Хабарландырулар

shape
shape

Бағдарлама нәтижелері

- Алынған теориялық білімдерін ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарында қолдана отырып, ғылым тарихы мен философиясы дамуының негізгі мәселелері мен қазіргі даму тенденцияларын талдайды (ОН1).

- Кәсіби қызметінде шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас орнату дағдыларын қолданады  (ОН2).

- Педагогикалық такт және этика ережелерін сақтап, кәсіби саладағы көшбасшылық және басшылық іс-әрекеттері мен дағдыларын көрсете отырып, ЖОО-да білім беру іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады (ОН3).

- Кәсіби саласында қолданылатын эмпирикалық зерттеу әдістері мен дағдыларының ерекшеліктерін жүйелі түрде түсініп, ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданады (ОН4).

- Халықаралық ғылыми дерекқор базасының өнімдерін қолданып, ғылыми этикаға сай,  академиялық адалдықтың қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде ғылыми еңбектер дайындайды (ОН5).

- Мемлекеттік басқару заңдылықтарын және олардың көріну нысандарын, қазіргі әлемде болып жатқан жаһандану процестерін біле отырып, мемлекеттік  басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми  зерттеулер жүргізуге қабілетті (ОН6).

- Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және басқару жүйесін дамытудың экономикалық талдау әдістерін, заңдар мен адам құқығын оқып үйренуге қабілетті (ОН7).

- Мемлекеттік басқару саласында ұсыныстар мен сипаттамаларды тұжырымдай отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен жаһандану дәуіріндегі жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға қабілетті (ОН8).

- Мемлекеттік және жергілікті басқарудың негізгі үрдістерін зерттей отырып, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында  кәсіби қызметті жүзеге асыруға қабілетті (ОН9).