shape
shape

Жетістіктер

Кафедраның жетістіктері

2021-2022 оқу жылында Математика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Мейірхан Батырханұлы Бөріханов "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанып, 01.04.2021-31.03.2022 ж. аралығында Бельгияның Ghent университетінде тағылымдамадан өтті. 2023-2024 оқу жылында Математика кафедрасының аға оқытушысы, PhD Тұрғанбаева Жаннұр Нұртайқызы "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегері атанып, 20.11.2023 - 20.11.2024 ж. аралығында George Washington University университетінде "ғалымдар" санаты бойынша тағылымдамадан өтуде.

2022-2023 оқу жылында доцент М. Д. Қошанова Самарқанд экономика және сервис институтында жақын шет елдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде тәжірибе алмасты.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми әлеуеті өте жоғары. "Математика" кафедрасының оқытушылары соңғы 5 жылда: 3 монография, 5 оқу және оқу-әдістемелік құрал, 80 ғылыми мақала және тезис, оның ішінде импакт-факторы бар – 61 ғылыми мақала (Thomson Reuters базасында - 22, Scopus - 39) жарияланды. Кафедра оқытушылары алыс және жақын шетел ғалымдарымен A. S. Erdogan, S. Kerbal, S. Umarov (АҚШ), A. Cabada (Испания), M. Kirane (Франция) атты профессорларымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

2019-2020 оқу жылында "Математика" кафедрасының оқытушысы И. М. Омарова докторлық диссертациясын сәтті қорғап, PhD академиялық дәрежесін алды.  Математика кафедрасының 6D010900 - Математика білім беру бағдарламасы бойынша  2017-2020 оқу жылында оқыған докторанттар  Тұрғанбаева Жаннұр Нұртайқызы (01.07.2022) және Еркишева Жазира Сабырқызы (22.12.2022), Сапаков Дінмұхамбет Абдулайұлы (23.12.2022)  8D015 – дайындық бағыты бойынша философия докторы диссертациялық кеңесінде диссертацияларын сәтті қорғап, еңбек жолын кафедрада жалғастыруда.

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Б.Сәрсенов, И. Омарова Coursera-да ұсынылған the Hong Kong University of Science and Technology университетінен онлайн курстардан өтті.

2023 жылғы 20-23 қыркүйекте Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ, Түркістан қ.) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен Түркі әлемінің математикалық қоғамы (Turkic World

Mathematical Society, TWMS) бастамасымен Түркі әлемі математиктерінің VII Дүниежүзілік Конгресі (TWMS Congress-2023) өтті.

6В05449-Математика білім беру бағдарламасының студенттері 2021 жылғы Республикалық Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары байқауында І орын Маматжанов Шукуржан Нематжанұлы (жетекшісі: профессор Б.Турметов), жүлделі ІІ орын Сапиев Бекзат Сапидуллаұлы мен Марипов Тохир Шухратұлы (жетекшісі: профессор М.Султанов) иеленіп, ҚР білім және ғылым вице-министрінің дипломдарымен марапатталды.