shape
shape

Жетістіктер

Жетістіктер

Кафедраның ғылыми потенциалының  пайыздық көрсеткіші – 62%. Университтет 2021-2022 оқу жылының рейтингісі бойынша кафедрамыздың меңгерушісі, техн.ғ.к. Ғ.И.Исаев, техн.ғ.к., доцент И.О.Айымбетова, PhD доктор Н.Н.Салыбекова, техн.ғ.к., Э.К.Ибрагимова, техн.ғ.к., Г.Ж.Турметова, магистр Б.З.Умировтар ай сайынғы ынталы үстемақыға иеленді. 2022-2023 оқу жылында ҚР БжҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынатын тізімі бойынша ғылыми журналдарда 15 мақала, әлемдік рейтингтік ғылыми журналдарда  (Thomson Reuters, Scopus, Elsevier) — 7 мақала, Халықаралық ғылыми конгрестер, симпозиумдар, конференцияларға-70 жуық мақала жарияланды. Кафедра ұжымы 2019-2023 жылдың қаңтар айынан бастап PhD Н.Н.Салыбекованың жетекшілігімен (техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.И.Исаев, PhD Б.Б.Тойжигитова, аға оқытушы Б.Ю.Юсупов) «Ускоренное выращивание адаптивного и стрессоустойчивого посадочного материала декоративных культур для субаридных условий юга Казахстана на базе Ботанического сада Международного казахско-турецкого университета им. А.Ясави» тақырыбындағы 282 млн теңгені құрайтын коммерциализациялау жобасы университеттің Ботаникалық бағымен жобаның қаржысына құрылған «Биотехнология»   зертханасында орындалып, сәтті аяқталды.

Техн.ғ.к., доцент Аймбетова Индира Оразгалиқызының жетекшілігімен Гранттық қаржыландыру үшін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық бойынша 2020-2022 жылдарға арналған AP08957668 «Түркістан облысының өндірістік қалдықтарынан жылу оқшаулағыш материалдың жаңа құрамы» тақырыптағы 5 млн құрайтын жас ғалымдарға арналған жоба сәтті аяқталды. Сонымен қатар 2021-2023 жылдарға арналған «Smart-шыныларды өндіру үшін Өнеркәсіп қалдықтарынан алынған ванадий оксидтері негізінде термохромды энергия тиімді толтырғыштардың құрамын зерттеу және әзірлеу» тақырыбындағы 51 млн құрайтын жоба техн.ғ.к., доцент Аймбетова Индира Оразгалиқызы жетекшілік жасауда (орындаушы техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.И.Исаев, магистр Б.З.Умиров) сәтті аяқталды.

2022-2024 жылдарға арналған АР14871864 «Қазақстандық мұғалімдердің көп сауатты моделін әзірлеу және биологиялық білім беру үрдісінде пәндік тілді кіріктірілген оқыту әдістемесімен білім беру үлгілерін стратегиялық түрлендіру» тақырыбындағы 37 млн құрайтын жобаға техн.ғ.к., доцент м.а. Исаев Ғани Исаұлы жетекшілік жасауда (орындаушы техн.ғ.к., доцент И.О.Аймбетова, PhD, доцент м.а. Н.Н.Салыбекова, техн.ғ.к., доцент м.а. Э.К.Ибрагимова, магистр Б.З.Умиров, А.И.Әзімбай, Т.М.Кәрімжан, Е.Н.Балтабай).

2022-2024 жылдарға арналған «Қазақстанда қызғалдақтың бастапқы материалдар коллекциясын жасау, эксклюзивті түрлері мен сорттарын көбейту мен өсірудің инновациялық технологиясын әзірлеп қолданысқа енгізу» тақырыбындағы 77 млн құрайтын жобаға PhD, доцент м.а. Н.Н.Салыбекова жетекшілік жасауда (орындаушы техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.И.Исаев техн.ғ.к., доцент м.а. Г.Ж.Турметова, магистр А.Е.Сержанова).

2022-2025 №AP15573823 «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ботаникалық бағының бағалы гендік қорын сақтау» тақырыбындағы 300 млн құрайтын жобаға а/ш.ғ.к., Ерденов Мұрат Тәжібайұлы жетекшілік жасауда (орындаушы PhD, доцент м.а. Н.Н.Салыбекова, техн.ғк., доцент м.а. Ғ.И.Исаев).

Мамандықтың оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамы штат бірліктерінің жалпы саны – 29. Оның ішінде 3 ғылым докторы, 3 доцент, 5 PhD, 12 ғылым кандидаты, доцент м.а., 4 аға оқытушы, 6 оқытушы және 5 ЖОО үздік оқытушысы грантының иегерлері (Исаев Ғ.И.-2018ж, Салыбекова Н.Н.-2019ж, Айымбетова И.О.-2020ж, Ибрагимова Э.Қ.-2022ж, Умиров Б.З.-2022ж.), 2019-2020  оқу жылында техн.ғ.к., доцент м.а. Ғ.И.Исаев Қызғызстан Республикасының Бішкек қаласындағы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде 2 апта ғылыми тағлымдамадан өтіп, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша дәріс оқыса, Францияның, Сорбонна университетінде екі апталық тағлымдамадан өтті. 2020-2021 оқу жылында кафедраның үш үздік оқытушысы Ғ.И.Исаев, Н.Н.Салыбекова, И.О.Айымбетовалар Түркия Республикасы, Анкара қаласындағы Гази университетінің педагогикалық ғылымдар институтында екі апталық ғылыми тағлымдамадан өткен. Аталған мамандықтардың міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi. Студенттер мен магистранттарды оқу-дала тәжірибесінен өткізу мақсатында негізгі база ретінде  «Ботаникалық бақ», «Виварии», Гүлзар, Түлкібас ауданындағы Машат шатқалы мен Қаратау  қорығы пайдаланылуда. Студенттерді педагогикалық іс-тәжірибеден өткізу мақсатында Түркістан қаласындағы 20 жалпы орта мектептермен өзара келісім-шарттар жасалса, 3 жоғары оқу орнымен магистраттар үшін келісім-шарттар жасалды. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген блок тапсырмалары, сынақ, емтиханбилеттерi бар. Тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ тапсырмалары талапқа сай әзірленген.  Италия мемлекетіне, Руфина қаласында өткен, «The MATSDA/Bilingual International School Conference/Materials for testing» 2023 жылғы жоспарланған оқыту семинары көшпелі конференцияға Аймбетова И.О. Исаев Ғ.И. барды.