мен басқа да аумақтық бірліктердің ресурстарын басқаруға қатыса алады (ОН9);

-ұлттық стратегиялық даму бағдарламаларын, өнеркәсіптік саясат және нормативтік құқықтық актілерді қолданып, аймақтық экономиканы мемлекеттік реттейді, жер ресурстары мен энергия көздерін тиімді пайдаланып, мемлекеттік органдардың, бизнестің және үкіметтік емес ұйымдардың қызметін жоспарлайды(ОН10);

- әртүрлі инновациялық әдістерді қолданып,  қазіргі заманғы мемлекеттік реттеу мен қоғамның тұрақты дамуын қатамасыз етуге бағытталған  ғылыми зерттеулер жүргізеді (ОН11).