Хабарландырулар

shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

«Экология және химия» кафедрасы 2007 жылы Сенат мәжілісінің №5 шешімі негізінде «Жалпы химия және химиялық экология» кафедрасы мен «Өндірістік экология» кафедрасының бірігуі нәтижесінде қайта құрылды.

Кафедраның мақсаты — Халықаралық дәрежедегі білім ордасында қазіргі заманның талабына сай сапалы білім және саналы тәрбие беру, егеменді еліміздің дамуына үлес қосатын білімді азамат, білікті мамандар дайындау. 

Қазіргі таңда кафедарының ғылыми әлеуетінің пайыздық көрсеткіші: 62%-ды құрайды, оның ішінде ғылым докторлары – 3,4%, PhD доктор – 17,2%, ғылым кандидаттары – 41,4%. Кафедрада ЖОО үздік оқытушысы атағы бар 5 үздік оқытушы қызмет атқарады: х.ғ.к., доцент Алтынбекова М.О. (2009), техн.ғ.к., техн.ғ.д., профессор Ақбасова А.Ж. (2012), х.ғ.к., профессор Нұрділлаева Р.Н. (2013), техн.ғ.к., ХҚТУ профессоры Жылысбаева Г.Н. (2016), х.ғ.к., доцент Мамырбекова А.К. (2019). Сонымен қатар, «Экология және химия» кафедрасының профессоры, х.ғ.к. Р.Н.Нұрділлаева ҚР Президентінің «Болашақ» стипендиясының иегері атанып, Ньюкасл университетінде (Newcastle University, Ұлыбритания) 2017 жылы «Химия» мамандығы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп келді. Сондай-ақ профессор Р.Н.Нұрділлаева 2023-2024 оқу жылында «Болашақ»  халықаралық стипендиясы шеңберінде АҚШ, Лауренс Беркли Ұлттық зертханасында тағылымдамадан өтті.

Білім беру бағдарламасының оқу жоспарларындағы жеке пәндер блогы бойынша жұмыспен қамтылған оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 29. Оның ішінде 1 ғылым докторы, профессор; 1ғылым кандидаты, профессор; 7 ғылым кандидаты, доцент, 10 ғылым кандидаты, доцент м.а., аға оқытушы; 5 PhD докторы, 3 ғылым магистрі және сонымен қатар, практик-мамандар қызмет атқарады.

Кафедрада 5 бакалавр, 3 магистратура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар дайындалынады. ҚР «АТАМЕКЕН» ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2023 жылғы рейтингісінде 6В01512-Химия білім беру бағдарламасы 4/12-ші орынға иеленсе, 6В01562- Химия-биология білім беру бағдарламасы 5/16ы орынға қол жеткізді.

Кафедраның білікті және тәжірибелі ОПҚ 6B01512-Химия, 6B01562-Химия-биология, 6В05247-Экология, 6В01514-География, 7M01535-Химия, 7М05324-Химия, 7М05223-Экология білім беру бағдарламалары бойынша дәріс, лабораториялық және практикалық сабақтарды жүргізеді. Білімгерлер талапқа сай, қажетті құралдармен жабдықталған оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларында, дәріс аудиторияларында ҚР БҒМ Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес химиялық және экологиялық пәндерден дәріс алады.