shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Биология  кафедрасы терең білімді, іскерлік дағдысы қалыптасқан, жоғары білікті маман дайындайтын университет құрылымдарының бірі. Биология мамандығы алдымен Кентау қаласында орналасқан «Жалпы биология және биологиялық экология» кафедрасының құрамында  болды. 2005-2006 оқу жылынан бастап «Биология кафедрасы» Түркістан қаласында өз алдына кафедра болып қалыптасты. 2005-2006 оқу жылында б.ғ.д., профессор А.Б.Абжалелов, 2006-2007 оқу жылы х.ғ.к., доцент А.К.Кабдрахимова, 2007-2015 жж. б.ғ.к., З.С.Ажибаева, 2015-2016 оқу жылы а/ш.ғ.к. доцент м.а. М.Т.Ерденов, 2016-2017 оқу жылы б.ғ.к., доцент м.а. А.М.Бостанова басқарса, 2017-2018 оқу жылынан бүгінгі таңға дейін техн.ғ.к., ҚазҰЖҒА корреспондент-мүшесі, доцент м.а. Ғ.И.Исаев басшылық жасауда. Студенттердің республикалық пәндік олимпиадасында 2018-2019 оқу жылында 6В01513-биология білім беру бағдарламасының  студенттері ІІ орынды, 6В05146-биология білім беру бағдарламасының студенттері ІІІ орынды иеленсе, 2022-2023 оқу жылында 6В01513-биология білім беру бағдарламасының  студенттері ІІІ орынды, 6В05146-биология білім беру бағдарламасымен 6В05169-Биотехнология білім беру бағдарламасы студенттері ІІІ орынды иеленді.  Бүгінде кафедрада 2 ғылым докторы, 3 доцент, 12 ғылым кандидаттары,   5  PhD докторы, 4 аға оқытушы, 7 магистр оқытушы қызмет атқарады.

Биология мамандығын бiтiрген түлектер жалпы орта білім беретін оқу-тәрбиелік ұжымдар мен ұйымдарда, кәсіби-техникалық білім беретін орындарда, орта арнайы білім беретін мектептен тыс мекемелерде және қосымша білім мен тәрбие беретін ұйымдарда биология немесе экология (таңдау компоненті бойынша таңдаған мамандану пәніне орай мұғалімі, лаборант, инженер кіші ғылыми қызметкер, әкімшілік жұмыскері, оқу ісі жөнінде орынбасар, директорға үйірме жетекшісі қызметтерін атқаруда). Оқу үдерісі барысында шет тілдерін меңгеруге, сапалы білім беруге, өзге ұйымдармен тығыз байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлінген.

Биология кафедрасында «Ғажайып табиғат»  клубы  жұмыс істеп келеді. Бөлме гүлдерінің, аквариуим балықтарының түрлерін көбейту, университетті гүлдермен безендендіру жұмыстарына атсалысу және  студент жастарды ғажайып табиғатпен жақындастыру. Сонымен қатар «Биология» кафедрасының білімгерлері «Ботаникалық бақ» оқу-өндірістік кешенінде өсімдік түрлерінің систематикалық талдау жұмыстарын жүргізсе, бақта орналасқан жылыжайда сәндік ағаштарды қалемшеден өсіру мен тұқымнан өндіру жұмыстарын жасап ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыруда. Бүгінде кафедрада 603 білімгер 5 білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда.

Бізді бітірген түлектерді мақтаныш етеміз: Исаев Ғани Исаұлы-«ЖОО-ның үздік оқытушысы 2018» грантының иегері, 1 гранттық жобаның жетекшісі, 4 гранттық жобаның орындаушысы ғылым кандидаты, Биология кафедрасының меңгерушісі, Салыбекова Нұрдана Нұртайқызы - «ЖОО-ның үздік оқытушысы 2019» грантының иегері, 1 гранттық жобаның жетекшісі, 2 гранттық жобаның орындаушысы, PhD. Саржанов Фахриддин Нұрмаханбетович профилактикалық медицина кафедрасының аға оқытушысы PhD.