Кафедраның жетістіктері

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО-ның үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері:
- « ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2009» — тех.ғ.к., аға оқытушы Шалбаев Бақытжан
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2010» — ф.-м.ғ.д., профессор Бахтибаев Абдухаир
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2011» — п.ғ.д., доцент Байзак Усен
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2017» — «Физика» кафедрасының меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор Тұрмамбеков Төребай Абдрахманұлы
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2017» — п.ғ.к., доцент м.а. Сарыбаева Әлия Хожанқызы.
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2020» - PhD, аға оқытушы Раманкулов Шерзод Жумадуллаевич
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2023» - аға оқытушы, кафедра меңгерушісі Сейтов Бекболат Жуманович
- «ЖОО-ның үздік оқытушысы — 2024» - PhD, профессор, Курбанбеков Шерзод Рустамбекович
Физикадан жоғары жетістік – Бірінші орын біздің студенттерде!
2025 жылдың 22 сәуірінде Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «6В053 - Физика» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер арасында өткізілген XVII Республикалық пәндік олимпиадада білім алушыларымыз жекелей және командалық сында бірінші орынды жеңіп алды.
Қазақстанның бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан білім сайысында 2 курс студенті Сулейменов Алишер күрделі физикалық есептерді шеберлікпен шешіп 1-орынды иеленсе, 3 курс студенті Абдужаппаров Шукур 2-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, 3 курс студенті Патчаханов Дияр нағыз алғырлық пен кәсіби даярлықтың үлгісін көрсетіп, жалпы командалық есепте де біздің студенттеріміз топ жарды.
Ғылыми жетекшілік жасаған физика кафедрасының қауымдастырылған профессоры Раманкулов Шерзод бастаған командадағы әр студент өз жауапкершілігін сезіне отырып, команданың ортақ мақсатына жету жолында белсенділік танытты.
Бұл жеңістің нәтижесінде келесі физика пәні бойынша олимпиаданы біздің университетіміздің қабырғасында өткізу мүмкіндігі беріледі. Алдағы олимпиаданы ұйымдастыру – біз үшін студенттер арасындағы ғылым мен білімді дәріптеу жолындағы маңызды қадамдарымыздың бірі болады деп сенеміз.
Бірлік пен білімнің арқасында алда да биік белестерді бірге бағындырамыз!
2018-2021 оқу жылында Республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орынға ие болған студенттер:
- Манжан Ақжайсан — 5В060400 Физика мамандығы бойынша ІІІ орын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы (Алматы, жетекші доцент м.а., PhD Ш.Ж.Раманкулов)
- Камбарбеков Сардор -5В060400 Физика мамандығы бойынша ІІІ орын, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ХІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадасы (Алматы, жетекші доцент м.а., PhD Ш.Ж.Раманкулов)
- Пернебаев Әлімхан – 6В05348 Физика мамандығы бойынша алғыс хат, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының “Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” КММ – да өткен 6-11 сынып оқушылары арасында өткен “Ясауитану-2021” байқауының облыстық кезеңінде белсене қатысып, білікі маман ретінде атқарған еңбегіңіз үшін.
- 2021-2022 оқу жылында Ш.Ж. Раманкуловтың жетекшілігімен бойынша ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ университетінде өткен ХІV Республикалық пәндік олимпиададасының ІІ кезеңінде Физика 6В05348 БББ-студенттері II орын алған Перне Нұрбақ. III орын алған Жетібайқызы Нұрай жүлделі орындармен марапатталды.
2022-2023 оқу жылында И.Б. Усембаеваның жетекшілігімен жыл сайынғы физика пәні бойынша ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ университетінде өткен олимпиадада III орын алған Физика 6В05348 БББ-студенттері Абдуразаков Хожахмед пен Мамаджанов Данияр жүлделі орындармен марапатталды. - Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің олимпиадасында 6В05348 Білім беру бағдарламасының студенті Пернебаев Әлімхан ХV Республикалық пәндік олипиадасының ІІ кезеңінде жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Жетекшісі PhD аға оқытушы Б.Ж. Сейтов.
- Розиматов Рахматулла және Сейдолла Аблайхан – 6В01510 — Физика мамандығы студенттері Астана қаласындағы Республикалық «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығында өткен «Сен ғылымға болсаң ынтық» атты республикалық байқауына қатысып жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ғылыми жетекшісі PhD аға оқытушы Нұрдәулет Шектібаев.
Жобалар
Жоба жетекшісі доцент Ш.Ж. Раманкулов
2024-2026 жж AP22784343 ««Мектеп-Университет-Өнеркәсіп» серіктестігі жағдайында пәнаралық STEM білім беру моделінің сабақтастығын іске асыру».
Жоба жетекшісі PhD аға оқытушы Б.А, Құрбанбеков
2024-2026 жж AP22787500 «Болашақ физика мұғалімдері үшін физикалық эксперименттерді (VR) виртуальды шындық технологиясы арқылы ұйымдастырудың әдістемесін дамыту».
Жоба жетекшісі PhD аға оқытушы Б.А, Құрбанбеков
2024-2026 жж AP23488947 «Күн энергетикасы саласында STEM жобаларды іске асыру негізінде студенттердің зерттеушілік және инженерлік іс-әрекеттерін дамыту».
Сабақ кестесі 