shape
shape

Бағдарламалар

Жаратылыстану ғылымдары факультеті / Математика кафедрасы / Бакалавриат

6B01521 - Информатика (Педагогикалық ғылымдар)

Course Image Жаратылыстану ғылымдары факультеті Математика кафедрасы

Заманауи құралдарды, компьютерлік графика технологияларын пайдалана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгерген;
Компьютердің негізгі архитектуралық тұжырымдамаларымен жұмыс істеу, желілік қауіпсіздікті ұйымдастыру, робототехникалық жүйелерді жобалау және әзірлеу қабілетін көрсету дағдылары ие
Цифрлық технологияларды, интерактивті қосымшаларды (желілік, ұялы, бұлттық) пайдалана отырып, кәсіби қызметтің стандартты тапсырмаларын шешеді;
Мультимедиялық және виртуалды білім беру ресурстарын жобалауда цифрлық технологияларды қолдана алады.
 

Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау (Информатика) бағыты бойынша оқуға түсушілер үшін талапкердің жалпы орта (толық) білімі немесе орта арнаулы кәсіптік білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаты және Ұлттық бірыңғай тесті тапсырып шекті балды жинаған қорытындысы болуы қажет. Шетелден келетін талапкерлер ақылы негізде оқитын жағдайда сұхбат арқылы қабылданады (тілдік дайындықтан және білім берудің міндетті деңгейін меңгеру үшін), Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26 қаңтардағы № 29 бұйрығымен өзгеріс енгізілген).

6B01521 – «Информатика IP» білім беру бағдарламасы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.
Мұғалім. Орта мектеп мұғалімі
Мұғалім. Колледж мұғалімі.
Білім берудегі менеджер.