shape
shape

Тарих және жалпы ақпарат

Тарих және жалпы ақпарат

Физика кафедрасы – ХХІ ғасыр талабына сай, бәсекеге қабілетті, жан-жақты, креативті ойлау қабілеті жоғары дамыған, физика ғылымын терең меңгерген және іс жүзінде теориялық білімдерін қолдана алатын, өз ісінің шебері, кәсіби маман даярлайтын университетіміздің құрылымы болып табылады. Кафедраның мақсаты- халықаралық стандарттар деңгейіне сәйкес келетін, қазіргі заманғы еңбек нарығы сұранысына жауап беретін білімді студенттердің белсенді меңгеруіне жағдайлар жасау және өнімді – сапалы негізде оқу үрдісін ұйымдастыру. «Физика» кафедрасының негізі 2004 жылы наурыздың 1-ші жұлдызында қаланды. Кафедраның ғылыми дәрежесінің пайыздық көрсеткіші – 68,4 % құрайды. 2020 жылдан бастап кафедра меңгерушісі қызметіне PhD, аға оқытушы Б.Ж.Сейтов тағайындалды.

Білім беру бағдарламаларының оқу жоспарларындағы базалық және кәсіптік пәндер бойынша жұмыспен қамтылған (еңбек келісім-шарттарын жасасқан) оқытушы-профессорлар құрамының штат бірліктерінің жалпы саны – 19. Оның ішінде, физика және математика мамандықтары бойынша 1- ғылым докторлары, профессорлар, 6-ғылым кандидаттары, доценттер, 6- РhD, 6 – магистр. Аталған білім беру бағдарламаларының міндетті курстарын кафедраның тәжiрибелi, бiлiктiлiгi жоғары оқытушылары жүргiзедi және элективті курстардың тақырыптары қазiргi заманғы білім, физика ғылымы мен техниканың соңғы жетiстiктерiне жұмыс берушінің ұсыныстарын негiздей отырып таңдап алынған. Міндетті және таңдаулы пәндер бойынша кафедра мәжiлiсiнде талқыланып, бекiтiлген блок тапсырмалары, сынақ, емтихан билеттерi бар, тест сұрақтары мен СӨЖ және ОБСӨЖ сапасы мен ұйымдастырылуы тиiстi назарда.