Пәндік олимпиаданың жеңімпаздары
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің XVII Республикалық пәндік олимпиадасына B050-Биология бағыты бойынша Жаратылыстану ғылымдары факультеті Биология кафедрасының 6В05146-Биология білім беру бағдарламасының студенттері командалық есеп бойынша I-орынға ие болды.
Команда жетекшісі - б.ғ.к., доцент м.а. Абдраимова Құралай Тастанбековна,
Сондай-ақ ұйымдастыруға белсене атсалысқан кафедра менгерушісі Исаев Ғани Исаұлына және студенттерге сабақ берген барша оқытушыларға алғысымызды білдіреміз!
Сіздерді шын жүректен женістеріңізбен құттықтаймыз!
Жетістіктеріңіз мол, жеңісті күндеріңіз көп болсын!
«ҚАЗІРГІ БИОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ: БИОӘРТҮРЛІЛІКТІ САҚТАУ, ЭКОЛОГИЯ, МИКРОБИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ»
26-27 наурыз күндері Биология кафедрасы / «Ботаникалық бақ» ғылыми-зерттеу институты тарапынан «АГРОБИОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ӨЗЕКТІ БАҒЫТТАРЫ МЕН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕРІ» тақырыбындағы Халықаралық ғылыми - теориялық конференциясы ұйымдастырылып отыр. 