Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп базасында Физика пәні мұғалімдеріне арналған «Критериалды бағалау:теория мен практика» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті мен Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» бірлесе отырып 28 ақпан күні Түркістан қаласы Б.Момышұлы атындағы №22 жалпы білім беретін мектеп базасында Физика пәні мұғалімдеріне арналған «Критериалды бағалау:теория мен практика» тақырыбында облыстық тәжірибелік семинар өтті. Семинар тақырыбы бойынша Жаратылыстану ғылымдары Физика кафедрасының аға оқытушы, х.ғ.к. М.К. Туйебаев баяндама жасады. Баяндамшы Критериалды бағалаудың оқу процесінде ерекше алатын орны және физика пәнінің практикалық, зертханалық және білімгерлердің өзінідік жұмыстарына критерилерді қалай құрылатындығы туралы мысалдар келтіре отырып өз тәжірибесімен бөлісті. Семинарға 17 ауданнан келген ұстаздар алған теориялық білімін топтық жұмыс жасай отырып тәжірибе жүзінде бекітті. Семинар модераторы «Білім беруді дамыту орталығының» физика пәні әдіскері Г.Б.Ошаева болды.